Пятница, 15 Декабрь 2017 05:37

Елбасы тапсырмасы – басты бағдар

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғ.Әбдірахымов Шымкент қаласына келді.

 DSC9460

Жұмыс сапары аясында «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалында партия төрағасы Н.Назарбаев берген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде жиналыс өткізді. 

Мәжіліс барысында облыстық білім, денсаулық, құрылыс, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары баяндама жасады. Сондай-ақ, Тәуелсіздік күніне орай бірқатар қызметкерлерге «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» белгісін, «Құрмет грамотасын» табыстады. 

 DSC9368

Ғ.Әбдірахымов іссапар барысында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да жастармен кездесті және Төлеби ауданында болды. 

– Елбасы Н.Назарбаев партияны жаңғырту бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Қазір партия аталған тапсырмаларды орындауға кірісті. Осыған орай, бүкіл өңірлерде жұмыс сапарын ұйымдастырудамыз. Біздің басты мақсат – мемлекеттік бағдарламаларға, партия төрағасы тапсырмасының орындалуына мониторинг жасау және бақылау. Сондай-ақ, халықтан түскен арыз-шағымдарды қарау, – деді «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ғ.Әбдірахымов.

Опубликовано в Әлеумет

amidollaЕгемен еліміздің Тұңғыш Президенті, дана саясаткер Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен сонау бір жастық дәуірімізде курстас әрі қызметтес болғанымды мақтан тұтамын. Алдымен өзім жайлы айта кетсем, мен – Амидулла Ермаханбетұлы 1939 жылы 22 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Георгиевка ауданы (қазіргі Төлеби), Қасқасу ауылында дүниеге келдім.

amidolla-2

1957 жылы осы ауылдағы орта мектепті бітірген соң, Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетіне оқуға түсуге бардым. Бірақ сол кездегі тәртіп бойынша өткізілетін конкурстан өте алмаған соң Шымкент қаласындағы №11 техникалық училищеге оқуға түстім. Оны 1958 жылы бітірдім. Содан соң цемент зауытында слесарь-монтажшы болып жұмысқа тұрдым. Осы жылы облыстық комсомол комитетінің жастарды бүкілодақтық екпінді комсомол құрылысына, атап айтқанда, Қазақстан магниткасын салу жұмысына жолдамамен жіберу науқаны басталды. Сөйтіп облыстық комсомол комитетінің жолдамасымен «Қазақстан магниткасына» – Теміртау қаласына бардық. Сол жерде екі топқа бөлініп, училищеге оқу үшін Ресей мен Украинаға жолға шығарып салды.

Украинаға жолдама алған 35 жігіт барды. Мұндай салада еңбек ету үшін алдымен Украинадағы Днепродзержинский қаласындағы №8 техникалық училищеден арнайы білім алу керек. Осыған орай біз Шымкенттен пойызбен Мәскеу арқылы діттеген жерімізге жеттік.

Днепродзержинсийге келгесін байқағаным, мұнда Шымкенттен келген біз ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жастар көп екен. Бұл жердегі жұмыс пен еңбектің тәртібі былай: аптасына 3 күн училищеде оқимыз, 3 күн қаладағы Металлургия комбинатында жұмыс істейміз. Мен осы жерде алғаш рет Нұрсұлтан Әбішұлымен таныстым. Кең маңдайлы, ашық жүзді Нұрсұлтанның кіммен танысса да сол сәтте өзіне баурап алатын қасиеті барын бірден байқадым. Ашығын айтсам, Нұрсұлтан оқуды да үздік оқып, жұмыста та асқан белсенділік танытатын. Оның бойына біткен адамгершілік қасиеті жанындағылардың бәрін өзіне ерекше тартатын. Осылайша ол жақта Нұрағаңмен 2 жылдай әріптес болып, Теміртау қаласына – «Қазақстан Магниткасына» жұмысқа келдік. Сөйтсек, біздің мамандық бойынша жұмыс жасайтын домна пеші әлі іске қосылмаған екен. Ол біткенше екі жылдай әртүрлі жұмыс атқарып жүрдік. 1962 жылы домна пеші іске қосылып, өз мамандығымыз бойынша бірінші шойынды балқытуға кірістік. Домна пеші балқытқан шойынды бірінші болып Нұрсұлтан Назарбаев ағызды. Алғашқы құйылған шойынның бір құймасын алып, «Қазақстан магниткасының бірінші шойыны» деп жазып, Алматыда өткен Қазақстан ЛКСМ-нің 12-съезіне алып барып, Д.Қонаевқа табыс етті.

