Пятница, 08 Сентябрь 2017 06:46

«Күш атасы – ҚАЖЫМҰҚАН»

30-3

«Күш атасы – Қажымұқан» анимациялық фильмінің тұсаукесері елордадағы Оңтүстік Қазақстан облысы күндері аясында өткен маңызды шаралардың қатарынан көрінді. Астана қалалық «Оқушылар сарайына» көрермен лық толды.


Оқиға желісі шаңыраққа сәбидің келуімен басталады. Алдымен кішкентай ғана қызыл шақаның картинасымен шатастырып, артынша алып ұлдың туғанын көрсетіп, көрерменді бір күлдіреді. Содан кейін балаға есімін бергелі отырған жігіт әкесін көргенде әдепсіздік танытқаны үшін кешірім сұрайды. Қабағы қатулы атасы немересін қолына алғанда жадырап сала береді де «Мұқан» деп ат қояды.

30-2

Әр кадр санаулы секундқа созылғанымен, көрерменнің есінде қаларлықтай әсерлі. Бұдан кейін немересіне сүт тасып бәйек болған әжейдің абдырағаны, кішкентай ғана қомағай сәбидің кекірік атқаны, иттің аузындағы сүйекті тартқанда үйшігімен қоса сүйреп әкелетін күштілігі, бәрі-бәрі баланың бал қылығымен бірге оның тасыған күшінен хабар беріп отырады. 

Мұқандайын алып күшпен бірге ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүріп, өзгенің еңбегін иеленіп кететін қулық та өсіп келе жатқанын картина авторлары жақсы көрсете алған. Ер жеткен Мұқан қыстың қаһарына дес бермей, әлсіреген атын арбаға салып, өзі сүйреп әкелгені, балшыққа батып қалған байдың бұқасын бір-ақ жұлқып тартып шығарғанын досы «біз Мұқан екеуміз жасадық» деп, жарияға жар салып, елді таңғалдырып жатады. Бұл көрініс көрерменді күлкіге қарық қылғанымен, аз ғана секундта терең ой салып кетеді.

Жігіт Мұқан күшімен көзге түсе бастағанда оны үлкен қалаларға шақырушылар көбейеді. Сондай сапардың бірінде алаңға байқаусыз шығуы бір мықтымен белдесуге дөп келеді. Күш сынасудан бас тартпаған намысты қазақ балуанының жеңісті кездесулері сол сәттер басталады.

1394540acbec011d0880f65fc031ee64

Заманауи 2D форматта жасалған анимациялық фильм Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі Ж. Түймебаевтың тапсырысымен түсірілген. Фильм Шымкент қаласындағы «САҚ» киностудиясында әзірленді. Көрсетілім режиссері – Батырхан Дәуренбков және сценарий авторы, продюссері – Бақытжан Құлжабаев. Бас оператор – Фурхат Саипов, композиторы – Руслан Шынықұлов.

Анимациялық фильм – өскелең ұрпаққа қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовты насихаттау арқылы спортқа деген қызығушылығын арттырып, адалдыққа, намысшылдыққа, отансүйгіштікке үндейді. Салауатты өмір салтын ұстануға, қазақша күреспен айналысуға, қазақ батырларымен мақтанып, тарихқа тереңірек бойлауға шақырады.

Балуан бабамыз Қажымұқан Мұңайтпасовтың Саракикимен күресін суреттейді. Сонымен қатар, ел аралап өнер көрсетіп, содан түскен қаржыға әскери ұшақ жасатып, ІІ дүниежүзілік соғыста Отанды қорғау жолында солай үлес қосқаны кеңінен насихатталады.

Опубликовано в Әлеумет

222

Оңтүстік Қазақстан облысының күндері бірнеше мерекемен тұспа-тұс келіп, Елорданы думанға бөледі. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай республиканың барлық аймағы бас қалада мәдени күндерін өткізген-ді. Дегенмен, керуендегі соңғы түйенің жүгі ауыр болатынындай, біздің өңір мәдени іс-шараларды қамтумен шектелмеді. Бас қаладағы алғашқы жиын Оңтүстіктің мүмкіндіктері мен әлеуетін арттыратын бизнес-форумнан бастау алды.


Өңіріміздің экономикалық дамуы, ішкі және сыртқы сауда барысы, туризмнің бүгіні мен болашағы әңгіме болған форумға 200-ге жуық адам қатысты. «Ontustik Business: жаңа мүмкіндіктер» бизнес-форумына Парламент Мәжілісінің депутаттары мен шетел мемлекеттерінің Қазақстандағы 30-дан астам елшілері, даму институттары мен екінші деңгейлі банктер, кәсіпкерлер қатысып, біздің өңірдің экономикалық және рухани жаңғыру бағытындағы жобаларымен танысты. Облыстағы жеңілөнеркәсіпті дамыту, экспорттау, инвестиция тарту тақырыбында ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев пен «Қазақстан Даму банкі» АҚ төрағасы Болат Жәмішев, «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мырзалар ой өрбітті. 

12222

– Еліміздегі мұнай өңдеу зауытын қайта құру жұмыстарына 1 млрд АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсалуда. Сондықтан Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту ісі – Оңтүстіктегі ірі жобаларымыздың бірі болып саналады. ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесінің «Болашақ энергиясы» атауына сәйкес, алдағы уақытта бұл өңірде күн сәулесінен энергия өндіретін үлкен жобаларды да қаржыландыру жоспарымыз бар, – деді Б. Жәмішев.

Ал «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі төрағасының орынбасары М. Майкенов облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа бизнес-форумның атауын «Ontustik Business: жаңа мүмкіндіктер» деген таңдаудың сәтті әрі айқын бағытты білдіретінін айтты.

