Сот жүйесінде жыл сайын өзгерістер орын алып, жаңа реформалармен толығуда. Мысалы, биыл жыл басында республиканың 14 облысында, Алматы, Астана қалаларында мамандандырылған тергеу соты құрылды. Ал Шымкент қаласындағы тергеу соты жұмысын наурыз айының басынан бастады. Жаңадан құрылған соттың құзіреті, тиімділігі және тергеу судьясына жүктелетін міндеттер қандай? ОҚО сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Бүркіт Байдуллаевпен осы жаңалықтар төңірегінде сұхбаттастық.

shemkala-25-11

– Бүркіт Жұмабайұлы, тергеу соты институтына қажеттілік неден туындады?

– Елімізде заң саласында әділдікті қалыптастыру мақсатында тәуелсіздік алған жылдардан бастап түрлі реформалар жүзеге асырылуда. Сондай жаңашылдықтың бірі ретінде Қазақстанда жыл басында құрылған мамандандырылған тергеу сотын атап өтуге болады. Мұндағы басты мақсат – адам құқығын қорғаудың тетігін күшейту. Өйткені сарапшылар елімізде құқығы бұзылған азаматтардың көпшілігі тергеу істерінің әділетсіздігі мен құқық қорғау органдарының өз құзіретін асыра пайдаланатынына жиі наразылық білдіретінін айтады. Екіншіден, тергеу судьяларына келіп түскен материалдар саны артқан. Бұл өз кезегінде сот тергеу институтының қоғамға қажеттілігін туындатты. Осы жағдайларға назар аударған Елбасы Н. Назарбаев қылмыстық процестерді заман талабына және адам құқығын қорғаудың халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізу қажеттігін жүктеді.

2018 жылдың қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Аталған заң қылмыстық істің сотқа дейінгі сатысында сот бақылауының жиегін айтарлықтай кеңейтіп отыр. 

 

– Сот бақылауының көкжиегі кеңейді дедіңіз. Жалпы, тергеу судьясының құзырына не кіреді?

– Тергеу судьясы – сот бақылауын жүргізіп, қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі мен жеке адамдардың құқығын сотта қорғап, негізсіз айыптаудан және соттаудан қорғайды. Бір ғана санкциялау туралы айтып өтсем, Қазақстанда Кеңес дәуірі кезінде, тәуелсіздік алған жылдарда да санкциялау ұғымының өзі прокуратураның құзырында болып келді. Сонда қудалаушы орган күдікті не айыпталушыны ұстайды, тергейді, қадағалайды, сосын істі сотқа өткізіп келді. Дамыған елдерде сот – бейтарап, прокурор – қылмыстық қудалушы, қаралушы орган болып есептеледі. Ал санкциялау ол елдерде бейтарап органның қарамағына қарайды. Сондықтан АҚШ пен Европа елдеріндегі бұл саланың жетістіктерін ескере отырып, 2008 жылы күзетпен ұстауға санкция беру алғаш рет сот құзырына өтті. Содан кейін санкциялаудың түрлері кезең-кезеңімен сот жүйесіне берілді. Жаңа заңның аясында прокуратурада қалған санкцияның 3 түрі (жасырын тергеу әрекеттерін, мәжбүрлеп куәландыруды, үлгілерді мәжбүрлеп алуды санкциялау) өтті. Бұған дейін санкциялаудың 16 түрі 1 сатылы соттағы тергеу судьяларының қарамағында болса, қазір осы мақсатта жаңа сот институты құрылды. 

Қазір тергеу соты санкциялаудың 19 түрін, қылмыстық қудалау органдары мен прокурордың әрекет не әркетсіздігіне келтірген шағымдарды қарайды. Енді күдікті не айыпталушы ұсталған күннен бастап кейінгі әрекеттерге сот бақылау жасауға құқы бар.

 

– Ал, бұл тұрғыда қандай өзгерістер бар?

– Заңда істі сотқа жеткізетін мерзім қысқартылды. Конституцияда оның жоғарғы шегін бекітілген, қазір ол 72 сағат болса, енді 48 сағатқа, ал кәмелетке толмағандар үшін 24 сағатқа азайтылды. 

Бұл өзгерістер адамның құқығы аяққа тапталуын, оларға қылмысты қинап мойындату секілді келеңсіздіктердің алдын алады. 

Алайда 72 сағат санкциясыз ұстау мерзімі терроризм және экстремизм, жаппай тәртіпсіздік, есірткі тасымалдау, балаларды зорлау, қасақана адам өлтіру секілді ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін және төтенше жағдай кезінде, адамды сотқа жеткізу қиын болған жағдайларда өзгеріссіз қалып отыр.

– Сұхбатыңызға рахмет!

– Бүркіт Жұмабайұлы, тергеу соты институтына қажеттілік неден туындады? 
– Елімізде заң саласында әділдікті қалыптастыру мақсатында тәуелсіздік алған жылдардан бастап түрлі реформалар жүзеге асырылуда. Сондай жаңашылдықтың бірі ретінде Қазақстанда жыл басында құрылған мамандандырылған тергеу сотын атап өтуге болады. Мұндағы басты мақсат – адам құқығын қорғаудың тетігін күшейту. Өйткені сарапшылар елімізде құқығы бұзылған азаматтардың көпшілігі тергеу істерінің әділетсіздігі мен құқық қорғау органдарының өз құзіретін асыра пайдаланатынына жиі наразылық білдіретінін айтады. Екіншіден, тергеу судьяларына келіп түскен материалдар саны артқан. Бұл өз кезегінде сот тергеу институтының қоғамға қажеттілігін туындатты. Осы жағдайларға назар аударған Елбасы Н. Назарбаев қылмыстық процестерді заман талабына және адам құқығын қорғаудың халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізу қажеттігін жүктеді.2018 жылдың қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді. Аталған заң қылмыстық істің сотқа дейінгі сатысында сот бақылауының жиегін айтарлықтай кеңейтіп отыр. – Сот бақылауының көкжиегі кеңейді дедіңіз. Жалпы, тергеу судьясының құзырына не кіреді? 
– Тергеу судьясы – сот бақылауын жүргізіп, қылмыстық процестегі тараптардың теңдігі мен жеке адамдардың құқығын сотта қорғап, негізсіз айыптаудан және соттаудан қорғайды. Бір ғана санкциялау туралы айтып өтсем, Қазақстанда Кеңес дәуірі кезінде, тәуелсіздік алған жылдарда да санкциялау ұғымының өзі прокуратураның құзырында болып келді. Сонда қудалаушы орган күдікті не айыпталушыны ұстайды, тергейді, қадағалайды, сосын істі сотқа өткізіп келді. Дамыған елдерде сот – бейтарап, прокурор – қылмыстық қудалушы, қаралушы орган болып есептеледі. Ал санкциялау ол елдерде бейтарап органның қарамағына қарайды. Сондықтан АҚШ пен Европа елдеріндегі бұл саланың жетістіктерін ескере отырып, 2008 жылы күзетпен ұстауға санкция беру алғаш рет сот құзырына өтті. Содан кейін санкциялаудың түрлері кезең-кезеңімен сот жүйесіне берілді. Жаңа заңның аясында прокуратурада қалған санкцияның 3 түрі (жасырын тергеу әрекеттерін, мәжбүрлеп куәландыруды, үлгілерді мәжбүрлеп алуды санкциялау) өтті. Бұған дейін санкциялаудың 16 түрі 1 сатылы соттағы тергеу судьяларының қарамағында болса, қазір осы мақсатта жаңа сот институты құрылды. Қазір тергеу соты санкциялаудың 19 түрін, қылмыстық қудалау органдары мен прокурордың әрекет не әркетсіздігіне келтірген шағымдарды қарайды. Енді күдікті не айыпталушы ұсталған күннен бастап кейінгі әрекеттерге сот бақылау жасауға құқы бар.
– Ал, бұл тұрғыда қандай өзгерістер бар? 
– Заңда істі сотқа жеткізетін мерзім қысқартылды. Конституцияда оның жоғарғы шегін бекітілген, қазір ол 72 сағат болса, енді 48 сағатқа, ал кәмелетке толмағандар үшін 24 сағатқа азайтылды. Бұл өзгерістер адамның құқығы аяққа тапталуын, оларға қылмысты қинап мойындату секілді келеңсіздіктердің алдын алады. Алайда 72 сағат санкциясыз ұстау мерзімі терроризм және экстремизм, жаппай тәртіпсіздік, есірткі тасымалдау, балаларды зорлау, қасақана адам өлтіру секілді ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін және төтенше жағдай кезінде, адамды сотқа жеткізу қиын болған жағдайларда өзгеріссіз қалып отыр. 
– Сұхбатыңызға рахмет!

Опубликовано в Сұхбат

Олжас МЫРЗАБЕК, IT маман, «Hydro Tech» ЖШС басшысы:

Цифрландыру – бұл ақылды технологиялар. Ақпараттарды жедел түрде өңдеу үрдісі. Мемлекет басшысы цифрландыру мәселелері бойынша өткен республикалық кеңесте «Мен әркімнің цифрландыру мақсат емес екенін түсінуін қалаймын, ол жаһандық бәсекелестікке әкелетін біздің абсолюттік артықшылығымызға қол жеткізудің құралы» деп еді. Шымкент қаласында да болашақта жаңа технологиялардың, IТ орталықтардың үлкен базасы болуы тиіс. Әлбетте, оған үлкен күш қажет. Уақыт сәтімен оған да жетеміз. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, IТ саласының маманы Олжас Мырзабек үшінші мегаполисте де жаңа ақпараттық технологияларды енгізу уақыт күттірмейтінін айтады. Өзі қалада коммуналдық жүйелерді автоматтандыру саласы бойынша жұмыс істейтін «Hydro Tech» ЖШС-ін басқарады. Жас та болса білім-білігімен көзге түскен маман. 

Жалпы, цифрландыру не үшін қажет? Қазір елдегі бұл саланың дамуы қалай? Біз жас маманнан осы сауалдарымызға нақты жауап алдық.

14117701 10206749587887575 6764199923585693154 n


– Қай сала болса да, сандық жүйемен жұмыс істеудің артықшылығы көп-ақ. Уақытты үнемдейміз, екіншіден, заман көшіне ілесеміз, тағы басқалар дегендей. Елбасы биылғы Жолдауда алдымен жаңа технологияларды жедел енгізу қажеттігін баса айтып өтті. Яғни, бұл саланың басты тиімді жақтары қандай болатынын айтып берсең... 

– Цифрлық жүйе ең алдымен ашықтықты қамтамасыз ететінін атап өткім келеді. Кез келген салада ақпарат барлық жағдайда қолжетімді болады. Бұл бағытта бізде ең алдымен ХҚКО (халыққа қызмет көрсету орталықтары) ашылды. Онда жұмыс ашық түрде. Бұрынғыға қарағанда қазір барлық жұмыс бақылауда тұр. Жемқорлық жойылады. Деректер бойынша қазіргі уақытта бұл дерттің азайғаны да мәлім болып отыр. Бірінші талап осы. Екіншіден, еңбек өнімділігі артады. Бүгінде осы жүйенің арқасында әр адамның атқарып жатқан жұмысын бақылап отыра аласыз. Қаншалықты өнімді жұмыс істейтінін біліп отыруға мүмкіндік бар. Жаңа технологияны енгізудің үшінші артықшылығы, ол шығынды азайтады. Қазіргі уақытта кез келген салада негізгі мақсат шығынды төмендетуге бағытталып отыр. Бұл технологияның бізге жүктеп отырған негізгі үш талабы осындай.
Жалпы, айтқанда, цифрландыруды деректер экономикасы десе де әбден жарасымды. Қазір ақпарат тасқындаған заман. Бұл саланың дамуы адамзат баласына деректердің жылдам әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етіп отыр. Яғни, әлем елдері ақпараттарды жедел түрде өңдеу үрдісі бойынша бәсекеге түсіп жатқандай әсер қалдырады. Дегенмен, бұл орайда автоматтандыру мен цифрландырудың айырмашылығын айта кеткен жөн. Автоматтандыру – жаңа технологияларды енгізудің төменгі бөлігі. Жұмысты автоматтандырудан кейінгі сатысы – ол ақпараттың тіркеліп отыруы. Міне, бұл - цифрландыру. Мұнда жұмысты талдаудың мүмкіндігі пайда болады. Мұны Батыс елдерінде «Ақылды бизнес» деп те атайды. Біз түбінде осыған жетуіміз керек.

 

– Бұл саланың дамуы үшін де мамандар бәсекеге қабілетті болуы керек. Қазір елдегі ЖОО-да жаңа технологиялар саласының мамандарын даярлауға қаншалықты көңіл бөлуде?

– Мемлекет ақпараттық технологияға өткеннен кейін ол жерде халық та сауатты болуы керек. Жастар бұл жаңалықтарға тез бейімделіп кетеді деп ойлаймын. Ендігі мақсат – сауатты маман даярлау. Біздегі ЖОО-да оқу-практикалық базасын, оқу бағдарламаларын қайтадан қарастырып шыққан дұрыс. Себебі, көптеген маңызы ерек пәндерге өзгеріс енгізетін сәт келді. Қажет емес пәндерді оқытып жатқанымыз да рас. Меніңше, қазір шетелдік жоғары оқу орындарында оқытылатын пәндердің оқыту жүйесін де зерттеп, керегін алсақ артықтық етпейді.
Әрине, қалай болғанда да мұғалімдердің білімін күшейтпек ләзім. Олардың әлеуметтік жағдайын көтеруді де ұмытпайық. Мамандардың басын біріктіріп, өнімді еңбек етуі үшін де жағдай жасау керек қой. Түптеп келгенде, талантты адамдардың ортасы болуы керек. Сонда ғана мамандарымыз өз-өзін дамытып, алға қарай ұмтылар еді.
Жалпы, жұмыс басталды. Елбасы Жолдауының арқасында көптеген бағдарламалар қолға алынып жатыр. Бұл мәселелердің бәрі уақыт сәтімен шешімін табуы тиіс.
Жүйені басқаратын адамдар ғана жұмыс істейді

 

Жүйені басқаратын адамдар ғана жұмыс істейді

– «Ақылды қалалар» тұжырымдамасын енгізу өзекті мәселенің бірі. Шымкент қаласының жылдан-жылға әлеуеті артып келеді. Жалпы, бізде ақылды технологияларды енгізудегі негізгі басымдықтар қандай? 

