МӘМС-тің мәні мен маңызы

Четверг, 10 Декабрь 2020 04:01 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2302 раз

Қазақстанда 2020 жылдан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) енгізіліп, жұмыс істеп келеді. МӘМС жүйесінің негізгі мақсаты – емдеу мекемелеріндегі медициналық қызметтің қолжетімділігін, тұрғындарға уақтылы сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Осыған орай еліміздегі барлық медициналық мекеме МӘМС қорымен бірге жұмыс істеп келеді.

Солардың бірі – Шымкент қалалық №4 емхана. Біздің емханамызға қазіргі таңда жалпы 40 850 адам тіркелген. 2020 жылғы 11 айдың көрсеткішіне тоқталсақ, осы уақыт аралығында емханаға 197 919 адам келіп, дәрігерлер көмегіне жүгінді. Жыл басынан бері емханалық-амбулаториялық көмек алғандар саны 291 011 адамды құрайды. Оның ішінде МӘМС аясында көрсетілген қызмет көлемі ауқымды. Атап айтқанда 79 543 адамға МӘМС қоры аясында медициналық қызмет көрсетілді.

 

Bekturganov

 

Әл-Фараби ауданының тұрғындарына қалалық №4 емханада қазіргі таңда жалпы 77 дәрігер қызмет көрсетуде, оның ішінде 21 жалпы тәжірибелі учаскелік дәрігер болса, 11 педиатр, 5 гинеколог маман бар. Бұған қоса бейінді мамандар мен 150 медбике қызмет етеді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісім-шарт біздің емхана бойынша 891 млн 321 мың теңгені құрайды, оның ішінде МӘМС бойынша – 186 млн 689 мың теңге.

МӘМС бойынша бөлінген қаражат сомасы кеңестік-диагностикалық қызметтерге, лабораториялық қызметтерге, түрлі емдік шаралар сияқты көмек түрлерін көрсетуе жұмсалған.

 

poliklinika

 

Тұрғындарға сапалы қызмет көрсету үшін, сонымен қатар, емханамызда 20 төсек-орынды күндізгі стационар жұмыс істеп тұр. Онда жыл басынан бергі 10 айда 569 науқас ем қабылдаған. Оның ішінде 342 науқас МӘМС бойынша ем қабылдаған. Бұл 3604 төсек-орын күнін құрайды.

Емханамызда ем-дом шараларын алған тұрғындар дәрігерлерге алғыс айтуда. Олар өздеріне күтім жасап, емдеген медицина мамандарының қызметіне разы. Солардың бірі – қаламыздың тұрғыны Алтаева Жанар Бейсенқызы.

– Мен қалалық №4 емхана тіркелгенмін. Жеке кәсіпкерлікпен айналысамын. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ай сайын жарна аударып жүрмін. Қазіргі таңда сол МӘМС жүйесінің көмегімен қалалық №4 емхананың күндізгі бөлімінде ем қабылдап жатырмын. Денсаулығым жақсарып қалды. Барлық медициналық қызмет маған уақтылы көрсетілуде. Медициналық сақтандыру қорына және осы емхана қызметкерлерімен басшылығына алғыс айтамын, - дейді Жанар Алтаева.

Сондықтан, мемлекет тарапынан жарна аударылатын 15 санаттан басқа азаматтар өз денсаулығын ойлап, МӘМС жүйесінде сақтандырылуды ұмытпағаны жөн.

 

Бектұрғанов Рамазан Сейдахметұлы,

Шымкент қалалық №4 емхананың бас дәрігері,

Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

Последнее изменение Пятница, 11 Декабрь 2020 06:10
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.