– Орта Азия, Таяу Шығыс пен Еуропа елдерін байланыстыратын жолдардың қиылысында орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту бағытында нақты қадам жасап, тиянақты жұмыс жасап келе жатқаны байқалып-ақ тұр. Дәл осы өңірлік жобалардың қарқынды жұмыс істеуі республиканың экономикасын алға жылжытуда оң нәтиже береді, – деді ол. 

Өз кезегінде аймақ басшысы Ж. Түймебаев шекаралық сауда-саттық пен экспорттық өндірістің даму барысын әңгімеледі. 

– Өздеріңізге белгілі, әлемде сапалы, экологиялық таза азық-түлік өнімдеріне деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Тұтынушы сапа мен қауіпсіздікті талап етеді. Осы орайда Қазақстанға Ресей, Қытай, Иран сынды басқа да елдерден жаңа нарық бағыты жол ашуда. Осы нарықты игеруде Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуеті зор. Себебі, тарихи өлкенің аграрлы саласы жақсы дамыған. Соңғы 3 жылда жиналған бақша өнімдерінің көлемі 1 миллион тоннадан асып түседі. Қазақстандағы жылыжайдың 90 пайызы біздің өңірде орналасқан. Мақта толығымен, ал жүзім мен бақша өнімдерінің 70 пайызы осы облыста өсіріледі, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бизнес-форум барысында өңірдің инвестициялық жобалары, инвестпреференциялардан бөлек, туристік саласының таныстырылымы өтті. «ОҚО Туризм индустриясын дамыту орталығы» Ассоциациясының директоры Г. Ақбердиеваның Оңтүстік туризмі жайлы баяндамасы әсіресе шетелдік кәсіпкерлер мен елшілерді қызықтыра түсті.

Ұлы Жібек жолының қиылысында орналасқан облыстың табиғаты әсем. Тарихи жәдігері мен ескерткіші көп, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті, руханияты сол қалпында сақталған аймақ. 2016 жылдың бірінші тоқсанында 33 мың турист келген өңірдің биылғы осы уақыттағы көрсеткіші 52 850 туристке артып отыр.

123333

Бизнес-форум аясында 6 меморандумға қол қойылды. Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриялды -иновациялық даму және туризм басқармасы мен «POWER LANDMARK HOLDINGS LTD» компаниясы арасында өзара келісімге келіп, инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде меморандуға қол қойды. Басқарма басшысы Батырхан Құрмансейіт алғашқылардың бірі болып «Шымкент» «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» Ұлттық компаниясы» АҚ-ы Қытайдың Аньхой провинциясы халықаралық сауда қатынасын дамыту комитетімен екіжақты түсіністік жөнінде меморандум түзілгенін айтты.

– Сондай-ақ дәл осы компания «НГ-Энерго» ААҚ-мен әріптестік арттыру жөнінде келісімге келді. Қос тарап алдағы уақытта өзара қарым-қатынасты дамыта түсуге уағдаласты. Осыған ұқсас меморандум халықаралық ұйымдармен және нақты компаниялармен де өңірдің ауылшаруашылығы, туризм саласында жасалды. Бұл келісім тек инвесторлық қызметпен шектелмейді, меморандум аясында дамыту, таныту, басқа да көптеген іс-шараларды екіжақты келісіммен жоспарлы түрде жүзеге асыратын боламыз, – деді басқарма басшысы.

20170829 102849Ал Жапонияның халықаралық достық қарым-қатынастар кеңесінің өкілі Такатуши Маэда Қазақстан – Жапония арасындағы байланысты дамытуға қызығушылық танытты.

– Экономикалық, туристік бағытта ғана емес, мәдени, гуманитарлық, білім және медицина саласында да екі ел бір-бірімен тығыз байланыс орнатса, алда біз бұдан да көп жобаларды қолға аламыз деген ойдамын. Осы мақсатта біздер екі елдің ғана емес, өңірлер арасындағы байланысты да арттыруымыз қажет. Жапониялық ұйымның Оңтүстік Қазақстан облысымен жасаған меморандумы да соны көздейді, – деді өкіл.

Өңірдің тыныс-тіршілігі, даму сатысы қызу талқыға түскен жиын соңында бизнес-форумға қатысушыларды облыс әкімі Ж.Түймебаев «Бейбітшілік және келісім сарайында» өтетін «Оңтүстік өнімдері» атты тауар өндірушілердің көрмесіне шақырды.

Опубликовано в Саясат
Среда, 06 Сентябрь 2017 05:56

Құт дарыған қазыналы Оңтүстік

күндері Астанада жоғары деңгейде өтті

Астанада 29 тамыз бен 3 қыркүйек күндері аралығында «ЭКСПО-2017» халық-аралық мамандандырылған көрмесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысының күндері өтті. ОҚО күндері аясында Елордада Оңтүстік өнерпаздарының қатысуымен 43 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен шетелдік қонақтарға керемет көңіл күй сыйлады.

21199598 1405467392902929 2648086666666907602 o

Рухани жаңғыру аясында

Іс-шара «Ontustik Business: Мүмкіндіктер мен әлеует» атты бизнес-форумнан басталды. Оған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, «Қазақстан Даму банкі» АҚ төрағасы Болат Жәмішев және 150-ге жуық қаржы қызметкерлері мен кәсіпкерлер қатысты. Шара барысында өңірдің экономикасы мен инвестиция тарту мәселесі талқыланды. 6 меморандумға қол қойылды. 

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз-конференциясында болып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәдениет күндеріне арналған шаралар жайын баяндады.

3 21

Астанадағы ОҚО күндері аясында өткен ауқымды іс-шаралардың бірі ОҚО облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында ақын-жазушылармен кездесуі болды.