– Бұл – бүкіл әлем бойынша басталып жатқан тренд. Рас, қоғамдық көліктегі мәдениетті дамыту, көлік кептелісін шешу, экологиялық мәселелерді оңтайландыру, халықтың миграциясы, қызмет көрсету, коммуналдық қызмет түрлерін тиімді басқару...тізе берсек көп. Бұл бағытта қазір жұмыстар қолға алынуда. Бәрі де бастапқы үш принципке негізделген. Өнімділік артқан сайын шығын азаяды. Өнімділіктің ішінде сапасы да артады. 

Қазір «ақылды көше шамдарына» көшіп жатырмыз. Бұл да энергия үнемдеу ғой. Жарық шамдары LED технологияларға, диодты шамдарға ауыстырылуда. Бұл шығынды елу пайызға дейін үнемдейді. Яғни, мұндай жағдайда бүкіл қаланың жарықтандыру жүйесі бір орталықтан басқарылады. Шамдардың жұмыс істеп тұрған ахуалына, қажетті мөлшерде жанып, өшуіне назар аударылады. Әрі бақылаушы адам саны да азаяды. Бұрын он адам қажет болса, қазір екі адам жеткілікті. 

Транспорт саласында да ашықтықтық болуы өзекті мәселеге айналған. Тариф не үшін қымбаттады? Қоғамдық көлік компанияларына субсидия берудің жөні қандай? Міне, осы мәселерде ашықтық болғаны жөн. Талдау жүргізілу керек. Халық қай уақытта қоғамдық көлікке көп мінеді? Маршрутты қай бағытта өзгерткен дұрыс? Міне, бұл жағдайлар да талдауды қажет етеді.
Біз мына жағдайды дұрыс ұғынуымыз керек. Келешекте жүйені басқаратын адамдар ғана жұмыс істейді. Ол жұмыс күшін азайтқанмен, онда жұмыс жоғалып кетпейді. Дамуға ұласады. Мәселен, ертеде Еуропада халыққа суды көлікпен жеткізетін болған. Кейін су құбырлары тартылғаннан бастап, оған қажеттілік азайды. Қызмет көрсететін жаңа жұмыс орны келді. Олардың істейтін кәсібінің түр сипаты өзгерді, яғни, оған да мамандар қажет қой. Бұл жерде мамандардың білімін арттыру керек болады. Басты мәселе - бизнестегі шығынды азайту.
Шымкент қаласын айтар болсақ, бізде қазба байлықтарымыз жоқ. Есесіне адами ресурстардың, IТ орталықтардың үлкен базасы болуы керек. Ол өте үлкен күш.

 

– Өзіңнің осы саладағы жұмыстарыңның басты бағытын таныстырып өтсең... 

– Біз коммуналдық жүйелерді автоматтандыру бойынша жұмыс істейміз. Нақтырақ айтқанда, халыққа сапалы су жеткізу мәселесін түбегейлі шешу мақсатында еңбек етіп келеміз. Алдағы жоспарларымыз да көп. Басты мақсатымыз – бүкіл коммуналдық мекемелерге, жеке тұрғындарға коммуналдық шығындарды есептеуді оңтайландыру жүйесін ұсыну. Мұның бәрі де «ақылды қаланың» негізгі құрамдарының бірі деп айтсақ болады.

 

Замандастарымның талпынысы қуантады

– Өзің шетелде білім алдың. Ол жақтан не нәрселерді үйренуге болады? Жалпы, бұл сала несімен қызықтырды? 

– Біріншіден, мен бұл саланы перспективасы мол мамандықтардың бірі ретінде таңдадым. Болашақ осы IT сферасында. Автоматтандыру әрі ақпараттық технологиялармен тікелей байланысы бар болғандықтан мені бағдарламалау саласы қызықтырды. Бұл мамандыққа алда сұраныс көп болатынын білдік. Әуелі мемлекеттік грант бойынша оқуға түстім. Кейіннен ары қарай оқуды «Болашақ» бағдарламасы бойынша жалғастырдым. 

Үш жыл Малайзия еліндегі Staffordshire университетінде «Инженер бағдарламаушы» мамандығы бойынша білім алдым. Сол жақтан алған тәжірибемді өз елімде іске асырып, қазіргі қолға алынып жатқан цифрландыру саласына үлесімізді қосу – басты мақсат. Жұмысты бастап та кеттік.
Жалпы, малай елінің білім беру жүйесі мүлдем бөлек. Онда сабақ ағылшындық жүйемен оқытылады. Пәндерінің бәрі де қазіргі уақытта сұранысқа қажетті.

 

– Жастарды осы салаға қалай қызықтыруға болады?

– Қазір бұл салаға қызықтыруда түрлі бағдарламалар жүріп жатыр. Оның да үлесі болуы тиіс. Негізінен, Астана, Алматы қаласында мамандарға жақсы еңбекақы төленеді. Ал Батыс елдерінде IТ мамандарға деген құрмет өте жоғары. 

Бұл салада өнімді еңбек етіп жүрген замандас-әріптестерімнің талпынысын көріп, қуанамын. Мәселен, қазір әлемде «Фейсбук», «Твиттер» компанияларында жұмыс істейтін қазақ жігіттері өте көп. Олардың басым бөлігі 1989-95 жыл аралығында туған жастар. Өз замандастарымнан Ербол Серікбай, Асхат Мырзабаев деген дарынды, еңбекқор азаматтарды атап өтер едім. Асхат «Твиттер» компаниясында жұмыс істеген. Ербол «Сұрақ-жауап» сайтын дамытты. Қанша дегенмен таланттарды бағалау керек. 

Қорыта айтқанда, адами ресурс ең үлкен байлықтың түрі. Мәселен, Сингапурда 70-80 жылдары мынадай қағида болған екен. «Дипломды, оқыған ер адам үйленетін болса, өзі секілді оқыған әйел алсын» деген ұстаным. Оны орындамаса, айыппұл салғанға дейін барған. Олар тек адами ресурсты пайдаланған. Міне, осының арқасында шағын ғана ел қандай дамыған елге айналды. Біз де адам ресурсынсыз, жаңа технологияларды дамытпай, алға қойған мақсаттарға жете алмаймыз.

– Әңгімеңе рахмет!

 

Сұхбаттасқан
Т. ҚАСЫМ

Опубликовано в Сұхбат

Жыл санап қаламызда кәсіпорындармен қатар, кәсіпкерлердің де саны артып келеді. Оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар да баршылық. Жақында Қытайда білімін жетілдіріп, Гуанжоу қаласында кәсіппен шұғылданып келген жерлесімізбен сұхбаттасудың сәті түсті. Асхат Нұрлыбаев есімді жас кәсіпкер бүгінде қаламызда 5 жобаны қолға алып, 20 адамды жұмыспен қамтып отырған жайы бар. Әңгімеміз жас болса да, бас болып жүрген іскер азаматтың жобалары турасында өрбіді.

– Асхат жас кадрлардың шет елдерде білімін жетілдіріп, елге оралғаны бізді қуантады. Ал олар кәсібін ашып жатса, бұл нұр үстіне нұр. Бізге бизнеске қалай келгеніңізді баяндап берсеңіз.

– Балалық шағымда полиция қызметкері болуды қатты армандайтынмын. Ал өскенде өмірдің өзі кәсіпкерлікке алып келді. Өткенге кері шегініп мектеп бітірген жылдан бастап айтатын болсам, 2007 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейін тәмамдадым. Кейін ата-анамның батасын алып, Қытайға оқуға аттандым. Бір жыл тіл үйрене келе, Сиань қаласындағы Транспорт және коммуникация университетінің студенті болдым. 2012 жылы оқуды аяқтап, қолыма диплом алдым. Кейін сол жақта біраз тәжірибе жинау мақсатында Гуанжоуға бардым. Онда бес жылым өтті. Бес жылдың ішінде түрлі салада өз мүмкіндіктерімді сынап көрдім. Достарыммен бірге киім, техника заттарын саттық. Логистикалық компания аштық. Өзге де жұмыстарды атқардық. Бірақ қаржы жинап, Шымкентке келіп кәсіп ашамын деген арманым болды. Араға он жыл салып, өткен жылы туған қалама оралдым. Келген бойда «Procoffee» жобамызды бастадық. Әуелі көлікпен аралап сатып, кейін келе жұмысымыздың ауқымын ұлғайтуды жөн көріп, орталық аштық. Айта кетейін, біз әзірге тек ашып жатырмыз (күліп). Алғашқы жобаларымыздың қатарында «Profootball» дүкені бар. Кейінгі «Professionale» дүкеніміз, ал бейнебақылау сататын «Protech» дүкені де басты жобаларымызға енді. Pro – professional сөзінің қысқартылған нұсқасы. Яғни, халыққа сапалы, жоғары деңгейде өнім ұсыну мақсатында дүниеге келген атау болатын. Ал төртінші кәсібіміз «Sanlin» футбол мектебі. Қазіргі таңда иіс су сататын дүкен желісі мен жиһаз шығаратын цех бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Жақын күндері ол да іске қосылады. Уақыт тапшылығыннан үлгеруге мүмкін болмай тұр. Бұл «Pro group» командасының атқарып жатқан жұмыстары екенін айтып өтейін.

– Алып мемлекетте кәсіппен айналыстым дейсіз, бізден қандай айырмашылықтары бар?

– Айырмашылық көп (күліп). Ең бірінші халық санында. Ондағы сауда-саттықтан түсетін табыс 10-20 пайыз артық. Бір қарапайым мысал келтірсем, бізде балмұздақты 200 теңгеге сатып, ертесіне 500-ден саудалаңыз. Ешкім сіздің тауарыңызды алмай қояды. Мұны халықтың қалтасы көтермейді. Ал Қытайда адамдардың тұрмысы жақсы. Ондай жағдайларға даурығып қарамайды. Ақшасы барлар ала береді. Олар қалталы келеді. Үлкен мемлекетте, халқы көп жерде бизнес жасаған қашанда тиімді. Біз әзірге олардан кенжелеуміз расын айтсақ. Авиа кассадан билет аламыз. Базардан киім киеміз. Заман ағымына бейімделуде кешеуілдеп қалғанбыз. Интернет арқылы тапсырыс жасау дегенді көпшілік біле бермейді. Енді-енді үйреніп келеді. Бірақ бүгіндегі жаппай цифрландыруға қарапайым тұрғындар дайын еместей көрінеді. Біздегі кәсіпкерлерге көрсетілер шаралар да енді ғана дамып жатыр. Өз басым кәсіп ашуда мемлекеттен ешқандай көмек сұрағаным жоқ. Қолдан келгенше барымызды салып, өзіміз аяққа тұруға тырысып жүрміз. Бірақ ол жағынан хабардармын. Көңіл бөлініп жатыр. Екінші мәселе – бізде кез келген істі дөңгелетіп әкетуге мүмкіндік бар. Қай саланы алмаңыз, сапалы етіп жасасаңыз, жұмыс жүріп кететіне сенімдімін. Ол үшін басқалардан сапасын жоғары, ал бағасын сәл арзан ұсыну керек. Сонда ісіңіз өнімді де, берекелі болады.

 

– Жастарға оралсақ, қаламыздағы кәсіпкерлермен байланысыңыз қандай? «Қазақша бизнестегі» кемшіліктерді айтып өтсеңіз.

– Шыны керек, көп жас кәсіпкерлермен әлі таныс емеспін. Енді жұмыс бастап жатқандықтан алдағы уақытта таныса жатармын. Алайда мына нәрсені жақсы білемін. Бізде көпшілік жастар тәуекелшіл емес. Жұмыс бастамай жатып уайыммен жүретіндері көп. Бизнесте мен ұстанатын мынадай қағида бар – бастадың ба жемісін көресің, егер жүрмей жатса өмірлік сабақ аласың. Адамдардың киген киімі, шыққан тегі, атақ-даңқынан бұрын мән беретенім – адамгершілік қасиеті. Достарым мен жұмыстағы әріптестерімнің де осы қасиетін жоғары бағалаймын.

– Ал кәсібін ашсам деп жүргендерге қандай кеңес бересіз? Бизнестің ұтымды жолдарын айтсаңыз.

