Шымкентте «Южный» кафесіндегі балмұздақ сататын сауда дүңгіршегі санитарлық талаптарға сай келмейді. Сонда қызмет ететін 5 қызметкердің екеуінен сальмоноллез бактериясы анықталған. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов журналистермен өткізген брифингте мәлімдеді.

shymkala-26-1

Еске салсақ, 29-30 наурыз аралығында Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 39 тұрғын көмек сұрап келген. Олар тоқтамай құсып, іш өтуіне шағымданған. Екі күн ішінде жіті ішек инфекциясы диагнозымен түскендердің 21-і ересек адам болса, 11 бала мен 7 жасөспірім де бар. Сұрастыру кезінде олардың қаладағы «Южный» кафесіндегі сауда нүктесінен балмұздақ сатып алып жегені белгілі болды. Дәрігерлер науқастарға тиісті ем-дом көрсетіп, денсаулығы тұрақталған науқастардың алды үйіне шығарылған болатын.

Дегенмен, құйылмалы балмұздақ жеп, уланғандар саны көбейіп, бүгінгі күнге дейін денсаулығына шағымданғандар саны 188 адамға жетті. Олардың 101-і ересектер, 14 жасқа дейінгі 39 бала және 48 жасөспірім бар.

– Дертінен айыққан 99 науқас үйіне шығарылды, ал 89 адам ем алуда. Барлығы дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылды. 56 науқасты бір-екі күнде шығаратын боламыз. Олардың 27-нің анализінен сальмоноллез бактериясы табылды, – деді ОҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбев.

Осы келеңсіз жағдайдан кейін санитар мамандар құйылмалы балмұздақ сатылатын сауда дүңгіршегіне жоспардан тыс эпидемиологиялық тексеру жүргізді.

– Осы тексеру барысында, біріншіден, балмұздақ сататын орынның өз жұмысын бастағаны туралы жауапты мекемеге хабарлама берілмегені анықталды. Сосын балмұздақ дайындайтын орын санитарлық талаптарға сай келмейді. Жеке кәсіпкер балмұздақты Коммунизм елдімекеніндегі өз үйінде дайындап, дүңгіршекке пластик ыдыстармен тасымалдағаны белгілі болды. Онда қызмет ететін 5 жұмысшының екеуінен сальмонеллез дерті анықталды, олардың біреуінде ғана медициналық кітапшасы болған. Қазір «Южный» кафесінде жұмыс істейтін 12 қызметкердің барлығынан ішек инфекциясының тасымалдаушылығын анықтау мақсатында сынамалар алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша нысан жұмысын уақытша тоқтатып, сотқа талап-арыз жолданды, – деді облыстың бас санитары Н.Нышанов.

Нұрбек Нышановтың айтуынша, балмұздақ сататын бұл дүңгіршек жұмысын 2004 жылы бастаған. Осы кезге дейін сауда нысаны санитар мамандардың тарапынан тексерілмеген болып шықты. Өйткені, мұндай сауда нүктелері эпидемиологиялық маңыздылығы жағынан елеусіз нысандар қатарына жататындықтан, тексерілмейді дегенді алға тартты мамандар.

Ал ОҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Абубакировтың мәліметі бойынша, Шымкентте құйылмалы балмұздақ сататын 50-ден аса сауда орны бар. «Заңсыз әрекетке барған кәсіпкерлер өз жазасын алуы тиіс. Алдағы уақытта кәсіпкерлер арасында сапаға мән беру жайында насихат жұмыстарын күшейтеміз», – дейді А.Абубакиров. Қазір арнайы топ құрылып, лаваш, донер және балмұздақ секілді тағамдар сатылатын орындарда түсіндіру жұмыстары басталмақ.

