«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, жоғары санатты дәрігер-зертханашы Қалдыгүл Құлжанова — елге қызмет етіп ғана қоймай, саналы ғұмырын ізбасар мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға арнап жүрген жан. Ол биыл Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Еңбек жолы» дәстүрлі байқауында «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» атанды.

754

Шымкенттік талантты жандар Шахзод Бабаханов пен Диербек Октамов биылғы өткен «Ұлт үні» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы аясында екінші рет ұйымдастырылып отырған байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Биылғы сайыстың ақтық сынында 9 үміткер бақ сынады.

751

ЖАҢАЛЫҚҚА ЖАНЫ ҚҰМАР ШЫНАР

Среда, 16 Ноябрь 2022 04:14

«Жас келсе, іске». Бұл — Шынар Бекетованың бала күнінен бойына сіңіріп өскен даналығы. Іске келгенде тайсалмай, білек сыбана кірісетін жас маман биыл Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Еңбек жолы» дәстүрлі байқауында «Өндірістің үздік жас маманы» атанды. Еңбекке араласқанына небәрі 8 жыл ғана болса да, ол – өз ортасына сыйлы, білікті, ізденімпаз маман.

750

Шымкентте «MIG QAZAQSTAN» ядролық медицина орталығы ашылды. Инвесторлардың қаржыландыруымен ашылған бұл орталық заманауи технологиялық аппараттардың көмегімен қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтап, науқастарға дер кезінде сапалы медициналық көмек көрсетеді.
Жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, жоба инвесторы «Алмалы» холдингі бас директорының орынбасары Б.Сапаров қатысып, ядролық медицина орталығының мүмкіндіктерімен танысты.

715

БАЙЛАНЫСШЫЛАР ДИНАСТИЯСЫ

Пятница, 11 Ноябрь 2022 05:01

Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда әрдайым орны ерекше, абыройы биік. Ал Шымқала халқы қашан да еңбекқор. Шымкентте қала әкімдігінің қолдауымен өткен дәстүрлі «Еңбек жолы» байқауының нәтижесі осыны айғақтайды. Қатысушылар арасында ортасынан оза жауып, үздіктердің үздігі шоқтығымен дараланды. Бүгін «Еңбек жолы» байқауының «Үздік еңбек әулеті» номинациясының жеңімпазы Абубакировтар әулеті туралы айтатын боламыз.

709

Клиникалық неврология және психатрияның өзекті мәселелері. Дәл осы тақырып ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ұйымдастыруымен өткен халықаралық конференцияның өзегіне айналды. Ғылыми конференцияны ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас неврологы Сәуле Тұрысбекова ашты.

Шымкентте қазақтың кәсіби театрының негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, режиссер, драматург Жұмат Шаниннің 130 жылдық мерейтойы өтті.
Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының бастамасымен шымкенттік зиялы қауым өкілдері Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада ұлы тұлғаның ұрпақтарымен жүздесті.

679

Үздіктердің үздігі

Пятница, 04 Ноябрь 2022 08:40

uzdikter

Биыл оныншы рет өткен «Таза қала» акциясы қазан айында мәресіне жеткен болатын. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының өкілдері жеңімпаздардың жүлдесін салтанатты жағдайда табыстады.

— Республикалық маңызға ие шаһардың көркейіп, абаттануына үлес қосып отырған азаматтардың басын қосып отырмыз. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан акцияның биыл ауқымы кеңейіп, үздіктер саны артып отыр. Бұған дейін қала бойынша 4-5 аталыммен ғана үздіктер анықталып келген. Биыл 5 номинация бойынша әр ауданның өз үздіктері анықталды. Бұл қаланың басым бөлігін қамтуға мүмкіндік берді. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, қаланың көркеюіне үлес қосып жүрген өздеріңіздей азаматтарға алғысымыз шексіз, - деді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов.

«Таза қала» акциясы аясында арнайы комиссия құрылып, қаладағы 4 ауданнан «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік үй», «Үлгілі коммуналдық қызметкер», «Үздік шағынаудан» аталымдарына сай жеңімпаздарды анықтаған.

— «Таза қала» акциясын ең алғаш рет 2007 жылы Шымкент қаласы облыс қарамағында кезде бастау алған. Содан бері байқау оныншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Жыл өткен сайын акцияға қызығушылық танытып, белсенді атсалысатын тұрғындар қатары көбейіп келеді. Сондықтан биыл әр аталым бойынша 4 ауданның өз жеңімпазын анықтауды жөн көрдік. Сондай-ақ, бұған дейін жеңімпаздарға бағалы сыйлық берген болсақ, биыл қатысушылардың өтінішіне орай жүлдені қаржылай табыстап отырмыз. Акцияның жүлде қоры 4 миллион 300 мың теңгені құрайды. Әр ауданға
1 миллион теңгеден бөліп, қалған қаражатты ұйымдастыру жұмыстарына бағыттадық, - дейді Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының төрағасы Жұмағали Білісбеков.

Айта кетейік, 5 аталым бойынша әр ауданнан 15 үздіктен 60 азамат марапатталды.

Страница 6 из 21