– Әрине кім болмасын көздеген мақсатына жету үшін, ойға алған жобаны ертерек бастағаны абзал. Менің ұшақта шабытым оянады. Сол кезде ерекше күйге бөленемін. Әуеде қиялыммен бірге қалықтаймын. Жаңаша бастамалар ойға келеді. Қажет жерін түртіп аламын. Шетел мен үлкен қалаларға жиі баратыным да сондықтан. Үнемі өзімді жетілдіріп отырамын. Ұнағанымнан бас тартпаймын. Спортқа көңіл бөліп, күнделікті 1-2 сағатымды кітап оқуға арнаймын. Пайдалы бизнес форумдарды қалдырмаймын. Ол мені қанаттандырып, жұмысымды жеңілдетуге септігін тигізеді. Осы жерде айтып өтсем, «үлкен» кәсіпкерлерді сондай айтулы шаралардан кезіктіріп жатамын. Өкініштісі олар үйренуге емес, өздерін көрсетуге келгендей көрінеді. Қабақтарын түйіп алып, жиынның соңына дейін мұздай боп отырады. Күлетін жерінде күлу жоқ. Қол соғатын жерінде үнсіз қалады. Адам өзін жетілдіргісі келсе, өзгенің жетістігімен қатар кемшілігінен де сабақ алу керек. Әйтпесе, ондай жиындарға не мақсатта барады (күліп). Біреуге үйретемін деп ауыз толтырып айтатындай жетістігім көп емес. Замандастарым аз ұйықтап, көп еңбек етсе деймін.Уақыттың қадірін біліп, тіл үйреніп, кітап оқып, ой-өрістерін дамытса деймін. Қазақтың ұл-қыздары барлық салада мықты болса деймін.

 

– Біздегі кәсіпкерлер «қорқақ» келеді дейсіз, жалпы сіз қорқынышты қалай жеңдіңіз?

– Оныңыз рас. Сұрағыңызға жауапты күнделікті өмірде көз көріп жүрген достарымның жағдайы арқылы жеткізейін. Қазіргі замандастарымыздың арасында ұнатқан адамына хабарлама жаза алмайтындары бар. Көшеде жүргенде танысуға жүрексініп жатады. Ондай жастарымыздың бойында кәсіп ашуға батылдық қайдан болады? Ал қорқынышқа оралсақ, адам баласы қайда бет алмасын «қорқыныш» деген сезім жол серігі секілді қатар жүруі мүмкін. Онымен тек бизнесте ғана емес, үнемі күресуіміз керек. Мектеп бітірген жылы Қытайға баратын кезде мен де қорықтым. Ол жақтағы жағдаймен таныс емес едім. Емтихандар ұйқыны ұрлап, кәсіп бастағанымда түрлі келеңсіз оқиғаларға тап болдым. Логистикада алғаш рет заттарымыз тиісті жеріне жетпей қалғандағы қорыққанымызды білсеңіз! Міне, сондай қиындықтардан сабақ алғаннан кейін мен қорқынышты жеңдім. Қорқа берсең ештеңе өздігінен орындала қалмайды. Қол қусырып қарап отырған да жарамас. Еңбектену керек. Ес білгелі тәуекелшілмін. Тіпті түнде қиялыма келген нәрсені ертесіне тұрып кірісіп істейтін кездерім болады.

– Шетелдерге жиі барамын деп айтып қалдыңыз. Шырайлы шаһарды салыстырып өтсеңіз.

– Әлемнің 15 шақты елінде болдым. Әрине ол елдердегі үлкен қалалармен үшінші мегаполисімізді салыстыруға келмес. Бірақ мен Шымкентті ерекше жақсы көремін. Қытайда бір күнде бір ғана жұмысыңызды істей аласыз. Халық көп, көшедегі кептелістерден аяқ алып жүру мүмкін емес. Ал мұнда бір күнде 10-15 шаруаңыз бітеді. Қаламыз күн санап көркейіп, жыл санап әлеуеті артып келеді. Енді өзге елде он жыл жүріп жинаған білімімді, мүмкіндігімді туған мекенде пайдаға жаратпақпын. Жастық жігерімді, күш-қайратымды қаланың дамуына, гүлденуіне жұмсаймын. Мұнда барлық салада өзара бәсекелестік бар. Ал, бәсекелестік болған жерде сапа артады.

 

– Әлемдік нарықтағы криптовалюта бағамы туралы ойыңызды да білгіміз келеді.

– Соңғы жылдары цифрлы ақша қолданыста да, жалпы адамдар арасында да жиі айтылып жүр. Мен одан хабардармын. Оған көзқарасым түзу. Әлемдік деңгейде алпауыт елдер оны мойындап жатыр. Блокчейн технологиясынан білетін адам криптовалютаны жақсы түсінеді. Таныстарымның арасында игілігіне жаратып жүргендері бар. Бірақ менде биткойн әзірге жоқ. Мүмкін бізге де келе жатар. Ол уақыттың еншісінде. Өткен айларда биткойнның құны 19-20 мың АҚШ долларына дейін көтерілді. Баға араға 2-3 апта салып күрт құлдырады. Қазіргі биткойнның құны 9 мың доллар шамасында. Менің ойымша, жылдың соңына дейін 50 мың долларға дейін көтерілуі мүмкін.

– Мәслихат депутаттарының қатарында кәсіпкерлер басым екенін өзіңіз жақсы білесіз. Соңғы жылдары жастар да ол орындардан бой көрсетіп келеді. Осы сіз депутат болу туралы ойланып көрдіңіз бе?Алдағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз.

– Біз бір жылдың ішінде бес жоба аштық. Ендігі мақсат – осы жобаларға жіті көңіл бөлу. Қате-кемшіліктерін реттеу, ұлғайту болмақ. Жоғарыда айтып өттім, қазіргі кезде иіс су дүкені мен жиһаз шығаратын цехтың жұмысын жасап жатырмыз. Осыларды іске қосу керек. Жалпы жоспар көп. Оны алдағы уақытта іс жүзінде көре жатарсыздар. Қытайдан елге оралудағы мақсатым – қаламызды дамыту. Оған өз үлесімізді қоссақ деген ниет. Ал депутат болу шынымды айтсам мені ойландырмапты. Оны уақыт еншісіне қалдырамын.

 

– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен
Азамат ЖАППАР

Опубликовано в Сұхбат

Елімізде Медиация туралы заңның қабылданғанына жеті жылға жуықтады. Дауды шешудің жаңа түрі осы жылдар аралығында қандай нәтиже көрсетті? Дауласушылар мәмілеге келіп, істің татулықпен бітуінің тиімді тұстарын көрді ме? Аймақтардан ашылып жатқан медиация кабинеттерінің жайы және өзге де сауалдар төңірегінде ОҚО сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының судьясы Нұрлан Биболовпен сұхбаттасқан едік.

sudia

– Нұрлан Зұлпыхарұлы, бітімгерлік мәселесі ұлтымыз үшін жат дүние емес екені айқын. Қазіргі таңда, өңірдегі сот медиациясында татуластыру рәсімі қалай жүзеге асуда? 

– Иә, тарихқа шегініс жасасақ, дауды шешудің жаңа түрі деп атап жүрген медиация қызметінің бізге жат емес екенін ұғынамыз. Қазақтың би-шешендерінің көрегенділігі, тапқырлығы деуімізге де болады. Дауласқан екі тараптың уәжін тыңдап, екі жаққа ұтылмайтындай етіп, не болмаса кінәлісін мойындатып ғана қоймай, ортақ мәмілеге шақырып, татуластырып жіберген. Әрі тарихтан кейбір дауларда құн төлетпей, бір-біріне кешірім беруге дейін барған талай оқиғаларды білеміз. Бұл қазақтың ақыл сөзге жүгініп, би-шешеннің шешіміне тоқтағандығын көрсетеді және осы арқылы ел ішінде тыныштық орнағанын байқаймыз. 

Расында дау-дамай жүрген жерде, бірлік-береке де тыныштық та болмайды. Оның үстіне, дау қуған кез-келген адам өзінікін жөн санап, шындықты өз жағынан көретінін ескерсек, кейбір сот істері жылдарға созылады. 

Президент Н. Назарбаевтың саясаты, соңғы жылдардағы сот жүйесіндегі реформалардың түптен келгендегі мақсаты – тараптар дауласуды төмендетіп, сотқа дейін кінәсін түсініп, бітімге келіп, келісімді өз еркімен жасаса деген пайымынан туындаған. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының да түйіні бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген ізгі қасиеттерді қайта түлетуімізде жатыр. 

Ендеше, ата-бабамыздан келе жатқан сара жолды қолдану арқылы қаралып жатқан істер саны аз емес. Мәселен, өткен жылы медиаторлардың көмегімен 3000-ға жуық іс татауласумен аяқталды. Саралай айтар болсақ, 2843 істің ішінде кәсіби медиаторлардың қатысуымен – 900 іс бойынша татуластыру рәсімі жүрді. Қоғамдық медиаторлардың қатысуымен – 639, сот медиациясы – 953, партисипативті (тараптардың қорғаушыларының қатысумен) – 171, татуласу-келісім негізінде (дауласушылар өздері бітімге келіп, келісімдерін сотқа бекітуге келеді) – 181 іс медиаторлардың көмегімен шешілді.
Бүгінгі таңда, дауласушы тараптардың өзі татуласу рәсімінің тиімді екендігін түсіне бастады.

 

– Татуласу рәсімінің тиімді тұстарын айтқанда шығынға батырмай, істі созбалаңға салмай шешілетіндігі жиі айтылады. Сот медиация қызметінде тараптарды бітімге келтіру ісінің басы-қасында жүрген мамансыз. Өзге қандай пайымды тұсын атап өтер едіңіз?

– Бүгінде медиация заңына сүйеніп, мәмілеге келтіретін істердің басым бөлігін неке және отбасылық қатынасынан туындайтын, алимент даулау мәселелері құрауда. Еңбек дауы, кәсіпкерлер және жекеменшік серіктестер арасындағы қарыз өндіру, қызмет көрсету мен тауарды жеткізіп беру бойынша туындаған дауларды медиациямен шешу жиі ұсынылады. Соңғы уақытта татуласу рәсіміне жеке тұлғалардың баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде ар-намысы, қадір-қасиетіне нұқсан келтіргендер арасындағы талап-арыз негізінде дауды шешу де қосылды. 

Жоғарыда атап өткендей, медиация көмегімен шешілген істер уақыт үнемдейді. Сот жүктемесін азайтып, азаматтарды шығынға апармайтыны рас, бірақ ең маңыздысы – дауласушыларды адами тұрғыдан түсінісуге, өзара келісімге келуге, бір-біріне кешіріммен қарауға үйретті. Мысалы, ерлі-зайыптылардың ажырасу ісінде немесе алимент өндіруде тараптар келісе алмай, бір-бірімен қарғи-қабақ болып, соңы жанжал-ұрысқа ұласып жатады. Сөйтеді де бір дау, бір дауды қуады. Дауласушылардың ашу-ызасынан, іштегі қыжылынан кейде артында қаншама адамның тағдыры жатқандығын естен шығарады. Екі адамның келіспеушілігінен жақындары материалдық қана емес, психологиялық тұрғыдан зардап шегіп жатады. Әкесі алиментті өз еркімен төлеп тұрса, ол кезде баласы мен әкесі арасындағы қарым-қатынас сақталады, бұрынғы ерлі-зайыптылардың сыйластығы қалады. 

Бүгінгі таңда, кәсіби не болмаса кәсіби емес медиаторлардың татуластыру рәсімі осындай келеңсіз жағдайларға жол бермеуге ықпал етуде. 

 

– Қазір медиация қызметіне деген көзқарас қай деңгейде?

– Бұл сауалға жауап бермес бұрын, осы бағытты дамытуда сот жүйесінде қандай жұмыстар атқарылғандығын атап өтсем. Яғни 2011 жылдың қаңтарында Қазақстанда «Медиация туралы» заң қабылданып, тамызда қолданысқа енді. Содан кейін бұл саланы дамыту жұмыстары елімізде кезең-кезеңімен жүзеге асты.

Бірінші халыққа жаңа заңды түсіндіру-насихат жұмыстары жүрді. Екінші, жергілікті атқарушы билікпен бірлесе жұмыс жасап, медиаторларды дайындау жұмыстары, оларды ынталандыру, бағыт-бағдар беру шаралары жүргізілді. Одан кейінгі сатыда медиация кабинеттері ашылды. Республика бойынша алғаш рет Шымкентте «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде медиация кабинеті ашылып, бұл тәжірибе республика көлемінде таратылуының өзі үлкен жетістік.
Өткен жылы сот медиациясында 2843 істің татуласу рәсімімен біткендігін атап өттім. Бұдан бөлек, медиациялық кабинеттерде, сотқа жетпей қанша іс бітімгершілікпен оңды шешімін тауып жатыр. Осы жәйттерге қарап, халықтың бірте-бірте татуласудың тиімді екендігін түсіне бастағандығын байқаймыз.
Дегенмен, кей кездері тараптар өздігінен татуласуға бара алмайды. Көрген зәбірінен шыға алмайды да, ішкі дүниесі, моралды-психологиялық ахуалы бірінші қадам жасауға мүмкіндік бермейді. Осы жағдайда кәсіби не кәсіби емес медиаторлар болсын, бұл мәселені оңтайлы шешуде рөлі күшті. Дауласушы тараптарға істің анық-қанығын саралап, түсіндіріп, тиімді тұстарын жеткізіп, өзара дұрыс шешім қабылдауға жәрдемдеседі.

 

– Медиатордың бойында қандай қасиеттер басым болуы қажет?

– Бұл тұста медиатордың заң тұрғысынан білімі болса, жеткілікті деген ой қате. Ол үшін психолог болу қажет, шешендік қасиетімен өмірлік тәжірибесі астасып жатса, ісінің шебері болары сөзсіз.

 

– Татуласу рәсімін қолдануға болмайтын жағдайлар қандай? 

– Тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға медиация рәсімі қолданылмайды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.

 

– Әңгімеңізге рахмет!

 

Сұхбаттасқан
А. КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Опубликовано в Заң

Елбасының жыл сайынғы Жолдауы – бірін-бірі толықтырып тұратын, біртұтас дүние. Маңызды құжат ел дамуына жаңа бағыт, жаңа міндет, жаңа талап жүктейді. Жолдау жүктеген тапсырмаларды тыңғылықты орындау атқарушы биліктің негізгі міндеті. Біз осы орайда Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы Нұртаймен сұхбаттастық.

