Асыл бастаудың асыл суы Избранное

Среда, 23 Декабрь 2020 04:24 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 9640 раз

Без имени-1

Қасиетті қарт Қазығұрт тауының аңғарынан, 350 метр тереңдіктен қазылған артезиан бастауынан асыл су шығарылды. «Асыл су» деп атаумыздың себебі, судың сапасы Қазақ тағамтану академиясының лабораториялық зерттеулерінің қорытындысы бойынша химиялық құрамы көрсеткіші жағынан, Қазақстандағы өндірілетін ауыз-сулардың сапасымен салыстырғанда, ең жоғары сападағы ауыз су екені анықталды. Сондықтан «АСЫЛ-бастау.kz» ЖШС мекемесі осы өндірілген суға халықаралық тілде «AGUA THE BEST» атауын берді және «Асыл бастау» деп те атады.

Судың сауда-саттыққа алғаш шығарылуына байланысты, халықтың әл-ауқат жағдайын ескере отырып, сапасы жоғары дәрежеде болса да, сатылу бағасы ыдыс мөлшеріне қарай төмен бағада қойылып отыр.
Бүгінде әлем халықтары, оның ішінде Қазақстан халқы да ауыз су тапшылығын көріп отыр. Алдағы уақытта ауыз су тапшылығының арта түсетінін әлем ғалымдары дәлелдеп, бұл проблеманы шешу жолдарын қарастыруда. Алысқа бармай-ақ, тау жағалаған аудандар болмаса, облыстың оңтүстік аймағындағы аудандардың халқы және де басқа шөл-шөлейтті, құрғақшылығы мол, табиғаты сусыз өңірлер су тапшылығының зардабын көріп отыр. Халықтың әл-ауқат жағдайы әлемді шарлаған жұқпалы аурудың кесірінен төмендеп кетті. Осындай қиындық кезде халыққа қайырымдылық көрсету мақсатында туған жерден ауыз су шығарып, арзан бағада халыққа таратуды жөн деп таптық.
Адам баласы қандай қиындық болса да көзін тауып, жұмыс жүргізсе, қиындықты жеңуге болады. Халық бұл індетті де жеңеді, тұрмыс та түзеледі, ынтымақ бірлігіміз болса, кездескен кедергілерді жеңеміз. Біз, міне, несие алып, ауыз су шығарып, халыққа қамқорлық көрсетіп отырмыз. Халқымызда «Пайда ойлама, арды ойла» деген қағида бар, сондықтан ауыз судың төмен бағада сатылуы халыққа деген қамқорлықтың нәтижесі деп түсіну керек, алыпсатарлар да жұрттың аузынан жырып алмай, нысапты, қанағатшылдықты естен шығармағаны абзал.
Су – өмір бастауы, сусыз тіршілік жоқ. Атам қазақ «Ысырапшыл болма» деп, барды бағалай білуді, шашып-төкпеуді, құндылығын қысылғанда білуді о бастан ұғынған. Табиғи, таудың астынан шыққан судың қадір-қасиеті жоғары екенін ғылыми сараптамалар анықтаған соң, ел игілігіне жаратуға мүмкіндік алып отырмыз. Бұл ауыз су ауыл, аудан, қала, облыс көлемінде таратылып, халықтың ауыз суға деген мұқтаждығын шешеді.

 

С.Құнанбаев,
«АСЫЛ-бастау.kz» ЖШС директоры

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.