Версия для печати

Cаулығыңыз – өз қолыңызда

Среда, 10 Август 2022 06:29 Автор  Опубликовано в Әлеумет Прочитано 2183 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады.

 

Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екені айқын. Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады.
Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организм әлсірейді.
Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін ағзаны үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында ағза қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарылатады. Шынықтыру ем-шараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы шынығуға бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған іс-қимыл әрекеттерінің жемісі. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ.

А.Досыбекова,
Шымкент қалалық №6 емхананың СӨСҚ дәрігері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.