Жұмыстың ауыртпалығына шыдай алмаған бірталай жігіттер кәсіпорында қалмай, елдеріне қайтып кетті. Жұмыста тек қажырлы да қайратты жігіттер іріктеліп қалды. Мен осында Нұрсұлтан Әбішұлымен 1970 жылға дейін бірге жұмыс істедім. Одан бұрын, яғни, 1961-1962 жылдары Теміртаудағы жоғарғы техникалық оқу орнына (ВТУЗ) түстік. Институтта кешкі және күндізгі бөлімде оқытатын тәртіп болатын. Мәселен, жұмысқа күндізгі ауысымға түссек, кешке оқитынбыз. Түнгі ауысымға түссек, күндіз оқитынбыз.

Мен мамандығым бойынша мартен пешінде болат қорытушы болдым. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы домна пешінде шойын қорытушы болып еңбек етті.

Осы уақытта Нұрсұлтан Әбішұлы домна пешінің қатардағы кеншісінен бастап, цех комсомол комитетінің жетекшісінен комбинат парткомының хатшылығына дейін өсті. Одан Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшы, одан кейін Қазақстан орталық партия комитетінің хатшылығына көтерілді.

Нұрекең қандай қызметте жүрсе де байырғы курстас әрі қызметтес достарын ұмытқан емес. Мәселен, қазіргі ел басқарып жүрген уақытында да уақыт тауып, бізбен бас қосуды ұмытпайды. Ондай кездері біз жастық шағымызды еске алып, мәре-сәре боламыз. Яғни, ол өз мойнындағы сан алуан саясаттың тірліктерін бір сәт ысырып қойып, бізбен баяғы жастық шақтағы сәттеріміздегідей емен-жарқын әңгімелесе бастайды.

Нұрсұлтан Әбішұлы сонымен қатар әзіл сөзді өте жақсы көретін, кең пейілді жан. Біз де өз тарапымыздан оның атқарып жатқан алуан түрлі жұмыстарына оң баға беріп, оны шабыттандыра түсеміз. Біздің оған көрсеткен басты құрметіміз - осы.

1989 жылы 24 маусым күні Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы болып сайланды. Дәл сол күні менің үлкен қызым Бақыттың тұңғыш ұлы өмірге келді. Бұл менің тұңғыш немерем еді. Немеремнің туылғаны және ат қойғанымыз қызық болды. Осы кезде жаңа ғана өмірге келген немеремнің аты жайында таласа бастадық. Сол уақытта менің жұбайым Бану үйде отырған қонақтарға қарап былай деді: «Немеренің аты өзінен-өзі шығып тұрған жоқ па? Бағаналы бері өздерің сырттай құттықтап отырған Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы – Нұрсұлтан досымыздың аты осы немереге лайық емес пе?!» демесі бар ма. Отырғандар ду қол шапалақтап, бұл ұсынысты бірден қолдады...

Тағы бір қызық жайт, осы немерем 6 жасқа толғанда, оның сүндет тойы мен өзімнің 60 жасқа келгенім әрі Розаға қосылғаным, сондай-ақ анамның 100 жылдық мерейтойы да тұспа-тұс келді. Осындай төрт қуанышқа арнап үлкен той өткізуді ұйғардым. Тойға екі күн қалған кезде Нұрсұлтан Әбішұлына арнайы шақыру жібердім. Тура той болатын күні ол кісіден құттықтауға толы телеграмма келді. Ол телеграммада былай деп жазылған екен.

«Құрметті Әбеке, бақыт деген осы. Төрт құбыланың түгелдігі деген осы. Шүкіршілік, алдыңда ақ пейіл анамыз, жаныңда жан жарың Роза, соңыңда балалар мен немерелер ер жетіп келе жатыр. Балбөбек Нұрсұлтанды тағдыр көпсінбесін, ұзағынан сүйіндірсін. Анамыздың да, өздеріңіздің де алда көрер жақсылықтарыңыз мол болсын! Шаңырағыңа бақыт пен шаттық тілеймін!