Оған Мырзатай Жолдасбеков, Мархабат Байғұт, Мырзагелді Кемел, Ғарифолла Есім, Қалқаман Сарин, Ханбибі Есенқара, Әселхан Қалыбекова, Оразкүл Асанғазы және тағы басқа тұлғалар қатысты. Жиын барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы талқыланып, «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих», «Жаһан таныған жеті тұлға» атты кітаптарының тұсауы кесілді. 

– Біз кезінде ерікті, еріксіз алыстап кеткен өз рухани құндылықтарымызға қайта келе жатқан жұртпыз. «Рухани жаңғыру» соның көрінісі. Қазіргі кезде рухани жаңғыру аясында әдебиет мәселесіне қатысты өрелі ойлар ортаға салынып жатыр. Әрбір облысқа қатысқан әдеби ортаның шығармашылық әлеуетін көтеру оларға тың серпін береді, – деді ОҚО әкімі Жансейіт Қансейітұлы.

21200779 1697454893597849 8160298968548921080 o

Астаналықтарға 450 келі тәтті тоқаш тарту етті

Елордалық тұрғындар асыға күткен шаралардың бірі – жәрмеңке болды. Онда Оңтүстіктен келген 12976 тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімдері ұсынылды. Жиналған жұртшылық Мақтарал мен Шардараның қауын-қарбызы, Түлкібастың алмасы мен Сарыағаштың қызанағынан дәм татты. «Бәйтерек» монументі алаңында ұйымдастырылған жәрмеңкеде Еркінбек Бөкебаев ойлап тапқан «Qazaq Arbasy» қойылып, қала тұрғындары мен қонақтарына құрт, қымыз-қымран мен жеміс-жидектер тегін үлестірді. 

Сонымен қатар, Құрбан айт мерекесі күні «Қазанат» атшабарындағы этноауылда астаналықтарға кең дастархан жайды. Шара барысында құрбандық шалынып, 300 келі палау мен 1 тонна бауырсақ пісірілсе, Төлеби ауданының қымызы мен Отырар ауданының шұбаты ұсынылды. Бұдан бөлек, түрлі тәтті тағамдар, жеміс-жидектер және қауын-қарбыздарды ақысыз таратты.

21167673 434899483570902 998489595432710935 o

«Бейбітшілік және келісім сарайында» «Оңтүстік өнімдері» тауарөндірушілердің көрмесі ашылды. Онда оңтүстіктің азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек, құрылыс заттары мен құрылғылар қойылды. Келушілерге шарада ұсынылған өнімдерді нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан сатып алу мүмкіндігі туды.

Оңтүстік жастары да Құрбан айт мейрамына ерекше тарту жасады. Олар «Хан шатыр» ойын-сауық орталығынан бастап, қоғамдық көліктерде кездескен шетелдік қонақтар мен жергілікті халыққа 450 келі тəтті тоқаш сыйлады.

s2d1ds21fs

Кенесары ханның қылышы мен Қажымұқанның құнды жәдігерлері

Астанадағы ОҚО күндері тарихи, өлкетану мұраларға толы болды. Солардың бірі, «Қазақстан» орталық концерт залында өткен «Жер кіндігі – Қазығұрт» атты көп салалы ғылыми көркемөнер көрмесі. Онда 9 бөлімнен тұратын тарихи шежіреден сыр шертетін құнды бұйымдар мен фотосуреттер, суретшілердің бағалы еңбектері мен көне жәдігерлері көпшілікке ұсынылды.

Этноауылда ОҚО қолөнершілерінің 1500-ден астам құнды жәдігерлері қойылған «Құтты өлке қолөнері» атты көрмесі ұйымдастырылып, облыстық музей Қажымұқанның құнды жәдігерлері мен Кенесары ханның қылышын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келген қонақтарға таныстырды. Сонымен қатар, «Қазанат» атшабарында қыз қуу, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, құсбегілік және ат құлағында ойнаған жігіттердің арасында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. 

21167000 1404581229658212 6916665992524116314 o

Сондай-ақ, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын насихаттауға, туған жерге деген сүйіспеншілікті, қазақтың ұлы тұлғаларына деген құрметті арттыратын «Күш атасы – Қажымұқан» анимациялық фильмінің тұсауы кесілді. Елордадағы «Оқушылар сарайында» 2D форматындағы жаңа туындыны Шымкенттегі «САҚ» киностудиясы түсірген. 

100-ден астам өнерпаздан құралған ОҚО опера және балет театры ұлттық және әлемдік операларының үздік шығармаларын орындаса, облыстық қуыршақ театры Астана қалалық қуыршақ театры мен балабақшаларында жас балаларға Мақпал Малдыбаеваның «Алтын балық» және Антонина Малюченконың «Масақ» («Колосок») қойылымдарын қазақ және орыс тілдерінде ұсынды. 

Ал «Оңтүстік-Цирк» мекемесі еліміздегі цирктер тарихында тұңғыш рет қолға алынған тарихи – театрландырылған «Томирис» қойылымын қала жұртшылығына тарту етті.

21125749 1484990014921438 6726605112701337996 o

«Ән мен күй әлдилейді Астананы!»

Астанадағы Оңтүстік күндері мерекелік бағдарламасы Астананың бас көшелерімен жүріп өткен «Түркі елінің түп тамыры – Оңтүстіктен мерейлі Астанаға сәлем!» атты өнер керуеніне, «Бәйтерек» алаңындағы «Сәлем, Астана! Сәлем, ЭКСПО-2017!» және «Оңтүстік әзілдері» атты концертіне ұласты.

