Ақпан айынан бастап Шымкентте балабақша төлемақысы өседі. Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.

Қаланың бас ұстазының айтуынша, бағаның өсуіне ОҚО кәсіпкерлер палатасының ұсынысы және ата-аналардың балабақшада балаларға берілетін тағамның сапасыздығына айтылған шағымдары негіз болған. Сонымен қатар, төлемақының өзгеруіне азық-түлік бағасыны көтерілуі де себеп болып отыр.

Енді 3 жасқа дейінгі балалар үшін 1 күндік төлемақы – 436 теңге 75 тиын. 1 айға 9 171 теңге 75 тиын (бұрын 6 952 теңге 26 тиын). 

3 жастан 7 жасқа дейінгі 1 күндік төлемақысы 527 теңге 94 тиын. 1 айға – 11 086 теңге төлейді (бұрын 8 374 теңге 38 тиын). 

– Баға көтерілгендіктен балалардың күнделікті ішіп жейтін-тағамының сапасы жақсарады. Санитарлық нормаға қарай бекітілген тағамдардың мөлшері, ас мәзірінің талаптарға сай жүргізілуі қатаң бақыланады, – деді Ж. Тәжиева. 

Айта кетейік, бүгінде Шымкентте мектепке дейінгі мекемелер саны – 439, оның 88-і мемлекеттік, 351-і жекеменшік балабақшалар. Онда 69 764 бүлдіршін тәрбиеленуде.

Опубликовано в Әлеумет
Среда, 14 Июнь 2017 07:02

Cауабы мол амал

Жақсылыққа жол сілтейтін Ораза – мұсылман жамағатына нәсіп еткен бес парыздың бірі. Дәл осы Рамазан айында Кәлимаға тіл келтірген әрбір жан сауапты істің басы-қасынан табылуға асығады. Қасиетті айда алғашқылардың қатарында жомарттық танытқандардың бірі өңірімізге белгілі кәсіпкер Қайрат Сүлейменов болды. Дегдар азамат №3 балалар үйіне барып, жүрек жылуына зәру жәудіркөздерді құттықтады. Оларға тарту-таралғы жасады.

photo-1

«Жетім көрсең, жебей жүр» деген халық нақылы тектен-текке айтылмаған. Қолы ашықтың – қашанда жолы ашық. Күнделікті қауырт жұмыстан қолы қалт етсе, кәсіпкер азамат бала жанын жадыратқысы келеді. Қамқор ағаны көріп, көз қуантқан балалар бүгін де әсем ән, тәтті күйін аямады. Қолдан келгенше балапандарды шаттыққа бөлеу, рухани демеу – сауаптың үлкені. Жомарт кәсіпкер: «Баланың тәтті ұйқысы мен риясыз күлкісі жан жадыратпай қоймайды», – дейді. Ата-ана мейірімі мен сүйіспеншілігіне шөліркеген бар баланы бауырына тартты. Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің. Шымкенттік кәсіпкер Қайрат Сүлейменовтың келесі аялдаған жері -- Көксәйектегі тірек-қимыл жүйесі бұзылған балаларға арналған медициналық – әлеуметтік мекемесі болды. Жомарт азамат мекемені керек-жарақ заттармен қамтамасыз етті. Өздеріне көрсетілген қамқорлыққа балалар да мәз-мәйрам. Дәмі тіл үйірер тәттілер, бастан аяқ жаңа киім, ас үйде де жаңарған ыдыс-аяқ... Бұл балалардың денсаулығына байланысты туындайтын кейбір қиындықтарын, ине егу, дәрі ішу сынды процедураларын бір сәтке ұмыттырды. Бос уақытын сауапты іске сарп етуге ұмтылатын жанашыр жігіт денсаулығының кінәраты бар балалардың көңілін осылай аулады. 

