Емханадағы QR код уақытты үнемдейді Избранное

Среда, 23 Декабрь 2020 04:22 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 5040 раз

132023171 2713887178924231 5052407248459988869 o

Шымкентте 33 мемлекеттік медициналық мекемеде QR код жүйесі іске қосылды.

Жаңа технология арқылы дәрігерлер жайлы деректер, жұмыс кестесі, еңбек өтілі және науқастардың пікірлерін білуге мүмкіндік бар. Бұл бағдарлама уақытты үнемдеуге, қашықтан құжат алмасуға, жұмысты автоматтандыруға септігін тигізеді.
QR код қосымшасы арқылы науқастар дәрігердің қабылдауына жазылып, медицина маманын үйіне шақыруына болады. Ең маңыздысы – ұсыныстар, арыз-шағым мен талаптар қалдыруға да жағдай жасалған.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, жаңа жобаны әр медициналық мекемеде іске қосу жоспарланып отыр. Сонымен бірге, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, пилоттық жоба ретінде қалалық №5 және №3 емхана 2021 жылдың басынан бастап «Ақылды емхана» жүйесіне көшеді.

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.