Версия для печати

Мұқтаж отбасылардан алғыс алды Избранное

Среда, 31 Март 2021 03:43 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 13222 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» компаниясы кезекті қайырымдылық іс-шараға ұйытқы болды. Әрдайым сын сәтте мұқтаж жандарға көмек қолын созатын зауыт ұжымы әз Наурыз мерекесінде де қарап қалған жоқ.

504

 

Еліміздегі ірі мұнай өңдеу компаниясы бұл жолы қайырымдылық акциясы аясында Қарабастау тұрғын алабындағы әлеуметтік жағдайы төмен 33 отбасыға азық-түлік қоржынын таратты. Мерекелік тарту ретінде ұсынылған қоржындардың ішінде ең қажетті азық-түлік өнімдері бар. Игі істі зауыт басшылығы он жылдан бері дәстүрге айналдырыпты.
Компания өкілдері орталық мешітке жиналған отбасыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, зауыт басшылығының аманатын табыстады. Ал тұрмысы төмен отбасылар осынау игілікті іске ниет білдіріп, сын сағатта көмек қолын созған зауыт қызметкерлеріне алғыстарын жаудырды.