DSC 2434-2

– Қайрат Ырзақұлұлы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айтып қана қоймай, нақты 10 бағыт бойынша маңызды міндеттерді атап көрсетті. Биылғы Жолдаудың ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауы бұған дейін жарияланып келген бірнеше маңызды құжаттың заңды жалғасы деп түсінемін. «Мәңгілік ел» идеясымен үйлесім тауып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасымен қабысып жатқан стратегиялық құжат деп білемін. Қарап отырсаңыз, қазір дүниежүзі, бүкіл адамзат төртінші революция дәуіріне қадам басуда. Жолдаудың маңызы да сол, индустриялық революцияға дайындалудың қамы. Оның өзектілігі неде? 

Төртінші индустриялық революция дегеніміз не? Алдымен мұны қарапайым тілмен түсіндіріп көрейікші. Адамзаттың даму тарихына бойлап қараңыз. Біріншіден, кез-келген даму адами мұқтаждықтан, адамның ақыл-ой жемісіне байланысты болады. Мәселен, біздің әжелеріміз кезінде қолдан ұршық иірді, кілем тоқыды, киіз басты т.б. Біле білсеңіз, бұл да бір алғашқы өнеркәсіптің түрі. Яғни, ол қол еңбегі еді. 

Осы манифактураның орнын кейін машина алмастырды. Бұл өнеркәсіптік революцияның алғашқы кезеңі. Көмір мен бу арқылы қозғалтқыш күші келіп, рельспен жүретін алғашқы логистика экономиканың барлық саласын дамытты. Қызмет көрсету, сауда, тауар алмасу секілді сала нығая түсті. Кейін керемет жаңалық болған бу қозғалтқыштарды электрлендіру дәуірі алмастырды. Энергетиканың келуі ғаламат жаңалықтарға, жұмыс күшін жеңілдететін автоматтандыруға, жаңа технологияға жол ашты. Алысты жақындатты, баяуды жылдамдатты, ауырды жеңілдетті. Сөйтіп адамзат екінші өнеркәсіптік революцияны тудырды. Ал, үшінші индустриялық революцияның шарықтау шегін компьютерлендірумен келген Интернетпен байланыстырамыз. Расында интернет дүниені өзгертті. Ақпараттар ағыны әлемді шыр айналдырды. Тіпті керек десеңіз, қазір адамзат қажеттілігіне берілетін энергияны да интернет арқылы алатын дәрежеге жетті. Ал мұндай қарқын Төртінші өнеркәсіптік революцияны тудырып отыр. Өйткені әлемдегі даму үнемі жедел өзгерістерге тәуелді боп отырады. Ғылым мен техниканың, технология мен инновацияның шапшаңдығы таң қалдыруда. Тіпті байқайсыз ба, кейде уақыттың өзі жылдам жүріп жатқандай көрінеді. Дүние өзгерісін мұқият қадағалап отырған сарапшылардың өзі таңның атқаны мен күннің батқанын санап үлгермейсің, дейді. Уақыттың мұнша жылдам өтуінің сыры неде деп таңырқайтын болдық. Мұның бәрі де ақпарат ғасырының әсері. 

Жаңа Жолдаудың басты бағыты – әлеуметтік дамудың барлық салаларына енетін экономиканың жалпы цифрландырылуы. Қоғам цифрлы дәуірге еніп жатыр. Өнеркәсіп немесе мемлекеттік басқару болсын, осы он міндеттің барлығында цифрландыру бағыты анық көрсетілгенін баса айтқым келеді.

DSC 2444

– Иә, елімізде Жолдаудан туындайтын тапсырмаларға сәйкес нақты-іс шаралар жоспары құрылып, жүзеге асырылуы тиіс міндеттер айқындалуда. Осы орайда
Шымкент қаласында қандай жұмыстар атқарылуда?

– Қуатты Қазақстан дегеніміз – ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тарапынан облыста Жолдауды өңір тұрғындарына кеңінен түсіндіретін ақпараттық насихат топтарын құруды, медиа-жоспар дайындап, насихат жұмыстарын жандандыру жүктелді.

Сонымен қатар Жолдауда көрсетілген 10 міндетті облыс көлемінде жүзеге асыру жөнінде барлық салалар бойынша ұсыныстарды жинақтап, іс-шаралар жоспарын әзірлеп бекіту тапсырылды. Қазір осы тапсырмалар бойынша Шымкент қаласында да бірқатар жұмыстар қолға алынуда. Ақпараттық-насихаттық топ құрылып, жұмысқа кірісті. 

Шымкентте 2018-2021 жылдары іске қосылатын кәсіпорындарға цифрлы технологияларды пайдалану механизмдері ұсынылмақ. Осы мақсатта қала кәсіпорындарына «Цифрлық» технологияларды ендіру атты бизнес-тренингтер ұйымдастырылады. Шетел инвесторларына қаланың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру үшін «Халықаралық инвестициялық бизнес форум» өткізу жоспарлануда. Ал, ресурстық әлеуетті одан әрі дамытуға сәйкес, Шымкентте түнгі жарық шамдарын толығымен LED шамдарға ауыстыру, күн сәулесінен қуат алатын технологияларды қолдануға басымдылық беріледі. 

Қазіргі кезде әлем елдері көлік логистикасынан көп табыс алады. Елбасымыз айтып өткендей, Қазақстан транзиттен жүктің көлемін екі есе арттырып жыл сайын 5 млрд. доллар табыс алуды көздеп отыр. 

Шымкент қаласы Ұлы-Жібек жолы бойында орналасқан сауда мәдениеті ежелден-ақ қалыптасқан шаһар. Қала бойымен Батыс Еуропа және Батыс Қытай магистралды тас жолы өтеді. Сонымен қатар, аэропорт маңында сауда-логистикалық орталық ашылды. Қазіргі таңда көршілес Өзбекстанмен қарым-қатынас күн санап жақсарып келе жатқанын айтып өтуіміз керек. Осы жәйттердің бәрі бізге үлкен мүмкіндіктер береді. Ол дегеніміз, өзіміздің тауарларды жылдам жеткізу және сервистік қызметтерден табыс табуға жол ашады.

DSC 2439

– Бір байқағанымыз, Жолдауда «білім» сөзі 24 рет кездеседі екен. Бұл білім саласы басты назарда екенін көрсетсе керек. Әсіресе, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты 30 пайыздан 50 пайызға дейін өсетіні туралы хабарды халық ерекше ықыласпен қабылдады. Шымкент қаласында білім беру саласының басқару ісінде жаңа тәсілдер қолданылып келеді. Мәселен, мектеп және балабақша директорларын конкурс арқылы қабылдануда. Мұның өзі ашық қоғам құрудың белгісі. Осы жаңалықтар өз нәтижесі мен тиімділігін көрсетіп келе ме?

– Жалпы әлеуметтік салаға 2018 жылы Елбасы Жолдауында айтқандай мемлекеттік бюджеттен 4 триллион ақша бөлінді. Шымкент қаласында да ең көп қаражат әлеуметтік салаға оның ішінде білім саласына бағытталған. Өйткені халқы тығыз орналасқан Шымкент қаласында жыл сайын мектеп салу мәселесі өзекті. Өткен жылы үш ауысыммен оқитын 8 мектептің 6-ның мәселесі шешілді. Ал, қалған 2 мектептің біреуі құрылысы биыл басталып, 2019 жылы шешілетін болады. Сонымен, үш ауысымды білім беретін мектептер мәселесі күн тәртібінен алынады. 

Биыл Шаңырақ елдімекеніндегі 600 орындық және Қызылжардағы 900 орындық 2 мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, жер телімдері дайын тұрған Асар-2, Тұран, Сайрам тұрғын алаптарындағы 3 мектептің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Дайындығына қарай, бюджеттен қаржы бөлінеді. Басқа да шағынауданда мектеп құрылысын салу үшін жер құжаттары рәсімделуде. Біз мектеп салуды қажет ететін шағынаудандардың әлеуметтік картасы мен кешенді жоспарын жасап шықтық. Яғни 2017-2020 жылдары құрылыстарын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарланып отырған білім нысандарының картасы менің кабинетімде ілулі тұр. Ол әбден зерделенген жоспар. Бұл мәселе өте жіті бақылауда. 

Айта кетерлігі, цифрлық реформа және электронды қызмет көрсету Шымкент қаласында дамып келеді. Бұл бүгінгі талап мен міндет. Елбасы атап өткендей қазіргі заманғы қоғам мен ашық мемлекеттік басқаруды қалыптастырудың басты элементтерінің бірі болып табылады. 

shymkala-12-7Республикада тұңғыш рет Шымкент қаласында білім беру саласында мектеп және балабақша директорларын жұмысқа конкурс арқылы қабылдау жүйесі құрылды. Конкурстық комиссияға қоғам белсенділері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысады. Ал мектепке мұғалімдерді жұмысқа қабылдау электронды жүйеге ауысты. Жұмыс іздеген кез-келген мұғалім www.thunter.shymkent.gov.kz сайтына кіріп, бос жұмыс орындарымен танысып, электронды құжат тапсырады. Сұранысы қабылданған соң конкурстық комиссиядан өтеді. Комиссия шешімімен мектеп директорына ұсыныс беріледі. Мұның өзі жұмысқа тұруда пара беру, тамыр-таныстыққа жол беру сияқты жағымсыз құбылыстарды болдырмаудың жолы. 

Сонымен қатар Шымкентте мектептік электронды бақылау жобасы жұмыс істеп тұр. Осы жоба арқылы ата-аналар балаларының оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылап отырады. Оқушылар оқыту үрдісіндегі ақпараттарға кіруге мүмкiндік алады. Мектептік электронды бақылау жобасының авторы Strategic Consultants &K компаниясы. Бұл жүйе Microsoft корпорациясының өнеркәсіптік шешімдерінің негізінде іске асырылды.

Жүйе жұмысы онлайн тәртібінде орындалады. Ол қалай жұмыс істейді? Ата-аналарға сабаққа қатысу мен үлгерімі жөнінде СМС және электронды хат түрінде жедел хабарламалар жіберіледі. Осы жоба арқылы балалардың сабаққа үлгерімі мен қатысу деңгейі артып келеді. Сонымен бірге оқушылардың қауіпсіздігі үшін өте қажет дүние. Яғни, кәмелетке толмаған балалар ата-ана мен мектептің назарында болуы қажет. 

Электронды қызмет көрсету және цифрландыру жүйесі Шымкенттегі білім саласына дендеп еніп келеді. Одан бөлек, балабақшаға құжаттар қабылдау да электронды жүйеге өткен. Бұл дегеніміз әкімшілік кедергілерді және адами факторларды төмендетеді. Бұл әдіс жүйелі түрде жалғасын табады. 

Осы ретте Шымкентте қолданылып отырған жаңа технология басқа өңірлерге үлгі ретінде ұсынылуда. Түптеп келгенде, бұл жаңалық республика бойынша енгізілмек. Ұстазы мықтының ұстамы мықты. Мектептің түп қазығы – ұстаз. Сондықтан, адами капиталды дамытуды балабақшадан, орта мектептен жалғастыру маңызды. Ол үшін педагог мамандарды даярлаудың Елбасы Жолдауындағы талаптарын ескеруіміз қажет. Қоғамның алдында барлық жағдайда ұстаздардың мәртебесі жоғары болып тұрғаны жақсы. 

DSC 2435

– Мегаполис үшін қоғамдық көлік қозғалысы қашанда үлкен маңызға ие. Шымкенттік шенеуніктер екі ай бойы қоғамдық көлікпен қатынап жүрдіңіздер. Не көріп, не түйдіңіздер? Жалпы қаланың транспорт саласын реттеуге байланысты биыл қандай жұмыстар қолға алынбақшы?

– Бірінші кезекте шет аймақтардағы елдімекендерге жүретін автобустарды көбейтуіміз қажет. Бұл халық сұранысы. Осы мақсатта жеке инвестордың есебінен жақында ғана 100 жаңа автобус алынды. Оның отызы әкелінді. Қалғаны таяу күндері жеткізіледі. Жақын арада шет аймақтарға баратын 10 бағытқа көлік қою жоспарлануда. Біз жақында ғана арнайы Форум өткіздік. Шетелдің үздік практикасын зерттеп, көп мәселелерді талқыладық. Өздеріңізге белгілі, қоғамдық көлік қызметі бәсекелестік ортаға берілген. Қызметтің сапасы нарықпен реттеледі. Алайда, қалалық әкімдік тарапынан қызметтің сапасына бақылау күшейтіледі. Талапты орындамаған компаниялармен келісімшартты бұзып, орнына әлеуеті жақсы компаниялар тартылып, жақсы жұмыс жасағандарға қолдау көрсетіледі. Қазір көлік қозғалысының кестесі реттелді. Талап күшейтілді. Әрине, қоғамдық көлікте қызмет көрсету мәдениетін әлі де жақсарту қажет. Ол үшін кондукторларды арнайы мәдениетке, арнайы стандартқа оқытып, сертификат беріп, көше, аялдамалардың атауын дұрыс айтуды үйрету керек. Ол үшін материалдық жағынан ынталандыру керек. Бұл бойынша ауқымды шаралар жүргізу талабын қойып жатырмыз. 

Қоғамдық көліктегі мәселелерді шешу үшін болашақта электронды билет жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. 

 

– Қайрат Ырзақұлұлы, Сіз үшін сананы жаңғырту дегеніміз не? 

– Қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі Мемлекет басшысының идеясы бүгінгі таңда өте қажетті және орынды идея. Біз саяси ұлтты қалыптастыру жолындамыз. Әлемде алдыңғы қатардан табылу үшін біздің әрқайсымыз және баршамыз бірігіп өзіміздің санамызды, ой-өрісімізді өзгертіп, ескірген таптаурыннан арылуымыз керек. «Қазақстан – 2050» Стратегиясында Қазақстан Президенті «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды» деп көрсеткен. Жаңа тұғырнамада жаңғырудың басты шарты – өз мәдениетіңді, өзіңнің ұлттық кодыңды сақтау екені ерекше көрсетілген. Қоғамның рухани жаңғыруы озық дәстүрлер мен ұлттық-мәдени негіздерге арқа сүйеуі керек. Бұрынғы инновациялар бүгін дәстүрге айналды, бүгінгі инновациялар ертең дәстүрге айналады. Мұндай ұстаным халқымыздың өткенін, қазіргі күні мен болашағын жалғауға, ұлттық сананың әралуан полюстерін жақындатуға мүмкіндік береді. Елбасы қоғамды да, сондай-ақ әрбір азаматты да жаңғыртудың бірқатар негізгі бағыттарын ерекше бөліп көрсетіп отыр ғой. Біріншіден, бұл – бәсекеге қабілеттілік, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерді білу, мәдени ашықтық сияқты факторларға негізделген тың жаңалықтарды әлемге ұсыну қабілеті. Екіншіден, бұл – прагматизм. Ол бірқатар әдеттер мен таптаурындықтардан бас тартуды да, сонымен бірге ұлттың прагматикалық мінез-құлқы мен ұтымды ойлауын, ата-бабалар дағдыларының тарихи тәжірибесін де қамтиды. Білімділік – ұлттың жетістігі. Эволюциялық даму біздің өркендеуімізге жол ашады, бұл жаңғыру идеологиясының қағидаты және Қазақстанның әрбір азаматының ішкі сенімі. Ал сананың ашықтығы дегеніміз қоғамның және әрбір адамның өзгеріске дайын болуы деп түсінер едім. Бұл көзқарастар қоғамдық сананың жаңғыруы үшін іргелі негіз болады. Мемлекет басшысы алдағы жылдарға арналған бірқатар нақты жобаларды айқындады. Алдымен, бұл – қазақ тілін жаһандық ақпарат және байланыс әлеміне жол ашатын латын әліпбиіне көшіру. Елбасының «жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы» деген тезисі бүгінгі таңда өте өзекті. Сананы жаңғырту біздің мақсаттарымыздың бірлігін, құндылықтарымыздың ортақтығын және қоғамдық келісімнің қуатын айшықтайды.

 

– Қайрат Ырзақұлұлы, Шымкент қаласы 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болуға қаншалықты дайын?

– Иә, 2020 жылы «Шымкент – Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мәдени астанасы» болып белгіленді. Бұл бір жағынан біз үшін мақтаныш, екінші жағынан үлкен жауапкершілік. 

Аталған іс-шараны өз деңгейінде өткізу үшін облыс әкімі тарапынан бірқатар тапсырмалар берілді. Қазіргі таңда қалада дайындық жұмыстары басталып кетті. 

Осы мақсатта облыс әкімінің тапсырмасымен қалаға жаңа көрік беретін «Арбат», «Цитадель» жобаларын іске асыру бағытында жұмыс жасаймыз.

Қала қонақтарына сапалы қызмет көрсету үшін Шымкент әуежайын қайта құру жоспарға қойылды. 

Қаламыздың орталық бөлігіндегі пайдаланбай жатқан «Фосфоршылар» және «Металлургшілер» сарайларын қала меншігіне қайтару жұмыстары жүргізіледі.
Одан бөлек, «Қошқар-ата» өзені бойын көріктендіруге аса мән берілетін болады.

 

Сұхбаттасқан
Айгүл ЖАРЫЛҚАСЫН

Опубликовано в Сұхбат

Ән-жырдың қара шаңырағы – Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның құрылғанына биыл 88 жыл толады. Ғасырға жуыр тарихы бар өнер ошағынан осы уақыт аралығында талай күміс көмей әншілер мен әйгілі әртістер шықты. Олардың қатарында ұлттық өнерімізді шетелдерде насихаттап жүрген мәдениет майталманы Ақмарал Биназарова, ҚР мәдениет қайраткерлері Сүндет Миралиев пен Айжан Тәшенова, Айнұр Нұрашова сынды сахна саңлақтары бар. Халқымыздың ән-қазынасын насихаттап, рухани өмірімізге нәр беріп келе жатқан өңіріміздегі бірден-бір өнер ордасының директоры Нұрсәт Бейсеқожаевпен әңгімеміз де осы қарашаңырақтың қазынасын ақтарудан басталды.

– Нұрсәт Саттарұлы, өнер адамдарының өмірі сырт көзге өте қызық көрінеді. Олардың ортасы – сауық-думан, мереке-шаттық. Сахна, гастрольдер, шетелдік сапарлар... Сіз басқарып отырған өнер ұжымы да осы арнаның ағысымен өткен жылда өзіндік із қалдырған болар?

– Әрине. Бірақ сырт көзге қызық көрінетін өмірдің тасасында қаншама еңбек, қажыр-қайрат, ізденіс жататынын, бәлки, былайғы жұрт аңғара бермес. Әртістердің өмірі сахнада сұлу. Сахна сыртындағы тіршілігі– бейнет. Әйткенмен сол бейнет жеміспен қуантып жатса, одан артық ләззат жоқ. Біз үшін өткен жыл дәл сондай табысымен тамсантқан жыл болды. Жыл басында «Қазына» би ансамблі Ресейдегі «Розы России – 2017» байқауында бәйгенің басын қанжығаларына байлап келді. Онда жеке би номинациясы бойынша бас жүлдеге қол жеткізсе, жекелеген бишілер 2-3-орындармен оралды. Сонымен қатар бұл би ұжымы Елбасы қоры сыйлығының иегері атанды. Сондай-ақ өткен жылы Түркияның Бурса қаласында өткен халықаралық ХХХІ «Алтын қаракөз» фольклорлық би байқауында «Қазынамыз» 26 мемлекеттің бишілері арасынан Қазақстанның мәртебесін асырып, алғаш рет жүлделі орынды жеңіп алды. 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Құрманбай Шойынбаев, ҚР мәдениет қайраткері Зәуре Бекембаева, «Өркен» Рысдәулетовтер отбасылық ансамблі өткен жылы мәдениет күні аясында облыс әкімінің стипендиясына, ал Оңтүстіктің дүлдүл әншісі Наркенже Серікбаева «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды. Сондай-ақ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сабира Әбдірайымова «Құрмет» орденімен марапатталды. Филармония мақтанышы Гүлбала Әбуова Елбасының арнайы алғыс хатын алды.

2017 жылы филармонияның Сүгір атындағы ұлт аспаптар оркестрінің 15 жылдық мерейтойы өтті. Осы айтулы шараға байланысты бірнеше өнерпазымыз мәдениет және спорт министрінен, «Ауыл» партиясынан, Қазақстан халқы Ассамблеясынан, еңбек және әлеуметтік қорғау министрінен алғыс хаттар алды. Бір жылда осыншама марапат пен құрметке ие болу біз үшін үлкен мәртебе ғана емес, филармония тарихындағы елеулі жаңалық десем де болады.

Біз, сондай-ақ, төл өнерімізді дәріптеу мақсатында Ресей, Түркияда гастрольдік сапарда болып қайттық. 25 өнерпазымыз Анкараның Кечиөрен ауданындағы көшеге жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың есімі берілген шарада өнер көрсетуге барды. Жаңа көше айтыс өнерінің дүлдүлі, ақиық ақын Сүйінбай Аронұлы саябағының жанынан ашылған еді. Сол 10 күнде өнерпаздарымыз 6 қаланы аралап, ұлттық өнерімізді насихаттады. Бұл әртістеріміз үшін тәжірибе толықтырумен қатар, шетелде қазақтың туын жоғары ұстап, өнер көрсетуіне үлкен мүмкіндік болды.

– Гастрольдік сапар деп айтып қалдыңыз, тек шетелдерде ғана болып қайттыңыздар ма?

– Әрине, өнердің үлкен ордасы болғандықтан біз еліміздің басқа өңірлеріндегі облыстық филармониялармен әріптестік қарым-қатынас орнатқанбыз. Тәжірибе алмасу мақсатында Алматы қаласындағы Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония, Алматы облыстық Сүйінбай Аронұлы атындағы, Батыс Қазақстандағы Ғарифолла Құрманалиев атындағы, Ақтөбе қаласындағы Ғазиза Жұбанов атындағы филармониялармен екі жақты меморандум аясында өнер көрсетіп келдік. Биыл Қызылорда мен Жамбыл облысы жоспарда тұр. Ол жақтан шақыртулар да келген. Филармония деген үлкен ұғым ғой. Мұнда академиялық музыка мен эстрадалық жанрдағы әншілер, бишілер құрамы бар. Сондай-ақ, өткен жылы Алматы облысынан Қазақстандағы ең үлкен өнер ұжымы Б. Байқадамов атындағы мемлекеттік хор каппеласы тұңғыш рет өңірімізге келіп, екі концертін берген болатын.

 

– Еліміздегі айтулы мерекелерде де өнер көрсетуден де шет қалмайтын боларсыздар? 

– Баршаға аян, былтыр еліміз үшін тарихи, айтулы жыл болды. 2017 жылдың 10 маусымында «АСТАНА ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі есігін айқара ашты. 3 айға созылған осынау көрме аясында Оңтүстік Қазақстанның мәдени күндері өтті. Этно ауылдағы Мюзик-холлда біздің Сүгір атындағы оркестр мен әншілеріміздің, бишілеріміздің жеке-жеке концерттері болды. Яғни, ашық автобуста қаланы аралап, шаһардағы ірі ойын-сауық орталықтары мен халық тығыз шоғырлаған орындарға барып өнер көрсеттік, "Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында флэшмоб өткіздік. Сондай-ақ, Қазақ концерттік бірлестігінде берген концертімізде Наркенже  Серікбаева, Сүгір атындағы ұлттық аспаптар оркестрі, Айнұр Нұрашова, Құралай Қасымова, «Өркен» Рысдаулетовтер отбасылық ансамблі, басқа да солистеріміз Оңтүстіктің атынан өнер көрсетті. Бұл біздің филармония өнерпаздарының кәсіби шеберлігін танытқан үлкен сын болды. Түркістанның ТҮРКСОЙ аясындағы Түркі әлемінің мәдени астана жылында әз-Наурыз мерекесінен қараша айындағы жабылуына дейін барлық іс-шараларына қатыстық.

– Сөз басында жылды табысты аяқтағандарыңызды айтып қалдыңыз. Құпия болмаса, жылдық табыстарыңыз қанша соманы құрады?

– Әрине, жасыратыны жоқ, тауық жылы табысты болды. Бірақ айтып өтейін, мемлекет қаржыландырып отырғандықтан біз сол жұмсалған қаражатты ақтай алдық па деген сауал туындайды. Мекемеде жұмыс істеп жатқан 229 қызметкердің жалақысы да мемлекет есебінен. Жыл басында алдымызға 17,5 млн теңге табыс табуды меже етіп қойсақ, жоспар артығымен орындалды, 26 млн теңге пайда түсті.

 

– Пайдаға кенеліп жатқандарыңыз өңіріміздің өнер сүйер қауымы көбеймесе, азаймағанынан болар. Жалпы көрермен пікірі қаншалықты маңызды?

– Біз былтыр Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында 20-29 қараша аралығында апталық толыққанды концерт берген болатынбыз. Мұндай іс-шара филармонияның ұйымдастыруымен алғаш рет қолға алынып, сәтті өтті. Біздің ұжым дарынды өнерпаздармен мәртебелі. Әйткенмен ұлт аспаптар оркестірінің деңгейі Батыс Қазақстанмен, Арқамен салыстырғанда кішкене кенжелеу екенін жасыра алмаймыз. Дегенмен шәкірт тәрбиелеу, ізбасар іздеу мақсатына да мән берудеміз. Осы мақсатпен №1,2,3 саз мектептерінің оқушыларымен бірлесе отырып, оркестрдің 3 концертін қойдық. Бұл – дәстүрге айналған «Жаңғырық» деп аталатын концерт. Осы саз мектептерінде білім алатын 25 оқушы кәсіби солистермен бір сахнада өнер көрсетті. Ал екінші концертіміз Кеңестік кезеңдегі кино туындыларының саунд-трэктерін қазақ оркестрімен жанды орындау еді. Сахнаның LED-экранында киноны дыбыссыз қойып, музыкалық сүйемелдеу ретінде оркестрді қосып орындады. Біз оны эксперимент ретінде, көрермендерді оркестрге тарту мақсатында ұйымдастырған едік. Сүйініштісі сол, залдағы көрермен 1 сағат 20 минутқа ұласқан концертімізді тапжылмай отырып тамашалады. Соңында орындарынан тұрып, тағы өнер көрсетуімізді сұрады. Ал үшінші ресми концертіміз қазақтың күй өнерін насихаттау мақсатында өтті. Сондай-ақ, үлкен алаңдарға, халық көп шоғырланатын ірі ойын-сауық орталықтарында өнер көрсетіп тұрамыз. Әрине, көрермен осындай демалыс сәттерінен ләззат алса, шынайы өнерді түсіне бастайды.

 

– Өнерсүйер жұртшылықты қуантарлық жаңалықтарыңызбен бөлісіп, алға қойған жоспарларыңыз жайында айтып өтсеңіз?