Опубликовано в Әлеумет

Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Бақтыбай Дүйсебеков мәлім етті.

shymkala-89-1

Шымкент қаласының халқы саны күн санап артып келеді. Қазіргі таңда Шымкент агломерациясының аумағы 1573,5 мың гектарға жеткен. Сондай-ақ, жақын маңдағы ірі аудан орталықтары мен қалалар арасындағы қарым-қатынас жақындай түсуде. Аумағында 1,8 миллион адам, 367 елдімекен орналасқан. Оған 9 қала, аудандар кіреді. Болжам бойынша 2020 жылға қарай Шымкент агломерациясы халқының саны 185093 адамға немесе 10,3 % артып, 1986087 адамды құрайды деп күтілуде. Осыған орай, қала ішіндегі кедергілерді азайтып, кішігірім қалалардың қарқынды дамуы үшін Шымкент агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы әзірленді. 

Схема аралық (2020 жыл) және есептік (2030 жыл) жобалау мерзімдеріне аумақтың қала құрылысын перспективалы дамытудың жобалық ұсыныстарын қамтиды. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, газ, электр жүйелері секілді инфрақұрылымды кешенді дамыту шаралары бар. 

– Жоба бойынша оңтүстік бағытта – Сарыағаш қаласы, батыс бағытында – Арыс қаласы, шығыс бағытында – Т. Рысқұлов селосы контрмагниттік рөлі бар әкімшілік орталықтары ретінде анықталды. Ал серіктес елді мекендерге Леңгір, Ақсу, Қазығұрт, Бадам, Темірлан, Төрткүл, Шаян аудан, қалалары енді. Бұл жерлерде өмір сүруге қолайлы жағдай жасалып, одан әрі дамыту шаралары жүргізіледі, – деді Бақтыбай Елікұлы. 

Айта кетейік, Шымкент агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын әзірлеуші Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығы.

Опубликовано в Қоғам
Пятница, 20 Октябрь 2017 09:48

Шымкентте жаңа әуежай салынады

Бұл туралы ОҚО сәулет және құрылыс басқармасының басшысы Еркін Жүсіпов облыс аймағында жүргізіліп жатқан құрылыс барысы жөніндегі брифингте мәлімдеді.

shymkala-83-3

Басқарма басшысы өңірімізде атқарылған және алдағы жұмыс жоспары туралы айтты. Ағымдағы жылдың 9 айында басқарма жұмысы 99 пайызға орындалған. Сонымен қатар, қала және аудан аймақтарынан 40-тан аса сәулеттік жобалар әзірленген.

Ал алдағы уақытта қолға алатын жобалардың ішінде қала ішінде парктер салу. Өңірімізде «Шатқал» бағдарламасы бойынша 17 шатқал Шымкент қаласын кесіп өтеді. Сол 17 жерден үлкен саябақтар бой көтермек. Әрқайсысының көлемі 4-5 шақырымды құрайды. Мәселен, жоба бойынша Бозарықтың айналма жолында үлкен Университеттік қалашық бой көтереді. Сол екі ортаға «Ұлы Дала елі» саябағы салынып, тарихи-мәдени ескерткіштер қойылмақшы. 

Сондай-ақ, брифингте қаладағы жаңа әуежай туралы сөз болды. Жоспарға сәйкес қазіргі әуежай кеңейтіліп, қала сыртынан жаңа әуежай салынатын болады. 

– Шындап келгенде қаладағы әуежай талапқа сай келмейді. Біріншіден, ол жерде әскери базаларымыз бар. Екіншіден, келіп-кететін ұшақтардың барлығы қала үстімен ұшады. Және қонақтарға қызмет ету үшін тарлық етеді. Қазірше кеңейту жұмыстарын жасайтын боламыз. Ескі әуежай өз орнында қалады. Бұлардан кейін бізде жергілікті ұшу және кіші авияция пайда болады, – дейді ОҚО сәулет және құрылыс басқармасының басшысы Еркін Наурызбайұлы. 

Қазір жаңа әуежайдың орнына екі нұсқа ұсынылып отыр. Бірі қаладан 20-30 шақырым қашықтықтағы Түркістан бағытында Ордабасы аумағында. Екіншісі, Түлкібас ауданы бағыты бойында. 

Сонымен қатар, темір жол вокзалын да ауыстыру жоспарда бар. Нақтырақ айтсақ, жүк және жолаушылар вагонын екі жақтан қабылдау. Ал қазірше ескі вокзалды кеңейту, жаңбыр, қардан қорғайтын бастырмалар салу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді. 