«Қазақстан» орталық концерт залында «ЭКСПО-ға Оңтүстіктен ән шашу!» атты ОҚО өнерпазадарының гала-концерті өтті. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Досаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Сыртқы істер министрі Қ.Абдрахманов, Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәми, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ө.Шөкеев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Аманшаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Қазақстандағы шетел елшілері, қоғам қоғам қайраткерлері және облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты. 

Шара барысында дәстүрлі және эстрада әндері орнындалып, 1000-ға жуық мәдениет және өнер шеберлері қатысты. 600 жас домбырашы бір мезетте Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындап, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. 

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай ұйымдастырылған Астанадағы Оңтүстік күндерінің қорытынды іс-шарасы ЭКСПО қалашығындағы Амфитеатрда болып өтті. «Ән мен күй әлдилейді Астананы!» деп аталған гала-концертте ОҚО өңірінен шыққан эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Олардың қатарында Қайрат Нұртас, Жұбаныш Жексенұлы, Сейфуллин Жолбарыс, Алтынай Жорабаева, Нұрлан Өнербаев, Заттыбек Көпбосынұлы, Маржан Арапбаева, Ибрагим Ескендір және тағы басқа әншілер болды.

Опубликовано в Әлеумет

ЭКСПО-2017 көрмесіне Мажарстан мемлекетінің қатысуы жасыл энергетиканы дамыту саласында өз тәжірибелері мен жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік берді. Бұл туралы мемлекеттің Ұлттық күнінде Мажарстан Қаржы министрі Михай Варга мәлімдеді.

IMG 5872

Өз сөзінде Михай Варга Көрме тақырыбы «Болашақ энергиясы» барлық мемлекеттерге өзекті екендігін атап өтті. ЭКСПО-2017 көрмесін осы жылдың ең маңызды іс-шарасы деп сипаттады.

Михай Варга: «Жаңармалы энергия көздеріне көшу барлық мемлекеттерде өзекті мәселе болып табылады. Сол себепті осы бағытта мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың маңызы зор. Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі қатысушыларына өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Көрме – 2017 жылда әлемдік экономикадағы ең маңызды іс-шара. Көрме Қазақстан және қатысушы мемлекеттер үшін табыспен өтуде. Қазақстан Халықаралық мамандандырылған көрмені Орта Азияда бірінші болып өткізуде», – деді.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Мадина Әбілқасымова ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу ардақты әрі жауапты миссия деп атап өтті. Оның айтуынша, «Болашақ энергиясы» тақырыбы барша әлемге маңызды және Мажарстан ұлттық стратегиясының басымдығы «Жасыл экономикаға» арналған.

«Мажарстан Еуропаның орталығында орналасқан мемлекет. Қазақстан еуропалық одақ кеңістігінде Мажарстан мемлекетін маңызды стратегиялық, сауда-экономикалық серіктес ретінде қарастырады. Қазіргі таңда Мажарстанның жетекші компаниялары Қазақстанда табысты жұмыс атқаруда. Бізде 50-ге жуық ортақ кәсіпорындар бар. Біздің мемлекет оларды экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Сонымен қатар, Мажарстан мемлекеті халықаралық аренада Қазақстанның сенімді серіктесі екенін атап өткім келеді. Біз екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты жоғары бағалаймыз және екі халықтың игілігі үшін оны нығайтуды көздейміз», – деп атап өтті.

Биыл Қазақстан Республикасы мен Мажарстан Республикасы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылуының 25 жылдығын атап өтеді. Осы жылдар аралығында мемлекеттердің барлық салаларында екіжақты жоспарлы ынтымақтастығы нығайды. Қазақстан және Мажарстан мемлекеттерінің болашақ серіктестігін арттыруға барлық жағдайлар жасалды.

Опубликовано в Қоғам

Тарихи мәнге ие «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында тамыздың 29 жұлдызы мен қыркүйектің 3-і күндері аралығында Астана қаласында өтетін Оңтүстіктің мәдениет күндеріне қызу дайындық жұмыстары жүруде. 1000-ға жуық өнерпаз аттанғалы отырған Елорда төріндегі айтулы шара тартуына күнгей өлкенің тарихи құндылығы мен ерекше мәдени келбетін дәріптейтін ең көрнекті жәдігерлер орналастырылады.

FB IMG 1501851871413

Осы мақсатта облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елдімекенінде орналасқан Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі және Шымкент қаласындағы тарихи-өлкетану музейі мен «САҚ» киностудиясын, Оңтүстік-Цирк мекемесі мен Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияны аралап, баспасөз өкілдерін дайындық жұмыстарымен таныстырды.

Ерекше болмысымен қазақ спортының дарабозы атанған ұлы тұлғаның өміріне, балуандығы мен патриоттығына куә болар фото суреттер мен тарихи қысқа метражды деректі фильмдер, өзі пайдаланып, тұтынған тұрмыстық заттар мен киген киімдер, әлемдік сайыстардан ұтып алған 48 алтын-күміс орден-медальдары және спорттық бұйымдары және 74 жасында ұлы ақын А.Құнанбайұлының 100 жылдық мерейтойына киіп барған көйлегі мен шалбары, жаттығу кезінде пайдаланған кір тастары халықаралық көрме жұртшылығы назарына ұсынылмақ. 

Сонымен қатар, жүз мыңнан аса құнды жәдігері бар Оңтүстік музейлері қазынасында өзіндік орны мен тарихы өзгеше дүние Кенесары Қасымұлының қылышы. Темір қылыштың сабы сүйектен және қынабы былғарыдан жасалған. Оның ұзындығы – 70 см, сабы – 15 см, жүзінің ені 3-4 сантиметрді құрайды. Шымкент қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне қойылған құнды жәдігер өңірдің Астанадағы көрмесіне қойылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасалынған жұмыстар да облыстың «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінде көрініс табады. Атап айтқанда, «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында өткен халықаралық фотосуретшілер кездесуінде Оңтүстіктің киелі жерлеріне қатысты түсірілген фототуындылардан да арнайы көрме ұйымдастырылып, өңірдің тарихи, киелі жерлерінен де мағлұматтар беріледі.