– Жоспар көп. Міне, алдағы 9 ақпан күнге «Тұғыры биік өнерім» атты концерттік бағдарламамызды дайындап жатырмыз. Ал жылда өтетін Шәмші Қалдаяқовты еске алу концертін биыл өзгеше бағытта берсек деген жоспар бар. Оны ауызбен айтып жеткізгенше, өнерімізбен көрсетсек деймін. Әрине, қызықтан қалмай, келіңіздер дер едім көрермен қауымға!

 

– Әсерлі әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан
Азамат ЖАППАР

Опубликовано в Сұхбат

Елбасы биылғы Жолдауында банк секторын «қайта жаңғыртуға» назар аударды. Төртінші өнеркәсіптік революция дәуірінде өмірімізге түрлі технологиялар еніп жатыр. Алда банк секторында да өзгерістер болмақ: шамамен 5-10 жылда барлық төлемдер онлайн жүйеге көшеді. Телефон арқылы несиеңізді төлеп, басқа да есеп-айырысулар оңайламақ. Түптеп келгенде келешекте банктерге филиалдың қажеті болмайды. Өйткені, барлық ақпарат бір алаңға шоғырланады. Рас, қоғамның барлық саласын цифрландыру – уақыт талабы. Осы орайда «Zoloto» микро-қаржы ұйымының директоры, қалалық мәслихат депутаты Шыңғыс Қозбахов елдегі бүгінгі қаржы секторындағы ахуал төңірегінде бізге біраз жайтты әңгімелеп берді.

shyngys

«Барлық төлемдер  онлайн жүйеге көшеді»

– Шыңғыс Лесбайұлы, Елбасы биылғы Жолдауда «Ұлттық банк тарапынан қаржы институттарының қызметін қадағалау қатаң, уақтылы әрі нәтижелі болуға тиіс», «Мемлекет қарапайым азаматтардың мүдделерін қорғауға одан әрі кепілдік береді» деп, нақты тапсырмаларды атап өтті. Әңгімемізді Жолдаудағы негізгі басымдықтардан бастасақ. Банк секторын «қайта жаңғырту» деп атаудың мәні неде? 

– Жалпы, бұл салада да қордаланған мәселе көп. Мысалы, осыдан 10-12 жыл бұрын халықтың қаржылық сауаты аздау болды. Қазір жағдай басқаша. Жылдан жылға өздерінің білімін арттырып келеді. Әр азамат өзінің несие "тарихын" дұрыстауға көңіл бөле бастады. Банктен қарыз алып, оны төлемей созып жүрген азаматтарға қазір талап күшеюде. 

Одан кейін екінші деңгейдегі барлық банктердегі несиемізді толығымен талдау қажет. 2009 жылғы дағдарыста бірқатар банктер қиындыққа кезіккенін білесіздер. Қарыз жинақталып қалған кезде мәселе шығады. Міне, соның бәріне ревизия жасап, банктер өздерін де, жеке тұлғаларды да қарыздан тазартып, жұмысты қайта бастауы керек. Проблемалық несиелерден арылу қажет. Қайта «жаңғыртудың» негізгі себептерінің бірі осы. 

Елімізде отыздан аса банк бар. Менің ойымша, Ұлттық банк дәл уақытында және қатаң әрекет етсе, қаржы институттарын толық бақылауға ала алады. Оның нәтижесі де айтарлықтай болмақ.

 

– Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды жеделдетіп қабылдау керегі де айтылды...

– Иә, бұл – дұрыс айтылған мәселе. Адам өмір бойы қарыз болып өтпейді ғой. Қателеспейтін адам жоқ. Несие алғаннан кейін әр түрлі жағдай болуы мүмкін. Қазіргі заң бойынша қарызы барларға шетелге шығуға тыйым салады. Айлығыңның 50 пайызын ұстап отырады. Елде несие алғандар аз емес. Ендігі кезекте «өтей алғанымша өтедім, қалғанын өтей алмадым» деп, өзін банкрот етіп жарияласа, ол өзіне жақсы. Тазаланып алғаны дұрыс шешім. Бұны заң жүзінде істеу керек. Он жылдан астам уақыттан бері келе жатқан несиелер бар. Осының бәрін банк мұқият қарап, өтеуге шамасы келмейтін азаматтарды банкрот деп танысын. Екі жақ та қаржыны жою керек. Оны жинай бергеннен не пайда? Екінші деңгейлі банктер мұны Ұлттық банкпен бірлесе атқарғаны жөн.

Бұл – әлемде бар тәжірибе. Өркениет елдерінде бұрыннан қолданылып жүр. Дегенмен, оның процедурасын дұрыс істеу керек. Негізінен, заң қабылдануы керек. Оны Ұлттық банк, әлде ұлттық экономика министрлігі әзірлейді. 

 

– Бұл саланы цифрландыру жөнінде не айтасыз?

– Жолдауда айтылғандай, ақпараттандыру, индустриаландыру, барлық секторды қамтып отыр. Осыны түсінуіміз керек. Қаржы секторы да ақпараттандыруға бет бұрды. Қазірдің өзінде электронды әмияндармен төлем жасап жүрміз. Меніңше, 5-10 жылда барлық төлемдер онлайн жүйеге көшеді: телефон арқылы несиесін өтеп, коммуналдық төлемдерді де осы жүйемен есептеседі. Оқуын да солай. Яғни, барлық ақпарат бір алаңға шоғырланады. Сол кезде филиалдың қажеті болмайтын секілді. Уақыт үнемделеді.
Жуырда бір БАҚ-тан көрдім, қазірдің өзінде АҚШ-тың Сиэтль қаласында кассирсіз, сатушысыз дүкендер ашылыпты. "Амазон" компаниясы лазерь арқылы есептеу жүйесін енгізген. Біз осындай жағдайға жетеміз.

 

«Ноу-хау жобаларға басымдық берілсе...»

– Инвестициялық ахуалдың жақсаруы – басым бағыттардың бірі. Инвесторлар тартуда не нәрсеге көңіл бөлген жөн? 

 

– Бізде әлеует бар. Бизнеске жағдай жасау жөнінен Қазақстан ТМД елдерінде алдыңғы орында. ТМД бойынша ең төменгі салық бізде. Инвестициялық климатты одан ары қарай жақсартуға мүмкіндік бар. «ЭКСПО» көрмесі абыроймен өтті. Көрменің ғимараты "Астана" қаржы орталығына айналады. Жалпы, инвестициялық климат тек Астана ғана емес, әр облыста, әр қалада дамуы тиіс. Облыстық басқармалар мен қалалық кәсіпкерлік бөлімдер инвесторлар тартуда белсенді жұмыс жүргізетін сәт қазір. Неғұрлым көп инвестор тартқан сайын жұмыс орындары да көптеп ашылады. Корея, Жапония, т.б., елдердің ұсынар ноу-хау жобалары жоқ емес.
Таяуда «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалының кезектен тыс XXXIII конференциясында облыс әкімі де мұны баса айтып өтті. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары –Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевпен бірге сүт фермасын аралағанын білесіздер. Сол жерде екі жүз сиырға екі адам ғана жұмыс істейді екен. Ол оңайлықпен іске асқан жоқ. Міне, осындай кәсіпорындарды қолға алу үшін де климат дұрыс болуы керек. Қызықтылығымен ерекшеленсе деймін.

– Рас, қазір кәсіпкерлердің талпынысы жақсы. Дегенмен, халықтың қаржылық сауаттылығы қай деңгейде? Өз құқықтарын біле ме? Мәселен, азаматтардың банк карточкаларынан ақшалары жоғалған жағдайлар да баспасөзде айтылды... 

– Жалпы, жастарымыз сауатты. Интернетте барлық мәліметтер бар. Менің жасым – 33-те. Бәрін білеміз ғой (күліп). Жастар несие алуды, оны төлемесе не болатынына дейін біледі. Болашақ солардың қолында. Олардың білгені өте жақсы. Ауылдық жердегі зейнетке шықпаған егде кісілер бар. Бар гәп осында. Қазір Үкімет порталынан барлық құжаттарды алуға мүмкіндік бар. Ал ауылдық жердегі кісілер оның бәрін білмейді. Тек ХҚКО-ға барып, кезекте тұрады көбісі. Меніңше, ол кісілерге аудандардағы банктің менеджерлері ақпараттандырып, түсіндіргені дұрыс. 

Бүгінде ЖОО-ның барлық факультеттерінің студенттеріне қаржыны үнемдеу, депозит, акция, облигациялар жөнінде семинар-тренингтер жиі өткізілсе құба-құп. Талдауды үйрену керек. Қазір латын әліпбиіне өтіп жатырмыз. Келешекте оның қажеттілігі арта түспек. Кез келген қазақ азаматы «Фейсбук», «Гугл», «Алибаба» секілді әлемдік алпауыт компаниялардың акционері бола алады ғой. Кішкентай үлескер болса да. Биржаға қатысуды үйренсін. Сонда ғана банк секторына деген қызығушылық артар еді.

Ал банк карточкаларынан ақшалардың жоғалуына бірнеше жағдай себеп болуы мүмкін. Бәрімізде карточка бар. Бірінші айтарым - әр адамға өзіне ықтият бол дегім келеді. Интернет – дамыған заман. "Уатсап", "Инстаграм" желілерінен түрлі хабарламалар келуі мүмкін. Біреуін алсаң, екіншісі тегін деген сияқты. Білместікпен сол жаққа ақша аударым жасаған шығар. Міне, алаяқтар осындай жағдайда өз әрекеттерін іске асыруға тырысады. Карточкалардың қауіпсіз сақталуына мән берген жөн. Өз-өзіңе ықтият болсаң, алаяққа алданбайсың.

Тағы бір мәселе – алаяқтар банктің операциялық жүйелеріне кіріп, қаражатты жымқырса, оған банк жауапты. Қауіпсіздігін сақтауы тиіс қой?!

 

«Басты мақсатымыз – цифрландыруға өту»

– Қазір «криптовалюта» деген термин шықты. Бұл халықаралық төлем түрінің болашағы қалай болмақ? 

– Негізінен, ақша аударымдары, төлем жүйесі ретінде оның болашағы бар екенін айтайын. Оны келешектегі төлем жүйесі ретінде қарастыруға болар. Беларуссия оған рұқсат берді. Ал Қытай тыйым салды.

Рас, көлігін, үйін криптовалютаға сатамын дейтіндер шығуда. Қалай сатады? Заң бойынша бағасы жазылуы керек емес пе?! Миллион теңгеге алды делік. Оның мүлік салығын төлеу керек. Криптовалюта осы жағынан заңсыз. Бұл мәселе бойынша заң қабылданып, бір ортақ шешімге келу керек сияқты. Қаржы пирамидалары сияқты алаяқтыққа апармауы тиіс. 

Қазірдің өзінде АҚШ-та осындай валютамен қонақүй, ұшақтарға төлем жасалып жатыр. Мен сол елге барған сапарымда өзім куә болдым. 

Кез келген жаңа нәрсенің жанында алаяқтар пайда болатынын да ұмытпауымыз керек. Осындай жаңа нәрсенің арқасында біреу пайда тапқысы келеді. Криптовалютаның түрлері де көп. Төрт бағдарламашы отырып, бір ақшаны шығара салады. Ол қалай жасалды? Төлем ретінде қалай жүріп жатыр? Жалпы, интернетпен, ақпараттандырумен байланысы бар дүниенің келешегі бар.

 

– Өзіңіз басқаратын микро-қаржылық ұйымның қазіргі даму барысы қалай? 

– Бәрін қорытындылай келе маркетингтік сатуда екі позиция бар: офлайн немесе онлайн. Біз офлайн түрінде тек қана Шымкентте жұмыс істейміз. Кеңсеміз осында. Қаржы беріп жатырмыз. Күнделікті адамға қажетті мәселелер бойынша. Біздің де басты мақсатымыз – цифрландыруға өту. Қазір онлайн-банкинг жүйесінің жобасын қарастырып жатырмыз. Шымкентте отырып, бүкіл елдегі халыққа несие беретін жағдайға жетуіміз керек. Бұл жобамызды шілде айында бітіріп қалармыз.

Мекеменің ашылғанына 2,5 жыл болды. Жоспарлар бар. Бір орнында отырған жоқпыз. Микроқаржы ұйымдарға арналған түрлі бағдарламалар да жетерлік. Көштен қалмай, алға қадам баса беру – мақсатымыз.

 

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан
Тағабай ҚАСЫМ

Опубликовано в Сұхбат
Среда, 31 Январь 2018 09:11

Ана жұрттан – «Өз жұртқа»

Күнделікті өмірімізде түрлі жағдайларға байланысты өзге ұлттардың тағамдарын жиі пайдаланамыз. Бірі ұйғырдың лағманын, бірі өзбектің палауын, енді бірі орыстың тұшпарасын жегенге құмар. Олардың дайындалуына қарай мейрамхана, асханаларды таңдаймыз. Соңғы кездері қытайдың лапшасы мен жапондардың сушиі де көптеген адамдардың қызығушылығын тудыруда. Мұндай асханаларды әлемнің ірі мегаполистерінен де кездестіре аласыз.
Шымкентте Астана, Алматы тұрғындарына таңсық емес «OZYURT»(Өзюрт) түрік мейрамханасы ашылған. Аз уақыттың ішінде бірқатар келушілердің қызығушылығын тудырып үлгеріпті. Осыған орай, мекеме басшысы Айдемир Гүлтекинмен сұхбаттасқан едік.

DSC 9896

– Айдемир мырза, мейрамхананың тарихына тоқталып өтсеңіз...