Бұл орталықта өздігінен жүріп тұра алмайтын 130 бала тіркелген. Білікті дәрігерлердің емінің арқасында көпшілігі сырқатты жеңуге талпынуда. Жарымжан бұл балғындардың мұнда әлдебір дүниеге мұқтаж екендіктері байқалмайды. Өйткені, демеушілердің көмегі, жылы қабағы мен қамқорлығы олардың өмірін өзгертіп, бір сәтке қайғысын сейілткендей. «Жақсы сөз – жарым ырыс». Игі-жайсаңның жылы сөзі мен ыстық мейірімі жан семіртеді. Оны әсіресе, осы балалар анық сезеді.

Опубликовано в Әлеумет
Пятница, 07 Апрель 2017 04:15

Бүлдіршіндерге қамқорлық

Биыл 55 мың бүлдіршін мектепке дейінгі мекемелермен қамтылады. Білім саласындағы жоспарлы жұмыстардың жай-күйі қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен әкімдік мәжілі-сінде кеңінен талқыланды.

Жиында қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева ҚР «Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндама жасады. Белгілі болғандай, аталмыш бағдарламаның аясында арнайы іс-шаралар жоспары түзіліп, 41 нысаналы индикаторлар белгіленген. Ал 2016 жылдың қорытындысымен белгіленген нысаналы индикаторлық көрсеткіштер толығымен орындалған.

– Өткен жылы қала аумағындағы 386 мектепке дейінгі мекемеде 53 213 бала қамтылған. Оның ішінде, 3-6 жастағы балаларды қамту деңгейі 82,8%, яғни 51 005 баланы құрады. 2017 жылға белгіленген меже 87,5%. Оған жету үшін қосымша 4 500 баланы қамту қажет, – деді Жанат Арысбекқызы.

Сондай-ақ, жиын барысында мектептердегі орынның жетіспеушілігі назарға алынып, үш ауысымда сабақ өткізіп келген мектептердің үлесін азайту жайы талқыланды. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын үйірме жұмыстарына қызығушылығын арттыру және білім беру мекемелерін оқулықтармен қамтамасыз ету мәселелері де жан-жақты сөз етілді.

Қала әкімдігі жуырда іске қосқан электронды журнал жүйесі оқушылар арасындағы қылмыстың азаяуына оң ықпалын тигізгені де атап көрсетілді. 

Жиынды қорытындылаған қала әкімі Ғ.Әбдірахымов күн тәртібіндегі мәселелердің өзектілігіне тоқталып, сала мамандарына нақты міндеттер жүктеді. Берілген тапсырмалардың орындалу барысын өз қадағалауына алатынын жеткізді.

Опубликовано в Әлеумет

Шымкент қаласының әкімі Ғ. Әбдірахымов кезекті қала мәжілісінің бірінде: «Алдағы уақытта жекеменшік балабақша ашамын деушілерге тегін жер телімі беріледі», – деген болатын. Сол кезде шаһар басшысының бұл сөзі естіген құлаққа майдай жағып еді.

1482292859 61246a4b-ff3a-4aa5-92aa-03d3c48b6fb1

«Мұндай таптырмас мүмкіндік пен қолайлы жағдайды қолдан жібермеу керек» десті кәсіп ашқысы келетіндер. Әкімнің осы сөзі қаладағы балабақша ахуалына үңілуге түрткі болды. 

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі мекемелердің жалпы саны – 386. Оның 88-і – мемлекеттік балабақша болса, жекеменшік балабақшалардың саны – 271. Сонымен қатар білім бөліміне қарасты шағын орталықтар саны – 26. Яғни, «Балапан» бағдарламасының аясында тендер алып, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істейтін балабақша көп. Бұл туралы Шымкент қаласы білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева айтып берді. 

Қала бойынша балабақша кезегінде тұрған 7 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны – 178 313. Оның ішінде 2 жасқа дейінгі бөбектер тобына және 6 жасқа дейінгі балғындар тобына қабылдануға кезек күткендер көп. 

Мектепке дейінгі мекемелермен қамтылған бала саны (3-6 жас) – 51 005 (82,7 %) болса, мектепалды даярлық және бастауыш сыныптарына – 26 493 бала тартылған.