Дайындық жұмыстарымен танысу шарасы «САҚ» киностудиясында жалғасын тапты. Облыстық «Оңтүстікфильм» мекемесі аталған кино орталықпен бірлесе түсірген «Ерлік» көркем фильмі мен «Қазақ елі», «Толағай» анимациялық фильмдерін және «Майдангерлер», «Жастық шақ», «Өтелмес борыш» қысқаметражды фильмдері де Астанада көрермен назарына ұсынылса, көрме барысында «Қажымұқан» фильмінің жаңа түсірілімі нің тұсауы кесілмек.

Сондай-ақ, «Томирис» атты тарихи-театрландырылған цирктік қойылымға Оңтүстік-Цирк мекемесі де дайындық үстінде. Сақтар заманындағы Тұмар (Томирис) ханшайымы мен Кир патшасының арасындағы байланыс, қақтығыс, қақтығыстың шешілуі жаңа цирктік нөмірлер арқылы көрерменге жол табады.

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымының да даярлығы қарқынды. Сүгір атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі «Оңтүстіктің 100 күйі» атты облыстан шыққан күйші, композиторлардың туындыларынан концерттік бағдарламасын беруге сақадай-сай. Сонымен қатар, қазақ вальсінің королі, ұлы композитор Ш.Қалдаяқов пен С.Бәйтерековтың әндерінен концерттік кеш ұйымдастырылуда.

«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндерінде 40-тан аса концерттік бағдарламалар мен түрлі іс-шаралар көрермендерін тәнті етеді. Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры, облыстық әзіл-сықақ және сатира театры, облыстық опера және балет театры сынды мәдениет және өнер мекемелері айтулы күндерде жаңа нөмірлерін тарту етсе, от ауыз, орақ тілді ақындар айтысы да сөз сайысымен сусындатады.

Опубликовано в Мәдениет

 ExpoAstana

Биыл Қазақ елін төрткүл дүниеге танытып жатқан басты оқиға, ол сөзсіз – ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі. Шара басталғалы бері отандық және шетелдік БАҚ өкілдері жан-жақты ақпарат таратып жатыр. 24 шілде күні ЭКСПО көрмесінде бір жарым миллионыншы келуші тіркелді. О баста тіркеу құжаттамасында көрмеге 2 миллион адам келеді деп жоспарланған. 


99aefb7cba8f8c55816f86b300dc7da9

Көрмеге келушілер көрсеткіші жағынан алдыңғы орындарда тұрған нысан – «Нұр Әлем» павильоны. Одан кейін коммерциялық павильондар, «Шелл», балалар лабораториясы, балалар саябағы... Ал келушілер ең көп тамашалаған павильон Африка плазасы. Әрмен қарай Мысыр, Үндістан, Ресей, Түркия, Жапония...

– ЭКСПО-2017 көрмесі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Түрлі мемлекеттердің баламалы энергия көздеріне қатысты ұстанымдары, көзқарастары ұнады. Әсіресе, Қазақстан павильонынан керемет әсер алдым. Бұл шара Қазақ елінің қонақжайлығын көрсететін үлкен мүмкіндік. Германия да Қазақстан секілді жел, су, күн сияқты баламалы энергия көздеріне басымдық беретін мемлекет. Өз мақаламда осы қуат көздерінің тиімділігін жан-жақты жазуға тырыстым, – дейді Неміс журналдарының шолушысы, журналист Патрик Бесслер.

ЭКСПО-2017 кешенінде 155 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымның павильондары жайғасқан. Онда барлығы 5 мыңға жуық ерікті қызмет етеді. Олардың арасында Төле, Қазыбек және Әйтеке есімді үшем бар. Бұларға мұндай есімді 19 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қойған. Қандастарымыз қазір Кубада тұрады. Дегенмен, болашақ тағдырларын тек Астанамен байланыстырады. 

7e031ef783d66fd307d222498e70cd68 crop l 27 t 0 w 758 h 426

– Біз көрме жайлы былтыр естідік. Астанаға келіп бірден ерікті болдық. Өткен жылы келгенімізде көрме құрылысы енді салынып жатыр еді. Қазір барлығы өзгеріп кетіпті. Әсіресе, архитектурасы керемет. Осында келген бойда Лондон, Нью-Йорк, Гавана қалаларындағы достарымызды Астанаға шақырдық. Біз өз есімдерімізді мақтан етеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа осындай есім бергеніне алғысымызды білдіреміз, – дейді Төле, Қазыбек және Әйтеке Тілегеновтар. 

Халықаралық көрме аясында Астананың абыройын асқақтататын көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі Димаш Құдайбергеновтың концерті. Оған қазақстандықтардан бөлек АҚШ, Қытай, Франция, Италия, Ресей, Украинадан келген бас-аяғы 30 мыңға жуық көрермен жиналған. Алдағы уақытта да ЭКСПО аясында түрлі концерттер, шоулар, спорттық шаралар мен мәдени шаралар өткізіледі. 

ЭКСПО барысында түрлі мемлекеттердің Ұлттық күндері аталып өтті. Сондай елдің бірі – Латвия. Бұл ел Астанаға жоғары дайындықпен келген. Ұлттық күніне орай, көпшілікке өздерінің мәдениетін, павильонға алып келген жобаларын таныстырды. Мерекелік шараға ел Президенті Раймондс Вейонис, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қатысты. 