Нұрсұлтан Назарбаев. Астана«. Мұның өзі Нұрағаңның біз секілді қарапайым адамдарды, әсіресе ескі достарды ұмытпай жүргендігінің бір көрінісі.

Арада біраз уақыт өткенде Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына кілең сыныптастарды әдейі арнап шақырып, сонда Нұрекең бәрімізді бір күн бойы күтті.

2011 жылдың мамыр айында біздің қалада ардагерлерге арналған аллеяның ашылу салтанатына арнайы сапармен келгенде тағы жолықтық. Біз бұрынғы облыстық арбитраждың бастығы Өмірбек Темірұлы екеуіміз алдынан шығып, арнайы сәлем бердік.

Бүкіл әлемге аты мәшһүр болған қайсыбір ұлы тұлғаны алсаңыз да, қарапайымдылықтан кенде болған емес. Бұл тұрғыда Нұрсұлтан Әбішұлы Елбасы екендігіне қарамай, осындай қасиеттерді де бойына сіңірген.

2011 жылы 29 қазанда Нұрсұлтанның әкесі Әбіш атамыздың қайтыс болғанына 40 жыл, анасы Әлжанның өмірден өткеніне 35 жылдық асты Назарбаевтар әулеті өткізді. Біз, біраз сыныптастар, достар асқа қатыстық. Мен көпшілік алдында арнау сөз айттым: «Біріншіден, осы асты ұйымдастырып отырған, Назарбайдан тараған ұл-қыздарға, ағайындарға мың да бір рахмет. Нұрсұлтандай ұл өсірген ата-ана – бақытты жандар. Оларды бүкіл қазақтың ата-анасы десек те артық емес. Өйткені, олардан туылған Нұрсұлтан бүкіл әлемге Қазақстан Республикасын, қазақ халқын танытып отыр» дедім.

Бұл ас – бүкіл қазаққа үлгі болатын, дәстүрімізге сай ас болды. Мен өзімді Нұрсұлтандай ұлы тұлғамен жалынды да жігерлі жастық шақтағы күндерді бірге өткізіп, қызметтес болғанымды мақтан тұтамын. Иә, ол ұлы тұлға...

Опубликовано в Мәдениет
Среда, 29 Ноябрь 2017 06:07

«Ал, Бастарбек, баста!»

Президентпен кездескен кейіпкеріміздің тағы бірі – Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің ОҚО филиалының төрағасы, ҚР мәдениет қайраткері Бастарбек Пірімбетов.

DSC 1726

– Бастарбек Пірімбетұлы, Елбасымен ең алғаш қашан кездестіңіз? Оңтүстік өңіріне жасаған сапарларындағы жүздесулеріңіз туралы айтып өтсеңіз...

– 1992 жылы облыстық мәдениет басқармасының бірінші орынбасары болып тағайындалдым. Облыс әкімі М.Үркімбаев, мәдениет басқармасының басшысы 

Х.Есенқараева еді. Н.Әбішұлын Президент болғаннан соң ең алғаш рет сол жылы Дендрологиялық саябақта концерттік бағдарлама қойып күтіп алғанбыз. Келесі жылы Оңтүстікте 3 елдің басшылары кездескен. Қазіргі «Мирас» университетінде сол президенттердің қол қою рәсімі болған. Ислам Каримов, Асқар Ақаев, Нұрсұлтан Назарбаевтың әңгімесін тыңдап отырдық. Бұдан кейін де бірнеше рет Елбасымен дастарқандас болдық. Ол кезде жылына бір рет қана келетін, қазір, өздерің білесіңдер, Президент өңірімізге жылына 2-3 рет келеді.

DSC 1737

– Елбасының өзіңіз басқарған Ж.Шанин атындағы театрға келген кездесуіне тоқталыңызшы...

– Театрға президенттің өзі келеді дегенде Асқар Мырзахметов «Экскурсияны өзіңіз жүргізесіз. Бар жағдайды айтасыз. Мүдіріп қалмаңыз» деп дайындаған. Сосын біз де жақсылап дайындалдық. Шын мәнінде де ол өте жауапты іс. Бір апта бойы пысықтадық. 