Қала ішіндегі «Шымтөбенің» орнында бұрын «Қарауылтөбе» болған. Бұл Шымкенттің ең биік жерінде және қақ ортасында орналасқан. Сол жерде үлкен аймақты барлайтын, шолып қарайтын ғимарат болады. Бұл бүкіл қаланы көретін мұнара ғана емес, мұражай, тамақтанып, сейіл құратын орталық болмақ. 

Бұлардан бөлек, «Ескі қалашықтағы» төбешіктің және Қошқар ата өзенінің бойында «Арбат» салынады деп күтілуде. 

Шымкент қаласында дәл қазір «Шымкент сити» қалашығының құрылысы жүріп жатыр. Сол жерде 10 мың орындық «Шымкент Арена» спорт сарайы пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, өнер орталығы мен Оқушылар сарайының жобалары да әзірленген.

Опубликовано в Қала
Пятница, 22 Сентябрь 2017 08:17

Халық күткен мереке

DSC 1295

Шымкентте биылғы Қала күні мерекесі апта бойы атап өтіледі. Бұл жөнінде бүгін қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай жергілікті БАҚ өкілдеріне арнайы ұйымдастырылған брифингте мәлім етті.


Қыркүйек айының 23-30 жұлдызы аралығын қамтитын мерекелік бағдарламаны қалалық мәдениет бөлімі ұсынуда. 

DSC 1285

– Биылғы Қала күні мерекесі Елбасының жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласымен үндес, орайлас аталып өткелі отыр, – дейді Қайрат Ырзақұлұлы. – Мерекелік бағдарлама 23 қыркүйек, яғни, сенбі күні арнайы жалпықалалық сенбіліктен бастау алады. Кең ауқымды мәдени, спорттық шаралар көпшіліктің көңілінен шығуы тиіс. Мерекені қорытындылаған гала концертке Қазақстан эстрада жұлдыздары – Қайрат Нұртас, Ернар Айдар, Қарақат пен Қыдырәлі сынды өнерпаздар қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, бұл күндері Гиннестің рекордтар кітабына ұсыну үшін ғажайып шараларды да қамту жоспарда бар.

 

(Қала күніне арналған іс-шаралардың бағдарламасы)

Опубликовано в Қала
Четверг, 10 Август 2017 17:46

Қызметшілер сынақтан сәтті өтті

 

Өңірімізде 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында 956 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс жарияланған. Оның 501-і (53%) жеңімпаз ретінде анықталып, меритократия принциптеріне сәйкес, 179 (36%) жеңімпаз төменгі лауазымнан жоғары лауазымға тағайындалған. Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

– Ұлт жоспарының 4-қадамына сәйкес, облыс бойынша 505 жаңадан тағайындалған қызметшілер 3 ай сынақ мерзімінен сәтті өтті. 2017 жылдың І жарты жылдығында қызметшілердің барлығы тағылымдамадан өтті, – деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Шілманов.

Мұнан соң, сөз алған облыстық жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішев жарты жылдық ішінде мемлекеттік қызметшілер мен басқа да азаматтардан 10 арыз түсіп, өтініш иелеріне жауаптары жолданғанын жеткізді. Сонымен бірге, Әдеп жөніндегі уәкілдің жеке қабылдауында 11 адам болып, жазған арыздарына заң талаптарына сай тексеру жүргізіліп, жауаптары берілген.

Опубликовано в Қоғам

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев осылай мәлімдеген. Елбасының «100 нақты қадам» ұлт Жоспарында мемлекеттік қызметтің кәсібилігін арттыру тапсырмасы аясында жүргізілген кешенді аттестаттау қорытындысы белгілі болды.

brifing-41

Департамент басшысының айтуынша, өңірдегі 8 489 мемлекеттік әкімшілік қызметшінің 6483-і аттестация тапсырса, қалғаны бос орындар мен аттестациядан босатылғандар. Жалпы облыстағы 63 комиссия өздеріне жүктелген жұмысты жақсы атқарып шығып, аттестаттауды өз деңгейінде өткізді. Облыста аттестаттаудың тестілеу сатысынан өткен мемлекеттік қызметшілердің нәтижесі мынадай: «өте жақсы» нәтиже алғандары – 1766, «тиімді» – 4482, «қанағаттанарлық» – 222, «ең төмен» деген көрсеткішті – 13 азамат алған. Ал  аттестаттаудан оң нәтижемен аяқтаған 239 қызметші жоғарылатуға ұсынылған.