20170502125135

– ЭКСПО-2017 Қазақстанның заманауи әлемдегі рөлін тағы бір айшықтады. Латвияның аталған көрмеге қатысуы біздің ел үшін маңызды оқиға. Бұл халықаралық шара Латвияны әлемге танытқысы келетін және елде қалған барлық біздің кәсіпорындарымыз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, – деді Латвия Президенті Раймондс Вейонис.

Сонымен қатар, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында қазіргі таңда ойын-сауық индустриясындағы алып компаниялардың біріне айналған, штаб-пәтері Монреаль қаласында орналасқан атақты «Дю Солей» циркінің қойылымдары өтеді. Цирк ұжымында әлемнің 50 елінен жиналған 4000-ға жуық адам еңбек етеді, оның 1300-і – әртіс. Әлемге әйгілі Цирк осы уақытқа дейін 400-ден астам шаһарда өнер көрсеткен. 

Қазақстанның бай мәдениеті мен тарихынан шабыттанған цирк әртістері Астана тұрғындары мен қонақтары үшін арнайы эксклюзивті «REFLEKT» шоу-бағдарламасын дайындады. 

Цирк 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін 71 қойылым қоятын болады.

Сөзсіз ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі шетелдік туристерге Қазақ елін кеңінен танытқан бірегей жобаға айналды. Мәселен, қазір дүниенің әр бұрышынан келген қонақтар Сарыарқаның төсіндегі «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінде қазақтың көшпелі тұрмысы мен қол өнерімен танысуда. 2500 шаршы метрлік алаңға құрылған осынау «Қазанат» ипподромында ЭКСПО көрмесі аяқталғанға дейін 700-ге тарта іс-шара ұйымдастырылады деп жоспарланған.

 

5-6 тамыз күндері көрме аясында футболдан «ЭКСПО-2017 КУБОГЫ» өтеді. Оған Германия, Италия, Ресей, Португалиядан ардагер футбол жұлдыздары қатысады.

 

Сіз не дейсіз?


f4e42fed7052f1612faae396d2d1d1ff LЭлиза ОТТАВИ,
La Sapienza университетінің студенті:

– EXPO – 2017 көрмесінің тақырыбы энергия саласын қамтиды. Бұл Италияның өз тәжірибесімен бөлісіне зор мүмкіндік береді. Сонымен қатар сәулеті мен салтанаты жарасқан Астананы көргенше асықпын. Өйткені онда таңдай қақтырар қызықты дүниелер көп деп ойлаймын.


13cffcf216e78efa52fb3c5df0354c4d LПэк Чу Хён,
Корея Республикасының ҚР бұрынғы елшісі:

– Бұл көрме Қазақстан үшін өте маңызды оқиға. Әрі ол сәтті өтіп жатыр. Бұл ел экономикасының тез және серпінді дамуына жақсы мүмкіндік береді. Ал Қазақстанның Орталық Азияны дамыту орталығына айналу мүмкіндігі жоғары.

 


92f4a2c0e020f491387f13091f118d23 LЮлия НАЗАРОВА,
Шетелдік PR-маман:

– Павильонның негізгі идеясы керемет. Көрме тақырыбының «Болашақ энергиясы» екенін ескерсек, ғимараттардың сәулетінде заманауи материалдардың қолданылғаны орынды әрі тиімді көрінеді. Ресей павильонындағы шағын бассейнде өздігінен жүзетін қайықтан бастап, Шри-Ланка павильонындағы ағаштан жасалған алып пілдердің бәрі мен үшін қызықты болды. Тамыз айында іссапармен Астанаға барамын. Сол кезде міндетті түрде тағы да аралаймын.

Опубликовано в Саясат

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Оңтүстік Қазақстан облысының фотокөрмесі өтті. Онда қойылған 25 фотосуретте Қ.А.Ясауи және Арыстан баб, Қарашаш ана кесенелері, көне Отырар мен Сауран қалалары, Ақмешіт үңгірі, "Алаш" этноауылы, этноорталық бейнеленген.

photokorme

Сондай-ақ экспозицияға күнгейдің тамаша табиғатының фотосуреттері де еніп отыр. Фотокөрмеге ЭКСПО комиссарлары, комиссарлардың орынбасарлары, көрмелердің халықаралық бюросының делегаттары мен павильон директорлары, дипломатиялық өкілдік басшылары, халықаралық ірі компаниялардың иелері мен 100 елден келген қонақтар қатысты.

Айта кетерлігі, Оңтүстік Қазақстан облысы осындай іс-шараны өткізген алғаш облыс. Оңтүстіктегі туризмнің дамуын жаңа сатыға көтеретін іс-шараға облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы мұрындық болыпты. Басқарманың бастамасына Ontustik Tourism және "Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм индустриясын дамыту орталығы" қолдау білдірген.

Опубликовано в Мәдениет
Пятница, 16 Июнь 2017 05:41

ЭКСПО – инновациялар алаңы

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін тамашалауға халық көп келіп жатыр. Ашылған күннен 13 маусымға дейінгі аралықта көрмеге 88 мың 300 адам келген. «Астана конвершн бюро» ЖШС-нің директоры Санияр Айтекенов үш күннің нәтижесінде осыншама адам келгенін мәлімдеді.

07f2922ef28267a0b4f017db938a3fd9

Оның айтуынша, Көші-қон полициясында 1970 қонақ келгендігі тіркеліпті. Ал өңірлерден көрмені тамашалауға 6 200 бала келген. Қонақүйлерге 27 мыңнан астам адам орналасқан. 

Айтекенов өзінің Фейсбуктегі парақшасында көрме аясында «жасыл» экономиканың дамуына инвестиция тартылғанын да жазды.

