Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Францияның Алматыдағы Бас консулы Алексис Шахтахтинскиймен кездесті.

326

Белгілі журналист, «Шымкент келбеті» газетінің жауапты хатшысы Асхан Майлыбаева Қазақстанның Құрметті журналисі атанды.

334

Қазақстанның Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының жиыны өтті. Күн тәртібіне сәйкес, онда филиалдың жаңа төрағасы сайланды. Жиынға Шымкенттегі Журналистер Одағының мүшелері, ардагер қаламгерлер қатысты.

335

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қаладағы жылу беру қазандықтарының жұмыс істеу жүйесімен танысты. Ең алдымен қала басшысы әкімшілік іскерлік орталығында орналасқан қуаттылығы 160 Гкал. болатын қазандықтың жұмысын көрді.

300

Парламент Сенатының депутаты Айгүл Қапбарова Шымкент қаласындағы “САҚ” киностудиясының жұмысымен танысты.

304

«Nur Otan» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында көпбалалы отбасыларға Шымкентте арнайы үй тұрғызылуда.

201

Демеушілік танытқан депутаттар мен кәсіпкерлер және қоғам белсенділері «Мәртөбе» тұрғын үй алабында 250 шаршы метр құрайтын тұрғын үйді жақын арада бітіріп, екі отбасыға беруді жоспарлап отыр.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» дегендей, бұл игі істерді атқаруда партия қызметкерлері мен «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері өз көмектерін аямады.

Айта кетсек, Шымкентте биыл 26 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл үйлерге «7-20-25» бағдарламасы арқылы қол жеткізуге болады. Қалада «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің лентасы желтоқсан айында қиылады. Үйлердің жалпы саны – 26. Пәтерге шаққанда – 1164.

Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметі бойынша, Арыс қаласында жалпы алғанда 9313 құрылысшы еңбек етуде.

202

7 мыңнан астам маман тұрғын үй қорын қалпына келтіруде, қалған бөлігі әлеуметтік нысандарда іске қосумен айналысып жатыр. 6 тамызға дейін бригадалар 7 білім беру мекемесін толық жөндеуден өткізіп, пайдалануға тапсырды. Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы 59 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ, аптап ыстыққа қарамастан құрылысшылар 2405 үйде косметикалық жөндеу жұмыстарын аяқтайды. Апатты деп танылған тағы 413 үй бұзылып, рекордтық мерзімде құрылысы салынып жатыр.

1 тамызға дейін құрылысшылар 6,5 мың объектіні қалпына келтірді, бұл барлық қираған үйлердің 90%. Ауқымды құрылысқа барлық өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар тартылған

ТАҒЫ ЕКІ АВТОБУС БАҒЫТЫ АШЫЛДЫ

Среда, 07 Август 2019 05:21

Шымкентте жолаушылар тасымалдау саласында жаңа 2 бағыт ашылды. “Shymkent” ӘКК” өкілдерінің мәліметінше, №113 және №10 бағыттарда жаңа автобустар қатынауда.

205

№113 автобус ӘІО-Нұрсәт-3 – №7 Емхана - Гимнастика мектебі – Нұрсәт – Мәделі Қожа - ЦАХ – Кең баба аялдамасын қамтып, Қара төбеге дейін барады.
Ал №10 автобус Нұрсәт-3 – Кольцо – Сәуле шағынауданы бағыты бойынша қызмет көрсетеді.

Еске салайық, таяуда қала ішіндегі №96 бағыттағы «Газель» көліктерінің орнына жолаушыларға жайлы жаңа автобустар қызмет көрсете бастаған болатын. Айта кетсек,
19 маусым – қала күніне орай Шымкентте жаңа «Shymkent Bus» автобус паркі ашылды. Сол күні жаңа 160 автобус жеткізілген.

Страница 3 из 12