Сонымен кездесетін күн келді. Көлігі көріне бастады дегеннен кішкене қобалжи бастадым. Кейін қасыма жақындады. Барып қолын алдым. «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Мен Ж.Шанин атындағы драма театрының директоры Бастарбек Пірімбетов» деп едім, «Ал, Бастарбек, баста» деді. Содан көңілім жайына түсіп, бірнеше жылдан бері білетін адам секілді еркін сезіне бастадым. Сөзімнің барлығын айттым. Елбасы да «Мынаны олай істеу керек, мынаны былай істеу керек. Мынау жақсы болыпты» деп оң бағасын берді. Қайтар кезде «Сендерге осындай театр салып бердік, енді жақсылып жұмыс істеңдер» деп қолымды қысты да көлігіне отырып кетті. Бар болғаны осы. Кездесуден кейін әкім «Сіз Елбасын күнде көріп жүрген секілді сөйледіңіз ғой» дейді. Туыстарым «Галстуктарыңды да бірдей етіп тағып алыпсыңдар» деп әзілдеген. Негізінде ол сәйкестік болған. 

Елбасының қасында жүріп оның жан-жақтылығына қатты таңғаламын, қызығамын. Өлең айтады, теннис ойнайды, домбыра тартады, суда жүзеді. Тіпті кейбір мықты әншілерге «Ол өлеңді былай айтады» деп түзеп жіберген кездерін де көрдік. Әйтпесе, ауылда өскен қойшының баласы ғой. Осы қасиеттеріне қатты қызығып алғашқы немерімнің атын Нұрсұлтан қойдым. Қазір 3 курста оқиды.

 

– Рахмет!

Опубликовано в Қоғам

Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевпен кездесіп, тілдескен келесі кейіпкеріміз – «Бал текстиль» кілем фабрикасының директоры Талғат Ысқақов.


DSC 0705

– Талғат Жүнісбекұлы, сіз Президентпен қашан кездесіп едіңіз?

– 2014 жылы мамыр айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өңірімізге жасаған сапарында фабрикамызға арнайы келіп, жұмыс барысын өз көзімен көріп, алға қойған жоспарларымызбен танысты. Бүінгі таңда туындап отырған негізгі мәселелер туралы да сұрады. Сондай-ақ, фабрикадағы жас мамандарға жақсы бағасын беріп, ризашылығын білдірген болатын.

– Бұл сіздің Елбасымен алғаш кездесуіңіз бе?

– Иә, бірінші рет кездестім. Қолбалжу да болды. Бірақ, ол кісінің қарапайымдылығының арқасында, еркін әңгімелесе алдық.

– Не туралы әңгімелестіңіздер?

– Негізінен кілем өндірісі туралы пікірлестік. Қазір әлемде Түркіменстан, Иран кілемдері танымал екенін айттым. Мақсатымыз – қазақы кілемдерді де кеңінен насихаттап, өнерімізді дүние жүзіне таныту керекпіз дедім. Бұдан бөлек кілемнің түрлері, сапасы, тасымалдауы туралы да аз-кем сөз қозғадық. Әңгіме арасында Бәйдібек ауданында туғанымды, бала кезден кілемге қызығатынымды жеткіздім.

DSC 0696

Фабриканы аралап жүріп қазақи үлгіде өрнектелген кілемдерді көргенде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің балалық шағын еске алып, «Анам осындай түс киіз, сырмақтарды тоқитын еді. Сіздер де соларды кілемге түсіріпсіздер» деп өзінің анасын еске алды. Жұмыс барысымен толық танысып, жұмысымызға сәттілік тіледі. Және осы саланы дамыту туралы бірқатар тапсырмалар да берді.

– Мәселен қандай тапсырмалар?

– «Қазақ кілемі» деген брендті қалыптастыру керектігін ерекше айтты. Халқымыздың ұлттық, ою-өрнектерімен безендірілген кілемдерін тек Қазақстанға ғана емес, әлемге танытуды, қазақтың ұмытылып бара жатқан ою-өрнектерінің қайта жаңғыруына мүмкіншілік жасап қолданысын арттыруды, шикізат ретінде отандық және жергілікті материалдарды қолдануды, өңірімізде ұлттық үлгідегі қазақтың жүн кілемінің тоқылуын қайта жаңғыртуға, экспортты ұлғайтуға үлес қосуды тапсырды.

– Кездесуде есте қалған ерекше сәтті айта кетсеңіз...