«Қазатомпром» Ұлттық компаниясы мен әлемдік атом саласындағы жетекші компаниялар – Cameco Corporation, Uranium One Inc., CGN және AREVA – арасында өзара меморандум жасалды. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ және CNPC Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және ҚХР-ына газ экспорттау бойынша бірқатар келісімдерге қол қойды. Сондай-ақ, тараптар 2017-2018 жылдарға «ҚазМұнайГаздың» Қытайға табиғи газ жеткізу мүмкіндіктерін талқылап, Қазақстан газын ҚХР-ына экспорттаудың сатып алу-сату шарттарына қол қойылды», – деп мәлімдеді ол.

dddb3f1aaf16e7bba3d74550b5d664cb

Израиль павильоны: «Жасампаздық энергиясы»

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрме аумағында «Жасампаздық энергиясы» тақырыбымен Израильдің павильоны ашылды. Бүгінде Израильде жоғары технология саласында 200-ден астам компания бар. Олар күн, жел және биомассалық энергетика саласындағы бірегей шешімдерді әзірлеуде.

Израиль – инновациялық технологиялар саласындағы көшбасшы елдердің бірі. 

ЭКСПО-2017 көрмесінде қуаттың баламалы және қалпына келетін көздері аясындағы өзінің жетістіктері мен әзірлемелерін ұсынады. 

«Біздің барлық жетістіктеріміз Израильдің адамдарының, олардың жасампаздықтың креативті дағдыларының арқасында мүмкін болды. Біз Израилдің болашағын жасампаздық қуатымен байланыстырамыз және осы саладағы өзіміздің дағдыларымыз бен тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», – деді ЭКСПО-2017 көрмесінде Израиль Комиссары Элазар Коэн. 

2116f8fe8adff3a5f7e2ffc2413e95a5

Израильдік павильонда келушілерді «Қуат елі» және «Жасампаздық энергиясы» тақырыбында қызықты шоулар күтіп тұр. Энергетика саласындағы израильдік ноу-хау әлеміне куә боласыз. «Қуат елі» шоуында 2400 Led шаммен және айнамен жабдықталған бөлмеде Израильдің жасыл энергия саласындағы жетістіктері туралы қызықты бейнеролик көрсетіледі. Ал «Жасампаздық энергиясы» шоуында анимация мен биші қыздың тақырыпқа сай өнері ешкімді бейжай қалдырмайды.

Израильде биоэнергетика саласы жақсы дамыған. Жоғары технологиялық тұрмыстық жүйенің көмегімен органикалық қалдықтарды экологиялық таза тұрмыстық газға айналдыруға болады екен. Мәселен, израильдіктер ас қалдықтарын да кәдеге жаратуда.

003a0783b18be8b7cb3d09e8085ca4e9

Монако: 2025 жылға дейін теңіздің үстінде эко-қала салмақ

Монако князьдігінің павильоны да көпшілікті қызықтырады. Мемлекет 2025 жылға дейін теңіздің үстінде эко-қала салмақ. Жалпы павильон 2 қабаттан тұрады. Оның ауданы – 750 шаршы метр. Қонақтар бұл павильонда толқын пішінінде жасалған экран арқылы фильм көре алады.

Сондай-ақ, көрермендер виртуалды көзілдірікпен Монако мен Жерорта теңізіне саяхат жасайды. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар қонақтар үшін арнайы парфюм жасаған көрінеді.

Монако павильоны комиссарының орынбасары Александр Бокийон «Павильонымыздың тақырыбы – «Болашақтың бейнесі». Негізгі инсталляция 34 өздігінен қозғалатын пластинадан тұрады. Онда князьдік пен қоршаған орта арасындағы байланысты бейнелейтін фильм көрсетіледі. Павильонның екінші бөлігінде біздің елге виртуалды көзілдірік арқылы саяхат жасауға болады. Сіздер өз қалауларыңыз бойынша теңіз әлеміне еніп, әрі жоғарыдан әсем қаланың бейнесін көресіздер. Сонымен қатар фильм қосылған сәтте қонақтар Монаконың жұпар иісін де сезіне алады» дейді. 

Сондай-ақ, көрме аясында Австрия, Грузия елдерінің павильоны ашылып, жұмысын бастады.

f386bbc214ae84a010d472910b2e51f6

«ЭКСПО кубогы»: Бас жүлде – 50 мың доллар

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында бәйге түрлерінен «ЭКСПО кубогы» өтті. Жарыс ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне арналған. Әлемнің 10-нан астам елінен жүйріктер келді. Сонымен бірге республиканың барлық облысынан және Астана мен Алматыдан келген құнан, жорға, топ бәйге, аламанға барлығы 150-ден астам сәйгүлік сынға түсті.

Жарыс бағдарламасы бойынша, аламан бәйге – 25 шақырым, топ бәйге – 15 шақырым, жорға жарысы – 7 шақырым, құнан бәйге – 7 шақырымға созылды. Ал дыз етпе, ұшқырлар екі топқа бөлініп, 2400 және 1800 метрге шапты. Ұлттық ойын түрлері аламан бәйге, топ бәйге, жорға аттар жарысы, құнан бәйге бойынша жүлде қоры – 36 млн теңгені құрады.

Астана шетіндегі «Қазанат» атшабарында өткен сайысқа халық көп жиналған. Бәйге алаңының жанындағы «ЭТНОАУЫЛ»-да қазақтың ұлттық салт-дәстүрі дәріптеліп, рухани мұрамыз әйгіленді.