Опубликовано в Әлеумет
Пятница, 19 Май 2017 04:08

Төрт айда – 25 426 адам

жұмыспен қамтылды

ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өңіріміздегі жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы бойынша баспасөз мәжілісі өтті.

zhumyspen qamtu-39

Жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева биылдан бастап жүзеге асырылып жатқан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» іске асырылу барысын баяндады. 

Басқарма басшысының баяндауынша, үш бағыт бойынша іске асырылып жатқан жаңа бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 10879,6 млн теңге бөлініп, 64 314 адам жұмыспен қамтылатыны көзделген.

Айта кетерлігі, жыл басынан бергі 4 айда 25 426 бағдарлама қатысушысына әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілген. Оның ішінде, тұрақты және уақытша жұмыспен 35138 адам қамтылатыны жоспарланып, нақты 13 207 адам жұмыспен қамтылды. 5284 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 3005 адам жастар практикасына жіберілген. Сондай-ақ, 6838 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдау жоспарланып, нақты 3380 адам қоғамдық жұмыс орындарына барды.

Опубликовано в Қоғам
Пятница, 05 Май 2017 04:47

«Таза қала» акциясы басталды

Шымкентте «Таза қала» акциясы бастау алды. Осы ретте атқарылатын іс-шаралар қала әкімдігінде өткен брифингте мәлім болды.

DSC 0830

Биыл қала әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы қолға алған «Таза қала» акциясы бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жоба ең таза аула мен үздік көшені анықтауға, сондай-ақ қала тазалағын сақтауға бағытталған. 

– Акцияның басты мақсаты – тұрғындардың қала мен ауласын таза ұстауға біріктіру. Айта кетейін, жылдан жылға байқауға қатысушылардың саны артып отыр. Жобаның нәтижесі де жоқ емес. Шымкентте таза аула мен көшелер саны артып келеді. Дегенмен маңызды шараға тұрғындарды белсене қатысуға шақырамын, – деді қала әкімінің орынбасары Қ. Нұртай.

Сондай-ақ «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығының президенті Ш. Жамалбек акция туралы парақшалар тұрғын үйлерге ілінетінін, онда мәліметтер толық қамтылғанын атап өтті. Жұмысшы топ 15 күн сайын қатысушыларға сараптама жасап отырады. Сондай-ақ ұйымдастырушы топ мектеп мұғалімдері мен оқушыларды да игі іске жұмылдырмақ.

Акция 3 мамыр мен 1 қыркүйек аралығына дейін жалғасады. Байқауға қатысушылар өтінімдерін 1 маусымға дейін Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандары жанынан құрылған жұмысшы топқа өткізуіне болады.

Жеңімпаздар қала күніне орай марапатталады. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 4 млн теңге.

Опубликовано в Саясат
Среда, 15 Март 2017 05:41

40 іс-шара өткізіледі

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков баспасөз маслихатында мәлімдеді.

62b5b794-1e0e-4fce-9d3b-c8eee8527218

– «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен түркі мәдениетін әлемге таныту мақсатында жыл бойы түрлі шаралар өткізіледі. Жобаны жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін Түрксой Халықаралық ұйымы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ОҚО әкімдігі тарапынан үшжақты қол қоюмен бекітілген, – деді Ұласбек Сәдібекұлы. 

IMG 7787-14-03-17-12-11Жобаның салтанатты ашылуы мен Түрксой Баспасөз сыйлығын тапсыру рәсімі Түркістан қаласында 21 наурыз күні өтеді. Одан бөлек «Наурызнама», «Күлкі жәрмеңкесі», «Нұрын төккен – Рамзан», «Театр көктемі» және басқа да түрлі шаралар ұйымдастырылады. 