– Н.Әбішұлының сапары аяқталып, қайтатын кезде кілем сыйладық. Онда Президентіміз «Қазақ елі» монументіне қарап тұрғаны бейнеленген еді. Оның дизайнын сол кездегі облыс әкімі А.Мырзахметов жасаған болатын. Елбасы кілемге қарап жымиып, баршамызға өз ризашылығын білдірді.

– Рахмет!

Опубликовано в Сұхбат

Мұрат ТАҒАЕВ, «Ордабасы құс» ЖШС директоры:


Мұрат Тағаев – Оңтүстікте күркетауық өндірісін алғаш қолға алған кәсіпкер. Іскер азамат құс етін өндіретін фабриканың жобасын бірінші болып Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырады, ал 2010 жылы сол жаңа жобаның іске асуын Президент тікелей телекөпір арқылы тамашалаған.

DSC 0110-2

2011 жылы Мемлекет басшысы өңірге сапарында аяққа тік тұрған өндіріс орнына арнайы келген болатын. Мұрат Құлмырзаұлы өндіріс саласын дамытуда Елбасымен жиі пікірлесіп тұратынын айтады. Ол өзінің тұңғыш Президент жайлы жылы лебізін былай жеткізді. 

– Елбасымен 2000 жылы «Қайнар құс» фабрикасында қызмет етіп жүргенде жүздестім. Сол жылдары еліміздің түкпір-түкпіріндегі түрлі сала өкілдерін қоғамдық қабылдауына шақыртып, сұхбаттасып, елдің жағдайымен танысатын. Әлі есімде, сол жылдың 27 шілдесінде Нұрсұлтан Әбішұлымен кездесу мүмкіндігіне ие болдым. Ол кезде облыс әкімі Бердібек Машбекұлы өңірдің дамып-өркендеуіне қажетті кейбір жағдайларды жеткізуді шегелеп, сәт-сапар тілеп шығарап салды.

Елбасымен кездесуде үлкен қобалжудың болғаны рас. Кіргенде ол кісі орнынан тұрып амандасып, жұмыс үстелінде емес, емін-еркін жағдайда сөйлескенінен қарапайымдылығын байқадым. «Ал, Мұрат, әңгімеңді бастай бер, ауылда жағдай қалай?» деп есіміммен атап сөйлесуінің өзі қобалжуымды сейілтіп, бойымда сенімділік орнатты. Ауылдың жағдайын айтып бір сағаттай әңгімелесіппіз. Ол кісі мұқият тыңдап, барлығын қойын дәптеріне түртіп отырды. Бұл жылдары елдің басында қиын-қыстау кезеңдер, «бізді үкімет асырайды» деген ойлардан арылмаған уақыт. Мұны естіген соң маған айтқаны: «Мұрат, келешекте олар да қатарға ілігеді» деді. Міне, содан бері 17 жылды артқа тастадық. Осы жылдар аралығында кәсіп істеп, елдің жағдайының жақсаруына үлес қосқан жандар саны артуда. Елбасының болашақты жақсылыққа жоруының өзі үлкен көрегенділік. Қоштасқанда «Елге сәлем айт» деді.

Бұдан кейін Елбасымен араға тоғыз жыл салып қайта қауыштық. Өңірге жасаған кезекті сапарында күркетауық өндірісін дамыту жобасымен таныстыру болғанында ол кісінің есте сақтау қабілетінің жоғары екеніне тәнті болдым. Қаншама жылдан кейін, соншама адамның арасынан мені танып, «Мұрат, енді айта бер» деген сәті еш есімнен кетпейді. Сол кезде өндірісті өркендетуді шыңына жеткізуді өзіме міндет санадым. 

DSC 0110

Айта кететіні, осы жүздесуде күркетауық өсіру және оның етін терең өңдеу кәсібін қолға алатын жобаны таныстырып, қажетті заманауи технологиялардың таңдау үлгісін баяндағанда барлығын мұқият тыңдай келе Н. Әбішұлы: «компост бола ма?» деген сауал тастады. Бұл құс саңғырығынан органикалық тыңайтқыш өндіруге бола ма дегені еді. «Фабриканы дамытудың бірінші кезеңінде етті терең өңдеуге басымдылық танытамыз, ал өндірісті дамытудың келесі кезеңінде бұл мәселені жүзеге асырамыз» деген жауабымды айттым. Қазіргі таңда құс саңғырығынан ауыл шаруашылығына қажетті тыңайтқыш дайындау ісін қолға алдық. 