Опубликовано в Саясат
Среда, 14 Июнь 2017 06:41

Әлем назары түскен күн

2017 жылдың 9-шы маусымы Қазақ елі үшін ерекше есте қалатын күн. Өйткені, осы күні Астанада әлем жұртшылығын өзіне қаратқан ЭКСПО – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мұндағы маңызды кездесулер, көз тартарлық шоулар мен мерекелік концерттер дүйім жұртшылықтың жанарын жаулады. Айтулы шараға, төрткүл дүниеден миллиондаған туристерден бөлек, бірқатар елдің Президенттері де келген болатын. Оларды Елбасы Н.Назарбаевтың өзі қарсы алды.

64cbc7b348218e2508f31cd45a028c92

Көрменің басты нысаны – «Нұр Әлем» павильонына бірінші болып Чехия Президенті Милош Земан жұбайы Ивана Земановамен бірге келді. Одан кейін, Люксембург, Қырғызстан, Армения, Өзбекстан, Ресей, Қытай және тағы басқа бас-аяғы 19 мемлекеттің басшылары құрметті қонақ болды.

d076aa09a1f67d90f1aba28a7976e97d crop l 0 t 183 w 4168 h 2345 resize w 1200 h 678

Қонақтар жайғасып болған соң ЭКСПО-ның сахнасындағы үлкен экраннан көрменің ресми ролигі көрсетілді. Онда айтулы шараның дөңгелек пішінді басты ғимараты «Сфера» бүкіл жер шарын айналып, жер анадан нәр алып Қазақстанның Астанасына орналасады. Осыдан кейін «Сферадан» қуат алғандай сахна төрі түрлі түске боялып, шоу басталады. Табиғат пен адамзаттың бірігуі бейнеленген қойылымнан соң, дархан дала төсінде домбырамен қазақтың ұлттық күйі орындалып, әлемді мойындатқан қазақстандық әнші Мария Мудряк «Япырау» әнін орындады.

2b4d45b5c1f3e5a6129320ccc1d472ea

Бұдан кейін, көрмеге қатысатын 115 мемлекеттің сондай-ақ 22 халықаралық ұйымның байрақтары сахна төріне қойылды. Артынша Халықаралық көрмелер бюросының президенті Стин Кристенсон ЭКСПО – 2017 көрмесінің ашылуымен құттықтап, Халықаралық көрмелер бюросына мүше 170 елдің атынан Қазақстан Президентіне алғысын білдірді. Сонымен қатар, жасыл энергетика тек дамыған елдердің ғана емес, дамушы мемлекеттердің де қызығушылығын тудырып жатқанын, баламалы қуат көздерінің қолжетімді, экологиялық таза әрі үнемділігі дамудың басты факторына айналатынын айтып өтті. 

MUHA2355

– Құрметті қазақстандықтар, қонақтар қонақжай, әсем Астанаға қош келдіңіздер. Бүгін біздің елімізде ғана емес, дүниежүзілік көрмелер тарихындағы айтулы күн. Қазір көптен күткен Халық-аралық ЭКСПО-2017 көрмесінің шымылдығы ашылды. Осы салтанатты мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Біз «ЭКСПО» көрмесін ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында тұңғыш рет өткізіп отырмыз. Сөйтіп қазақ елінің ордасы айтулы көрмені өткізген әлемдегі 35 қана қаланың қатарына қосылды. Астана үш ай бойы бүкіл адамзаттың жетістіктерін әйгілі ететін басты алаңға айналады. Тәуелсіз Қазақстанның символы Астана нағыз ХХІ ғасырдың қаласы ретінде жаңа қырынан танылатын болады, – деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев. 

Президенттің сөзінен соң ЭКСПО Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатының реми бөлімі аяқталып, мерекелік концертке ұласты. Концертте ұлттық күй, би, ән орындылып, театрландырылған қойылым қойылды. Сонымен қатар, көрермендер «Сфера шоу» мен отшашуды тамашалады.

Опубликовано в Саясат

Жексенбіде Шымкенттен Астана қаласына ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалау үшін 150 оқушы жолға шықты. Оқушылардың алғашқы легін темір жол вокзалынан салтанатты түрде шығарып салуға қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тəжиева қатысып, оқушыларға сəт-сапар тіледі.

6e526a90-c4b0-4853-bdd3-ade48cc8e22a

Астанада бастау алған «Болашақ Энергиясы» атты ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалау үшін тағы 1650 оқушыға қала бюджетінен қаржы бөлінген. Оқушылар мен олардың жетекші мұғалімдерін, педиатр жəне басқа да бірнеше маманды алып жүруде 2016 жылдың ең үздігі атанған «Zhana-talap» туроператоры қызмет көрсетеді. 

– Бүгін біз 150 оқушының Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне жолға шығу салтанатына куə болдық. Балаларды мектептен сайланған мұғалімдері мен біздің координатор ретінде туроператор директорының орынбасары Ғани Назарбек алып жүреді. Балаларға саяхат қызықты өтуі үшін жақсы бағдарламалар жасадық. Олар алғашқы күнін жолда өткізеді. Сондықтан жолда жалықтырмайтын түрлі ойындар ұйымдастырдық. Сайыста жеңімпаз болған оқушыларға арнайы марапаттар да дайын. Ал Астана қаласына жеткеннен кейін олар Н.Назарбаев интелектуалдық мектебінің жатақханасына жайғасады. 13 маусым күні оқушылар «Болашақ энергиясы» атты ЭКСПО-2017 көрмесін араласа, 14-іне Астана қаласының басқа да танымдық жерлерін тамашалайтын болады, – дейді «Zhana-talap» туроператорының директоры Денис Жарменов.

Шымкент қаласынан бұдан өзге тағы 1450 бала демеушілердің көмегімен бас қалаға саяхат жасайтын болады.

Опубликовано в Әлеумет
Страница 1 из 3