Кімдерге ақша берілді? Избранное

Пятница, 13 Ноябрь 2020 04:41 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2260 раз

 DSC0130

Сұрақ: ГҮЛБИНА, қала тұрғыны:

– Мен «Жедел жәрдем» қызметінде диспетчер болып қызмет атқарамын. Былайша айтқанда «вызов» қабылдаушымын. Кешегі карантин уақытында медицина саласының қызметкерлеріне мемлекет тарапынан арнайы үстемеақы төленіп жатты. Сондай қосымша ақы «Жедел жәрдем» қызметіндегілерге де тиесілі ме? Соны білгім келеді...

Жауап:
Бақытжан ПОЗИЛОВ,
Шымкент қаласы
денсаулық сақтау
басқармасының
басшысы:

– COVID-19 коронавирусын жұқтырудың тәуекел топтары мынадай болып бөлінеді: 1) 1 (бірінші) тәуекел тобы (өте жоғары);
2) 2 (екінші) тәуекел тобы (жоғары);
3) 3 (үшінші) тәуекел тобы (орташа).
1 (бірінші) тәуекел тобына COVID-19 коронавирусы бар пациенттерге медициналық көмек көрсету үшін анықталған реанимация бөлімшелері мен басқа да стационарларды қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері жатады. Осы тәуекел тобы бойынша үстемеақы мөлшері бір жұмыскерге республикалық бюджет туралы заңында айтылғандай, қаржы жылына белгіленген айлық
жалақының 20 еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайтын мөлшерде беріледі.
Ал, 2 (екінші) тәуекел тобына: провизорлық стационарлардың, провизорлық бөлімшелердің дәрігерлері, орта және кіші медициналық персоналы; жедел медициналық жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлері, оның ішінде амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында, (санитариялық авиацияның дәрігерлері мен орта медициналық персоналы тартылған жағдайда) шұғыл ден қою бригадаларының және апаттар медицинасы орталығы бригадасының дәрігерлері мен орта медицина персоналы (тартылған жағдайда), мобильді бригадалардың дәрігерлері мен орта медицина персоналы жатады.
Сонымен бірге COVID-19 коронавирусы бар, СOVID-19 коронавирустық инфекциясын жоққа шығармайтын клиникалық және эпидемиологиялық белгілер бойынша вирустық пневмониясы (COVID-19 коронавирустық инфекциясының ықтимал жағдайы) (бұдан әрі – вирустық пневмония) бары тіркелген контингент қатарынан стационарлық жағдайда пациенттерге медициналық көмек көрсететін орталық атқарушы органдардың және басқа да орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінің дәрігерлері, орта және кіші медициналық персоналы жатады.
Осы тәуекел тобына берілетін үстемеақы мөлшері бір жұмыскерге республикалық бюджет туралы заңда көрсетілгендей, биылғы айлық жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспайды.
Енді 3 (үшінші) тәуекел тобына келетін болсақ, бұл топқа карантиндік стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина персоналы; жедел медициналық жәрдем бригадаларының жүргізушілері, оның ішінде амбулаториялық жағдайда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында, шұғыл ден қою бригадаларының және Апаттар медицинасы орталығы бригадасының жүргізушілері мен қызметкерлері (олар тартылған жағдайда), мобильді бригадалардың жүргізушілері, зертханалардың, оның ішінде вирусологиялық зертханалардың мамандары, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері жатады. Оларға төленетін үстемақы жалақының 5 еселенген мөлшерінен аспайды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.