Білім бөлімі басшысының айтуынша, қазіргі кезеңде балабақша тапшылығы байқалмайды. Алайда, қала тұрғындары санының күн санап артуына байланысты жаңадан жекеменшік балабақша көптеп ашылып жатса, әрине, артық болмайды. Әзірге мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің 82 пайызы балабақшамен қамтылған.

Опубликовано в Әлеумет

Шымкент қаласындағы «Ақмарал» бөбекжай-балабақшасында «Мәңгілік ел – патриоттық шеруі» атты мерекелік концерт өтті.

20161011 105143

Еңбекші ауданы әкімдігінің, қалалық білім бөлімінің қызметкерлері мен басқа да балабақша меңгерушілері мерекелік шараның қадірлі қонағы болды. Еліміздің ертеңіне баланатын бүлдіршіндер тәтті қылығымен және отансүйгіштік тәрбиесімен көрермендерді тәнті етті.

Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Досалы Амангелдиев:

– «Ақмарал» балабақшасында тәрбиеленген балалар еліміздің туын ұстар азамат болсын. Мемлекет тарапынан балалардың денсаулығына, біліміне, жақсы тәрбие алуына бұдан әрі де жағдай жасай береміз, – десе, балабақша меңгерушісі Гүлмира 

Жаңабаева баршаны айтулы мерекемен құттықтап, «Сіздер балаларыңызды бізге сеніп тапсырыңыздар, ал біз олардың болашаққа сенімді қадам жасауына еңбек сіңірейік» деп ыстық ықыласын білдірді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне арналған мұндай іс-шара «Туған елім Қазақстан» деген атпен «Асар» шағынауданындағы «Ер Тарғын» балабақшасында да ұйымдастырылды.

Опубликовано в Әлеумет
Пятница, 02 Сентябрь 2016 05:39

«Айсұлуда» 180 бүлдіршін бар

Шымкенттік бүлдіршіндер Білім күні қарсаңында қуанышқа кенелді. «Балапан» бағдарламасы аясында бой көтерген 180 орынды «Айсұлу» балабақшасы ел игілігіне берілді. Нысанның ашылу салтанатына қала әкімі Ғ. Әбдірахымов қатысты.

  

Әлеуметтік нысан ҚР Конституциясы мерекесіне орай әрі Білім күні қарсаңында ашылды. Қазақ, ағылшын, орыс тілінде білім беретін жаңа балабақша заман талабына сай жабдықталған. Мұнда жасөспірімдердің денсаулығын қадағалайтын медициналық, психологиялық бөлме, асхана, спорт залы, жас ерекшеліктеріне сай жасалған жазғы бассейндер бар.
Балабақша қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Опубликовано в Әлеумет
Среда, 01 Июнь 2016 09:17

Балабақшалар саны артады

Облыс әкімінің тапсырмасына орай қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласы аумағында салынған балабақшалардың жағдайымен танысты. Әуелі, №60 «Тараз» бөбекжай балабақшасы, №61 «Нұртас» және №62 «Ботақан» бөбекжай балабақшасында болып, Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған «Балапан» бағдарламасының орындалу барысын бақылап қайтты.

sadyk-2

sadyk-1Атап айтар болсақ, құрылысы 2014 жылы басталған бұл 3 балабақша 320 орынға лайықталып салынған. Аталған бөбекжайлар 1 маусым балаларды қорғау күні мерекесіне орай пайдалануға беріледі. 

Қала халқының өсуіне орай балабақшаға баратын тәрбиеленушілердің саны көбейе түсуде. Осыған орай, Шымқалада жаңа бөбекжайлар көптеп салынып, ел игілігіне беріледі. 

Өңір басшысы Шымкенттегі мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу ісін жетілдіруді тапсырған болатын. Облыс әкімінің тапсырмасының орындалу барысына тоқталған шаһар басшысы жоспар бойынша алдағы уақытта қала аумағында жасөскіндерге арналған бөбекжайлардың қатары көбейетінін жеткізді. Сонымен қатар, Ғ. Əбдірахымов бөбекжайлардың айналасындағы көшелердің сапасына баса мəн беруді тапсырды.

Шымкент қаласы әкімі
аппаратының баспасөз қызметі

Опубликовано в Қала