Жалпы «Түрксой» ұйымы түркі әлемінің мәдени астаналарын таңдау жобасын 2012 жылдан бастап өткізіп келеді. Бұған дейін мұндай құрметке Ескішаһар (Түркия), Қазан (Татарстан), Мары (Түркіменстан), Шеки (Әзірбайжан) қалалары және еліміздің бас қаласы Астана ие болған. 

Жиын барысында бұдан бөлек Елбасының биылғы Жолдауына байланысты облыс көлемінде өткізілетін шаралар, республикалық және ОҚО бойынша ұйымдастырылатын мәдени шаралар және «Наурыз» апталық жобасын жандандыру мәселелері айтылды.

Опубликовано в Қоғам

Оңтүстікте 2021 жылға дейін 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

181bb61f-75a8-48ac-918c-b03882b9a0cf

Мемлекеттік «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы өңірде қалай іске асырылуда? Дархан Амангелдіұлы негізгі бес бағытқа тоқталды. 

– Бірінші бағыт – ипотекалық несие берудің қолжетімділігін арттыру. Мұнда халық тарапынан сұранысты ынталандыру мақсатында, екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық несие беру көлемін арттыру үшін, жылына республика бойынша 10 млрд теңге субсидия беріледі. Яғни, тұрғын үйді алушыға 10 пайызбен 15 млн теңге 15 жылға беріледі. Тек несие рәсімдеушінің шотында тұрғын үйдің 30 пайыз мөлшерінде қаражаты болуы тиіс. 

Бағдарлама аясында ипотекалық несие алу, тұрғындарға ай сайынғы төлем 30 пайызға төмендетілмек. Бұл, ипотекалық несиеге қолжетімділікті арттырып, тұрғындардың баспана алуына үлкен мүмкіндігін туғызбақ.

Бағдарламаның келесі бағыты – жеке құрылыс салушыларды ынталандыру. Осы мақсатта екінші деңгейдегі банктерге несие беру көлемдерін арттыру арқылы құрылыс компанияларын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету көзделуде. Оған жыл сайын республикалық бюджеттен 11 млрд.теңге субсидия бөлінбек. Субсидия 3 жылға беріледі. Бұл өз кезегінде 157 млрд теңгені субсидиялауға мүмкіндік беріп, 600 мың шаршы метр тұрғын үй салуға болады. Тұрғын үй құрылысының даму жоспарына сәйкес, өңірімізде 5 жылда 47 619 отбасыны баспанамен қамтамасыз етеміз,– деді облыс әкімінің бірінші орынбасары. 

Үшінші бағыт – тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы кредиттік баспана салу. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін жергілікті атқарушы органда есепте тұрған кезектегі адамдар үшін қолжетімді тұрғын үй көлемін арттыру үшін кредиттік баспана салу жалғасатын болады.

Несиелік тұрғын үйдің құны 1 шаршы метрі – 140 мың теңгеге дейін. Облыс бойынша 2017-2021 жылдар аралығында 78,2 млрд.теңгеге несиелік үйлер салынып, 558,6 мың шаршы метрді құрайтын 7146 пәтер пайдалануға беру жоспарлануда. 

Төртінші бағыт – халықтың әлеуметтік топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы. Бүгінгі күнге облыста тұрғын үй кезегіне 43 мыңнан астам адам тіркелген. 

Бағдарламаның бесінші бағыты – жеке тұрғын үй құрылысын дамыту. Осы орайда 2018 жылы облыста 2 пилоттық жобаны жүзеге асыру көзделуде. Оның біріншісі, Шымкент қаласының «Бозарық» шағынауданында іске асады. Инвестициялық жоба бойынша 74 га жер теліміне 293 жеке тұрғын үй салынады. Ал екіншісі, «Таскен» тұрғын алабында 180 га жерге 1050 жеке тұрғын үй бой көтереді.

Опубликовано в Қала
Страница 1 из 3