– 1992 жылы Қазақ елі Тәуелсіздік алғаннан кейін Түркиядан біраз азаматтар келді. Мектеп ашты, кәсіп бастады, сауда-саттық жасады. Солардың ішінде Хамза Арслан деген кісі болды. Бастапқыда аға-інілерімен азық-түлік таратып жүрді. Сосын бірінші рет Түркиядан «Дөнерді» алып келді. Алғашқыда 3-4 қана үстел қойып, кішкене дүңгіршекте сатты. Ет таусылғанша 2-3 сағат жұмыс істеп, жауып қоятын. Соның өзінде халықтың қызығушылығы тез артып, ұзын сонар кезекте тұратын. Одан кейін аядай жерді жалға алып, аумағын кеңейте түсті. Сөйтіп Алматыда ашылған асханалар, бірқатар өңірлерге қанатын жайды. Қазір 8 филиалы бар. Астанада, Ақтауда және тамыз айынан бастап Шымкент қаласында да қызмет ете бастады.

DSC 9966

– Тамақтарыңыздың басты ерекшеліктері қандай?

– Өзюрт етімен танымал. Бізде негізінен етке, мангалға арналған тамақтар дайындалады. Ал олардың ерекшелігі – маринадталуында. Олардың қалай жасалуы әрине асханалық құпия. Адамдар бізге ет жеу үшін келеді. Қазақтарда ет те көп, ет жейтіндер де көп. «Ет – етке, сорпа – бетке» дегендей.
Бұлардан бөлек «Лахмаджун», «Пиде» деген Түрік пиццасы, «Баклава», «Пахлава» тәттілері, қойдың ішек-қарын, өкпе-бауырынан, жасымықтан жасалған сорпалар және тағы басқа тағам түрлері бар.

 

– Жалпы Түрік халқының ерекше шәй ішу мәдениеті бар. Осы туралы айтып өтсеңіз... 

– Шәйді қазақтар көп ішеді (күлді). Бірақ түріктер одан да көп ішеді. Бізде шәй деген – доспен отырып әңгімелесу деген мағынаға келеді. Қонаққа барғанда тамақтан бұрын шәй әкеледі. Түріктерде қыз баласы түрік шәйін немесе кофесін жақсы демдей алса, қолынан барлық нәрсе келеді деген сөз.

DSC 9952

– Шәйді неге «Бардакпен» ішеді?

– Өйткені, ол ыдыста ыстық күйінде болады. Оны жайлап, асықпай ішесіз. Әрбір ұрттағанда бір әңгіме айтасыз. Оны тез бітірмеу керек. Тою үшін емес, ләззат алу үшін ішеді. Әрбір стақанның өзінің ерекшелігі бар. Кез-келген түрік стақанын қонаққа бере алмайсыз. Қонаққа беретін және өзіңіз ішетін стақан бөлек-бөлек болады. Бізде стақанды келіншекке ұқсатады. Стақанның белі қанша жіңішке болса, сондай ерекшелігі көп болады.

 

– «Өзюрт» деген ат қайдан шыққан?

– Өзіңіз білесіз біз Түрік халқы Қазақстанды «Ата жұрт» деп атаймыз. Яғни, өзіміз шыққан жұртымыз. Былайша айтқанда «Өзіміздің жұртымыз» деген сөз. Ал Түркияны «Ана жұрт» дейміз. Сондықтан «Өзжұрт», түрікшеде «Өзюрт» деп қойдық.

DSC 9886

– Кез-келген дәмді тағамның артында, аспаз тұратыны белгілі. Мейрамханаларыңыздың тамақтарын кім дайындайды?

– Бізде негізгі үш аспаз бар. Оның біреуі жергілікті түрік, екіншісі Түркияның түрігі. Ал үшіншісі «Өзюрт» асханаларда көп жыл тәжірибе жинаған, қазақ азаматы. Бұлардан бөлек көмекші қызметкерлері бар. Олар да түрлі ұлт өкілдері. Бізге көп ұлтты болғаны жақсы.
Қазақстанның өзі көпұлтты ғой. Кейде жиналыс жасағанда қай тілде сөйлерімді білмей қаламын. Түрікше, Өзбекше, Орысша... Бірақ, басты және ортақ тіліміз қазақша болғаннан кейін, қазақша сөйлейміз. Кейде осы ұлт өкілдері өздерінің тағамдарын да ұсынып отырады. Өзіміз тамақ ішетін кезде бірде палау, бірде қазақтың қазы-қартасын немесе түрік тағамдарын жейміз. Бірақ олар ас мәзірінде жоқ.

– Арнайы тапсырыс беретіндер бар ма?

– Иә, ондай кездер де болып тұрады. Мәселен, біздің «Өзюртта» «Гәп» өткізетіндер бар(күледі). Олар алдын ала өздері қалаған асқа тапсырыс беріп қояды. Біздің «Он саусақта, он қабілет» дегендей, кез келген тапсырысыңызды дайындап беруге әзір.

DSC 9874

– Өзіңіз Қазақстанға қашан келдіңіз?

– Алғаш рет бұл жаққа 1999 жылы келдім. Бастапқыда Түрік тағамын, анамыздың асын сағынып жүрдік. Баратын жеріміз жоқ. 1-2 жыл ауылға қайтқанша шыдаймыз. Кейіннен осындай асханалар ашыла бастады. Үйреніп те кеттік.
Жалпы мен Түркиядан келсем де, бұл жерге бөтен емеспін. Осы жерде оқыдым, жастық шағым өтті. Негізгі мамандығым тамақ жағынан болмаса да, осы кәсіпке кірісіп кеттік.

DSC 9914

– Сонда қай саланың маманысыз? 

– Жалпы менің мамандығым «Сахна өнері». Қазір де бұл бағыттағы жұмыстарымды жалғастырып жатырмын. Түркістанда «Алдараспан» әзіл-сықақ театрының басшысы Нұржан Төлендиевпен, Тука(күледі), Түркістандағы драма театрындағы Нұржан Исатаевпен, мәдениет саласындағы Гүл Советқызымен бірге оқыдық. Композитор Арман Дүйсенов секілді ағаларымыз болды. Жалпы біз Райымбек Сейтметовтың шәкірттеріміз. Ол кісі Алматыдан келіп, өнер кафедрасын ашты. Оның алғашқы түрік студенті болғанмын. Қазір оның барлық ізбасарлары елімізде және шетелде қызмет етіп жүр. Ұстазымыздың маған айтқан бір сөзі есімде қалып қойыпты. Бізге «балам» дейтін, Диплом беретін кезде «Балам осы екі елдің арасында, өнер көпірін салатын сен боласың» деп айтқан еді. Мен одан кейін де бірқатар шығармалар жаздым. Ахмет Ясауи туралы спектакль жаздым, Түркияда Қазақстан туралы көптеген шараларды ұйымдастырдым, қатыстым. Енді осы жерде де бұйырса Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында түрікше шығарманы қазақшаға аударып, сахналасақ деген ой бар. Жуырда Түркістан – Түркі дүниесінің астанасы атанды. Ол кезде де түрлі шаралардың басы-қасында болдық. Осылай тек тамақпен ғана емес, өнер жағынан да екі елдің арасындағы көпір болуға қолдан келгенше еңбек етіп жүрміз. 

 

Келешекте осы мейрамханамызда да мәдениет, өнер бағытын дамытсақ деген ой бар. Жанды дауыста ән айтып, күй шертіп дегендей. Біздің мейрамханаға келгенде тек қарын тойғызып қана емес, кітап, газет оқып, бізбен әңгімелесіп (күледі) көңіл көкжиегін кеңейтіп кетсе екен. Сондай ыңғайлы жерлердің бірі болсақ дейміз. Кейде адамдар тамақ үшін емес, әңгімелесіп, демалып отыру үшін де келеді. Есігіміз ашық. 

 

– Рахмет!

Сұхбаттасқан
Сапарғали Қанат

Опубликовано в Әлеумет

Елбасы Н. Назарбаев биылғы Жолдауында «Біз 2030 жылға қарай Қазақстандағы баламалы энергия үлесін 30 процентке жеткізу үлесін қойдық. Қазір бізде жалпы қуаттылығы 336 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 55 нысаны жұмыс істейді. Соларда 2017 жылы 1,1 миллиард киловатт-сағат «жасыл энергия» өндірілді. «Жасыл» технологияларға инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру маңызды» деді.
Шымкентте бұл саланың қыр-сырын меңгеріп, игілікке жаратып жүрген «Су ресурстары маркетинг» ЖШС директоры Мұрат Ормановпен әңгімеміз жасыл энергия тақырыбында былай өрбіді.

IMG-20180129-WA0001

– Мұрат Анарбекұлы, «Су ресурстары маркетинг» Оңтүстіктегі баламалы энергия көзін пайдаға асыруды дер кезінде қолға алған мекемелердің бірі. Өңірдің климаттық жағдайын тиімді пайдалану қандай қажеттіліктен туындады?

– Кез келген өндіріс және қызмет көрсету салаларында озық технологияларды пайдалану, сапаны арттыра отырып бағаны төмендету – басты мақсат болып табылады. Еліміз егемендікке қол жеткізген жылдан бастап жаңа технологияны пайдалану, табиғи байлықты тиімді жұмсау үшін «Жасыл экономика» аясында өндірісте баламалы энергия көзін қолдану қажеттілігі туындады. Мекеменің техникалық процестерінің ерекшеліктеріне қарай энергияны тиімді қолдану кезінде бұған тағы да бір рет көз жеткіздік. 

Соңғы уақытта электр энергиясы тарифінің өсуіне байланысты баламалы қуат көзін пайдалануды уақыт талап етті. Біздің мекеме де бұл мәселеден тыс қалмады, өйткені халықты үздіксіз таза ауыз сумен қамтамасыз етуде едәуір энергия жұмсалады. 

Табиғаттың өзі адамзатқа технологиялық міндеттерді шешудің амалдарын көрсетіп отырады. Біз оны дер кезінде ұғынып, оны уақыт өткізбей іске асыру қажет екенін түсіндік. 

Президент Н. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясында «Көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар» деп атап көрсетті.

Біздің өңірдің климаттық жағдайында күн, судың және желдің энергияларын пайдалану мүмкіндігі зор. Осы мүмкіндікті қолдан жібермей, күннің және судың энергиясын пайдалана отырып, баламалы энергия аясында 6 жобаны іске асырып отырмыз.

Бұл жобалардың ең алғашқысы 2014-2015 жылдары қолға алынды. Құрылғылар «Ақбай-Қарасу» су қабылдағышы және шайынды суларды тазарту кешенінің аумағында, сосын мекемеміздің әкімшілік ғимаратында орнатылған. Күн нұрынан баламалы энергия өндіретін стансаның қуаттылығы жалпы 2,1МВт құрайды. 

Сонымен бірге, 2016-2017 жылдары Ақсу өзенінің бойында қуаттылығы 2,5 МВт шағын гидроэлектростанция және шайынды сулар негізінде биогаз алатын, одан электр энергиясын өндіретін қуаттылығы 0,4 МВт құрылғы, Ақбай-Қарасу су қабылдағышының аумағында қуаттылығы 0,1МВт геотермалдық жылу сорғылары, шайынды су құбырының қуатымен жұмыс істейтін қуаттылығы 0,125МВт шағын су электр станциясы іске қосылды.

– Жуырда іске қосылған биогаз қондырғылар кешенінің жұмысына тоқталсаңыз...

– 2014-2017 жылдар аралығында Европалық Қайта құру және Даму Банкісімен несиелік келісімшартқа қол қойылып, осы несие есебінен шайынды суларды тазарту қондырғыларын жаңғырту және биогаз қондырғысын орнату құрылысының жобасын қолға алдық. Бұл тек елімізде ғана емес, Орта Азия елдері ішінде алғашқы жоба болып саналады.
Шайынды сулар негізінде алынатын биогаздан өндірілетін электр энергиясының қуаттылығы 400 мың кВт/сағ. Өндірілетін қуат шайынды суларды тазарту кешенінің электр энергияға қажеттілігінің 40% қамтиды. Жұмсалған инвестицияның өзін-өзі ақтау мерзімі 7 жыл. Осы жоба аясында, қаламыздың кәріз құбырларынан ағатын шайынды суды сүзіп, қоқысты қайта өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетерлігі, тазарту алаңына тәулігіне 100-150 мың текше метр шайынды су ағып келеді. Механикалық тазартқыш қондырғыларынан өткен қалдық су мемлекеттік стандарттарға сай тазаланып, ауыл шаруашылығында егін суғаруға пайдаланылады. Ал арнайы тазалағыш торларынан алынған яғни, жуылып, кептірілген құм құрылыста таптырмас пайда. Тағы да шайынды судан жылына 34 мың тонна органикалық тынайтқыштар алуға болады.
Жаңа бастама энергияға қол жеткізіп қана қоймай, өз кезегінде атмосфераға зиянды элементердің таралуына жол бермейді. Әрі бұл қалдықтардың азаюына, экологияның ластанбауына мүмкіндік жасайды.

– Дәл қазіргі уақытта биогаз өндіретін кешеннің шамалап айтқанда қанша елдімекенді (немесе түтінді) энергиямен қамтуға күші жетеді? Болашақта бұл жобалар Оңтүстіктің көрші мемлекеттерге энергияға деген тәуелділіктен құтқара ала ма?