Бұл тұста айтайын дегенім, Елбасының кәсіпкерлікті дамытуда бағыт-бағдар беріп, ой тастай білетіндігі және әр сала маманымен кездескенде елдің қай бағытта дамып жатқандығынан хабардар екендігі, ақпаратты толық меңгергендігі, әр саланың жетістігі мен әлемдік технологиялардың дамуындағы жаңалықтарды қалт жібермейтіндігіне куә болдым. 

2011 жылы Н. Назарбаев фабрика жұмысымен танысып, жастармен, жұмысшылармен кездесті. Бүгінде жылына 10 мың тонна күркетауық етін өндіреміз, оның 40%-ы экспортқа шығады. Тауық етінің 70-80-ге тарта түрі бар. 400-ден аса жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған, ең көп салық төлеуші мекеме атандық. Ең үлкен бағалау – өткен жылы Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы берілді. 

Н. Әбішұлымен бір жүздесуімізде «Күркетауық етін өздерің жей бермей, Астанаға да жіберіп отырыңдар» деп әзілдегені бар. Бұл отандық өнімді тұтынушылар еліміздің түкпір-түкпірінде көбейіпкеледі деген сөз еді. Осы мақсатта биыл «ЭКСПО - 2017» көрмесінде үш айда 500 тонна күркетауық етін жөнелттік. 

Елбасы өндірістің даму жайын жиі сұрайды. Бір ғана «Ордабасы құс» фабрикасының жағдайы емес, индустрияландыру жобасы аясында бәсекеге қабілетті сапалы өнім өндіріп келе жатқан өндірістің барлығының жағдайынан хабардар болып, қамқорлығына, қадағалауына алады. 

Шындығын айтсақ, Елбасының елдің дамуында жасап жатқан еңбегі өлшеусіз. Қазақстанның экономикалық дамуы, бүгінге күнге жеткен жетістігі, еліміздегі ынтымақ пен берекені көшбасшының сарабдал саясатымен тікелей байланыстырамын.

Опубликовано в Қоғам

DSC 1790

Н.Назарбаев 1982 жылы 21 қараша күні Шымкенттегі Дендросаябаққа ағаш отырғызған. Ол кезде ҚКСР Орталық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған.

DSC 1750

Одан кейін Президент болып сайланғаннан соң, 1992 жылы қайта келіп тағы бір түп ағаш еккен болатын. Қазір сол шынар ағашы өсіп, өніп саябақ көркін келтіріп тұр. 

– Әрине Елбасының саябағымызға ағаш отырғызғаны үлкен мәртебе. Бұл жас ұрпаққа өте жақсы өнеге. Мұнда Н. Назарбаевтан бөлек түрлі ақын-жазушылар, шетел Президенттері, ұлы тұлғалар отырғызған ағаштар бар. Қазір сол ағаштардың маңында жас жұбайлар суретке түсіп, демалушылар көлеңкесін саялауда. Саябақ қызметкерлері де барынша күтіп баптайды, – дейді экскурсовод маман Ақмарал Қыпшақбаева.

Опубликовано в Қоғам
Среда, 29 Ноябрь 2017 05:22

Тарихи тағылымы терең мереке

quttyqtau-94-2

 

 

Құрметті шымкенттіктер
және қала қонақтары!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан ширек ғасырдан астам уақыт ішінде еліміз күллі әлем танып, мойындаған еңселі мемлекетке айналды. Еліміздің бұл жеткен жетістігі мен шыққан биігі сөз жоқ егемендігіміздің, бірлігіміз бен тұтастығымыздың беріктігін айғақтайтын айқын дәлел. Сондықтан бұл мереке –тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп келе жатқан мемлекетіміз үшін маңызы мол, тарихи тағылымы терең мейрам.

Қазақстан өзінің егемендік тарихында әлеуметтік-экономикалық, мәдени жетістіктерімен дараланып, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Болашақ», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары мен басқа да тарихи маңызы зор құжаттарын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуға қарышты қадам басуда. Биыл елордамыз Астанада табысты өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі тәуелсіз Қазақстанның тұғырын тағы да биіктетіп, әлемдік аренадағы беделін асқақтата түсті. Еліміздің барлық жетістіктері мен жеңістері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тегеурінді және дана басшылығы мен әрбір қазақстандықтың табанды да тынымсыз еңбегінің арқасында мүмкін болды. 

Елбасы біздің Оңтүстік өңіріне және облыс орталығына әркез ерекше ықылас танытып келеді. Президенттің қолдауымен Шымкент еліміздің үшінші мегаполисі ретінде өркендеп, көркейе түсуде.

 

Қадірлі жерлестер!

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен мемлекеттігіміздің тарихы тамырлас, Президенттік институттың қалыптасу кезеңі өзектес. Біздің басты мақсатымыз – Елбасының төңірегіне топтаса отырып, «Мәңгілік Елдің» құндылықтарын қастерлеу, келешек ұрпаққа басты байлығымыз – тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымыздың туын биік ұстап, табыстау.
Осынау мерейлі мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілейміз!

 

Нұрлан САУРАНБАЕВ,
Шымкент қаласының әкімі

Нұрлан БЕКНАЗАРОВ,
Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы

Опубликовано в Мәдениет
Среда, 12 Июль 2017 04:47

Елбасы туралы қос кітап

elbasy-turaly-53

Астана күні мерекесі қарсаңында Шымкентте «Асқақтай бер, Астана!» атты салтанатты іс-шара өтті. Шара аясында еліміздің тәуелсіздігі мен тарихын, жетістіктерін насихаттайтын «Жаһан таныған жеті тұлға», «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих» атты қос кітаптың тұсауы кесілді.

Жиын барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев екі кітаптың мазмұны мен мәніне ерекше тоқталып, жиналғандарды Астана күнімен құттықтады. «Бүгін тұсауы кесілген «Жаһан таныған жеті тұлға» – аты айтып тұрғандай, әлемге әйгілі болған реформаторлар туралы кеңінен толғанып жазылған дүние. Әрине олардың ортасынан ойып тұрып орын алған Ұлы дала перзенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырудағы қиын да, күрделі кезеңдерден жол тауып шыққандығы баяндалады. «Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты кітаптың да өзіндік ерекшелігі бар. «Ордабасыға оралу» деген алғашқы бөлімде Елбасының қасиетті мекенге табан тірегені турасында толғанатын тұстар көп», – деді Жансейіт Қансейітұлы.
«Тұлға.Тәуелсіздік.Тарих» атты кітап үш бөлімнен тұрады. Аталған туындыда «Ордабасыға оралу» деген алғашқы бөлімде Елбасының қасиетті мекенге табан тірегені турасында толғанатын тұстар жан-жақты қамтылған. Кітаптың екінші бөлімінде Елбасымыздың шетел басшыларымен оңтүстікте кездесулері сәтті суреттерімен әңгімеге арқау болған. Ал үшінші бөлімде мемлекет басшысының облысымызға 1991 жылдан басталған сапарлары жан-жақты баяндалады. Басылымға таяудағы оңтүстік өңіріне жасаған сәуірдегі сапары да енгізіліп отыр.
«Жаһан таныған жеті тұлға» кітабының авторы Абай Ескендіров аталған туындыны төрт жылда жазып шыққанын айтады. 656 беттен тұратын туындыда тарихи тұлғалардың ел басқару үрдісіндегі ғибратты ғұмырлары әңгімеге арқау болған. Жер жаһанға аты мәлім жеті тұлғаның өз отандастарының да, жатжерліктердің де санасында серпіліс тудырған тағдырлары ешкімді бейжай қалдырмайды. «Кітаптың жалпы мазмұны – жаһан таныған жеті тұлға хақында. Джордж Вашингтон, Махатма Ганди, Унистон Черчилль, Мұстафа Кемаль, Шарль де Голль, Ли Куан Ю, Нұрсұлтан Назарбаев сынды ұлы жеті тұлғаның ерен еңбектері жан-жақты қамтылған», – дейді кітап авторы Абай Ескермесұлы.
Шара барысында облыс əкім қос кітаптың жарыққа шығуына атсалысқан «Қазығұрт» баспасының директоры, ақын Темірғали Көпбаевты, «Тəуелсіздік, Тұлға, Тарих» құрастырушысы Асылбек Досалыны, «Жаһан таныған жеті тұлға» кітабының авторы Абай Ескендіровті алғыс хатпен марапаттады.

Опубликовано в Қоғам