– Қазіргі таңда, биогаз өндіретін кешеннің энергиялық қуаты, өзінің жалпы электр энергия тұтынуының 40%-ын ғана қамтып отыр. Өндірілген энергия тек кешеннің өзін қамтамасыз етуге жұмсалады.
Елбасы Н. Назарбаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауында 2030 жылға қарай Қазақстандағы баламалы энергия үлесін 30 пайызға жеткізу міндетін қойған болатын. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш болжам бойынша 80 пайызға жетуі айтылды.
Өңірде электр қуаты тапшы. Алайда, саланы дамыту бойынша мүмкіндік мол. Басты мақсат – «Жасыл экономика» бағытында қолға алынған жобаларды іске асыру, қосымша қаржы көздерін тарту. Осы бағытта мекеме жаңа және озық технологияларды пайдалана отырып, баламалы энергия көздерінен қолданатын жобаларды іздеуде.

 

– Жоба демекші, энергетика саласына инновациялық жаңалық қажет екендігі жиі айтылады. Бұған ғалымдардың жаңалығы қажет пе, технология ма? Осы тұста, өңірімізде қуат көзін алуда түрлі жаңалықтар ашып жүрген азаматтар да баршылық. Олардың идеясын пайдаға жаратып көрдіңіздер ме?

– Біздің мекеме ғалымдардың жаңалығын да, жаңа технологияларды да назардан тыс қалдырмайды. Бұл үшін серіктестігіміз ҚР Су арнасы қауымдастығының барлық форумдарында, елімізде өтіп жатқан барлық «Жасыл энергия» көрмелерінде, халықаралық «EXPO», «ЭКВАТЕК» секілді маңызды көрмелерге қатысып келеді. Электронды түрде өзге елдердің мамандарымен тәжірибе алмасамыз.
Еліміздің және басқа мемлекеттердің мамандары жылына 10 шақты пилоттық жобаларын да ұсынады. Олардың қажетін жүзеге асыру – уақыт еншісінде.

– Табиғаттан баламалы энергия көзін алуды тиісінше пайдаға жаратуда тәжірибеңіз бар. Шет мемлекеттерге шығып, бұл тұрғыдан жұмыстарымен танысқан да боларсыз? Олардың технологияларын да кәдеге жаратып келесіз. Қай елдің бұл саладағы жетістіктерін үйренуге болады?

– Иә, әсіресе, мамандарымызды баламалы энергия өндіру саласында жұмыстармен танысуда бірнеше рет шет елдерге жібердік. Табиғаттан баламалы энергия көзін алуды тиісінше пайдаға жаратуда АҚШ, Германия, Қытай, Малайзия, Ресей, Жапония, Түркия, Венгрия, Польша мемлекеттерінің ірі кәсіпорындары және компаниялары көшбасшы болып саналады. Олардың басым бөлігі жел, күн сәулесінен қуат алатын электр станциялары мен мембрандық су тазартқыштарды пайдаланады.
Осы бағытты дамытуда шет елдік мамандармен бізде жиі халқаралық жиындар өткізіледі. Тәжірибе алмасу мақсатында кәсіпорынға 2016 жылы Германия, Венгрия, Польша, 2017 жылы Жапония, Үндістан, Түркия, Қытай елінен делегациялар келді.

 

– Аталған жобалардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағынан келтірген пайдасын тарқатып айтып берсеңіз...

– Ең бастысы, серіктестіктің оңтайлы техникалық шешімдер мен жаңа технологияларды қолдану нәтижесінде 1996-2017 жылдар аралығында су шығынын қысқарттық. Тұтынушылардың орташа жан басына есептегенде су тұтынуы тәулігіне 456 литрден 120 литрге төмендеткенін айтуымыз керек. Себебі, таза су біздің басты байлығымыз. Осы бағытта жерасты таза су қорының 25 жылға жететін қорын үнемдеуге қол жеткізіп отырмыз. Бұған қоса, тұтынушылардың да суды үнемдеп пайдалану арқылы өздерінің отбасылық бюджетін тиімді жұмсаудың маңыздылығын да ескеруіміз керек.
Ал енді электр энергиясын үнемдеуді айтар болсақ, Грундфос, Одесса, Флюгт сияқты әлемнің таңдамалы өндірушілерінің үздік технологияларын енгізе отырып, электр энергиясының шығынын 10 есеге азайттық. Ал, бұл азайтылған шығынның қаржылай тиімділігі 9,7 млрд. теңгені құрайды. Оған қоса, атмосфераға 62,9 мың СО2 зиянды элементінің таралуының алды алынды.
Бұдан бөлек, жоғарыда айтып өткен ағынды сулар негізінде биогаз қондырғылар көмегімен алынатын электр энергия кешені жобасы бар. Осы жоба аясында, қаламыздың кәріз құбырларынан тазарту алаңына ағатын қалдық суды сүзіп, тәулігіне 100-150 мың текше метр қалдық су қайта өңделеді.

 

– Жаңғырмалы энергия саласын дамыту үшін қандай қолдау қажет?

– Қазіргі таңда жаңа технологияларды қолдану, баламалы энергия көзін пайдалану, «Жасыл энергияны» өңдеу үшін барлық мүмкіндік бар. Бұл мәселе жөнінде «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бар. Сондай-ақ, Елбасының өзі соңғы Жолдауында ел адындағы 10 міндеттің ішіне ендіргені белгілі.
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, объектілерін жобалау, салу кезіндегі, өндірілген энергияны сату немесе қосу кезінде мемлекеттен қолдау және қаражат та қажет. Ең бастысы бұл салаға елімізде бетбұрыс бар.
Біз «Жасыл энергияны» барынша пайдалана отырып экологиялық таза, жоғары технологиялы елді жас ұрпаққа қалдыруға тиіспіз. Бұл бізге жүктелген басты міндет деп білеміз.

Әңгімеңізге рахмет!

 

Сұхбаттасқан
Айгүл КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Опубликовано в Сұхбат

shymkala kz-7-4

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында «Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті үйрету жөніндегі жұмыстары қолдауға тұрарлық» деп, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасын ерекше атап өткен болатын. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакировпен аталған мекеменің бизнестегі жаңалықтары мен жоспарлары туралы сұхбаттасқан едік.

– Асқар Бегдәулетұлы, «Атамекен» ҰКП-ның басым бағыттары бойынша қандай жұмыстар жүргізілуде?

– Елбасы Жолдауда атап өткендей, «Атамекен» ҰКП кәсіпті енді бастап жатқан азаматтарды бизнес жүргізуге үйретеді. Негізгі мақсат – құқық қорғау, әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған. Бізде Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес белсенді жұмыс істейді. Әкімшілік кедергілерді азайту – бұл жүйелік жұмыс, біз Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына мемлекеттік бағдарламалар бойынша ұсыныстар жасаймыз. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау нәтижесінде Палата кәсіпкердің ақшасын үнемдеуге қол жеткізген мысалдар да бар. Осылайша, кәсіпкер үнемделген қаражатты айыппұлға емес, өзінің компаниясына, халықтың жалақысына жұмсайды. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша барлығы 1471, ал 2017 жылы 514 өтініш келіп түскен. Кәсіпкерлердің қорғалған меншік құқықтарының жалпы көрсеткіш 12,4 млрд теңгені құрайды (айыппұлдар жойылды, контрагенттердің шарттық міндеттемелері орындалды, мүлік қайтарылды). 2017 жылы кәсіпкерлердің 4 млрд теңгеден астам мүліктері қорғалды. 

Мәселен, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша «Ордабасы Құс» ЖШС-нің 580 млн. теңге қаржысы қорғалып, тәркілеу туралы сот шешімінің күші жойылды және қылмыстық сот ісін тоқтатуды жүзеге асырды. Сондай-ақ, «Мельдеева», «Шопанов Г.Б» жеке кәсіпкерлігіне және тағы басқа кәсіпорындарға қатысты сот шешімінің күші жойылып, жалпы сомасы 990 млн. теңге қорғалды.

– Әкімшілік кедергілерді азайтуға байланысты нақты мысалдар келтіре аласыз ба?

– Оңтүстік Қазақстан облысында үш жыл бұрын құрылған энергия қуаттарының электронды картасы жұмыс істейді. Жыл сайын бірыңғай терезе қағидаты бойынша шамамен 100 компанияға техникалық шарт алуына ықпал жасаймыз. Мұнда, әрбір адам онлайн тәртібінде өз кәсіпкерлігін қуаттандыруға қажетті мәліметтерді көре алады. Сондай-ақ, біз бизнеске жүргізілген тексерулерді тұрақты түрде бақылап отырамыз. Осындай тексеру нәтижелеріне талдау жасау барысы көрсеткендей, 2017 жылда алдыңғы жылмен салыстырғанда құқық бұзушылықтың азайғаны байқалады. Бізде қазір, экономикалық бөлім көп жұмыс атқарып жатқанын атап өткім келеді.

 

– Оңтүстік Қазақстан облысы шағын және орта бизнес саласы бойынша республикада көш басында келеді. Өңірдегі бизнестің артықшылықтары туралы айтып өтсеңіз...

– Оңтүстік Қазақстан облысының бұл салада артықшылықтары көп. Статистика көрсеткеніндей, шағын және орта бизнестің кең құлаш жайған жері – біздің облыс, одан соң Алматы қаласы екен. Бүгінде ОҚО-да 177 мың кәсіпкер өз ісін дөңгелетіп келеді. Халық тығыз орналасқан аймақ. Оның үстіне мұндағы халық кәсіп жүргізуге бейім. Сондықтан біз, Кәсіпкерлер палатасы ретінде, Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің кәсіпкерлік орталығы ретінде орнықтыру үшін көптеген идеологиялық жұмыстар жүргіздік. Астана – бұл бас қаламыз, Алматы, бұл – қаржы орталығы. Ал шағын және орта бизнестің шоғырланған кәсіпкерлік орталығы – біздің облыс. Біз осы тұрғыда дамып келеміз.

Қазір біз Өзбекстанмен белсенді жұмыс жүргізудеміз. Өзбекстанға экспортталатын өнімдер шамамен 20%-ды құрайды. Біз оларға 58 млн. доллар көлемінде тауар экспорттаймыз, 46-47 млн доллардың тауарын импорттаймыз. Ұн өнімдеріне акциздік салықты төмендету туралы мәселені көтергеннен кейін (алдын 12, одан кейін 5) ұнды экспорттауды ұлғайттық. Бұдан басқа, көптеген компаниялар өз өнімдерін экспорттағысы келгенін көріп отырмыз, бірақ оларға айналымдағы капитал мен кепіл қажет.

– Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлеріне ыңғайлы болу үшін Палата қандай бастамалар жасайды?

– Біз «Yellow Pages» әлемдік тәжірибесіне негізделген жақсы деректер базасын жасадық. Оңтүстікте қандай кәсіпорындардың бар екенін білгісі келген кез-келген адам «Оңтүстік өнімдері» деп аталған каталогқа кіріп көре алады. Біз каталогты 2015 жылдан бастап шығара бастадық, алғашында 250 өндіруші, өткен жылы 500, ағымдағы жылы 1000 тауар өндіруші туралы ақпарат жинауды жоспарлап отырмыз. Ендігі міндет – нақты өндірушілердің кім екенін, ал алып сатарлардың кім екенін анықтау.

 

– «Атамекен бизнес мектебінің» жұмысына тоқталып өтсеңіз...

– «Атамекен бизнес мектебі» үш бағытта сабақ өткізеді: кәсіпкерліктің негіздері, жобалық оқыту және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен жұмыс. «Бизнес-мектеп» шеңберінде апталық салалық семинарлар тәжірибесі жасалды. Кәсіпкерлер сұраныстар жібереді, біз мамандарды жинап, жылыжай шаруашылығы, бухгалтерлік есеп немесе мемлекетік сатып алу бойынша салалық семинар өткіземіз. Кесте әлеуметтік желілерде және «Атамекен» сайтында орналастырылған. Алғашқы уақытта 10-12 адам келетін болса, қазір 30-ға жуық адам қатысуда.

– Кәсіпкерлер палатасының 2018 жылғы жоспарлары қандай?

– «Атамекен» орталық аппаратымен бірлесіп, аудандар бойынша терең талдау және скрининг жүргізу орайында ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Аудан деңгейіндегі қаржыландырудың 90%-ы негізінен мал шаруашылығына арналды. Басқа кәсіп түрлеріне аз көңіл бөлінеді. Сондықтан, бір бағытта ғана кетпей, кәсіпкерлер көздеген мақсатына жетуі басқа салаға да мән берген жөн. Айталық, наубайхана, тігін шеберханасын ашу керек. Жаңа кәсіпорындар қажет. Біздің барлық ақпараттарымыз әлеуметтік желілерде қол жетімді. Кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап береміз. «Тікелей эфир» жүргіземіз. Шымкентте Интернет-теледидар жасауды жоспарлап отырмыз. Қазір интернетте отыратын барлық жастар республикалық арналарды қарамайды. Жаңа шығармашылық форматта IT-да және басқа да салаларда не істей алатынымызды көрсеткіміз келеді. Облыс үшін мемлекеттік бағдарламалар бойынша көмекші құрал әзірледік. Мұнда қарапайым және түсінікті тілмен: қандай бағдарлама, қанша ақша, пайыздық мөлшерлемесі, қандай, қанша уақытқа беріледі – барлығы жазылған. Қаржылай қолдау қоры 5 бағдарламаға, аграрлық несиелендіру 6 бағдарламаға арналған. Бірақ олар туралы ешкім білмейді. Көмекші құралда «Индустриялық аймақ», «Қазақэкспорт» туралы мәліметтер анық көрсетілген. Енді біз топ құрып, ауылдар мен аудандарға барып, адамдарды хабардар етіп, оқытуды жоспарлап отырмыз.

 

– Әңгімеңізге рахмет

 

Сұхбаттасқан
Сапарғали ҚАНАТ

Опубликовано в Сұхбат
Страница 1 из 7