ШЫМКЕНТКЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБ ТӨРАҒАСЫ КЕЛДІ
Суббота, 21 Май 2022 11:39Бүгін Шымкент қаласына референдумды қолдау жөніндегі Республикалық штабтың төрағасы Төлеубек Мұқашев пен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірдестігінің төрағасы⠀Бақтықожа Ізмұхамбетов арнайы жұмыс сапарымен келді.⠀
⠀
Олар Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында қалалық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және еңбек ардагерлерімен кездесіп, 5 маусым күні өтетін референдумның мәні мен маңызы жайында әңгімеледі. Кездесуді Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов ашып, жүргізіп отырды. ⠀
⠀
— Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айындағы Жолдауында еліміздің саяси жүйесін жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Сол саяси реформаны жүзеге асыру бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі туындап отыр. Жалпы, 5 маусымда өтетін референдумның нәтижесінде Конституция жаңа, әділетті Қазақстанның жаңа сипатты негізгі Заңы ретінде танылады. Сондықтан барша азаматтарды аталған референдумға белсенді түрде қатысып, өз азаматтық позициясын білдіруге шақырамыз, — деді Т.Мұқашев.⠀
Өз кезегінде ардагерлердің атынан сөз алған Б.Ізмұхамбетов Конституция – азаматтардың құқықтары мен бостандықтары көрсетілген және олардың сақталуы мен іске асырылуына кепілдік беретін құжат екенін атап өтті.⠀
⠀
– Ата Заңымызға енгізілетін әрбір өзгеріс мемлекет пен қоғамға жалпылама түрде ғана емес, әрбір жеке азаматтың өміріне, оның тағдырына, тұрмыс деңгейіне, ұрпақтарының болашағына да тікелей әсер ететіні сөзсіз. Сол себепті әрбір адам референдумға қатысып, өзінің таңдауын саналы түрде жасауы тиіс, – деді Бақтықожа Салахатдинұлы. ⠀
⠀
Айта кетейік, басқосу барысында еңбек ардагерлері мен мәслихат депутаттары Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы ойларын ортаға салып, қала тұрғындарын референдумға белсенді түрде қатысуға шақырды.⠀
⠀
«Шымкент келбеті» — Айдар ҚҰЛЖАНОВ, ⠀
Фото: Серік ҚОСАЕВ.
Ұлттық ұлан қаржыгерлерінің оқу-әдістемелік жиыны басталды
Пятница, 20 Май 2022 04:11Бүгін Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтарының қаржы қызметі бастықтарының оқу-әдістемелік жиыны басталды. Жиынға құқықтық тәртіп әскерінің 45 әскери қызметшісі қатысуда. Іс-шара әскери бөлімдердегі қаржы қызметтерінің жұмысын пысықтап, атқарылған жұмыстарына қорытынды жасау мақсатында ұйымдастырылды.
АУЫЗСУ БҰРҚАҚТАРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Пятница, 20 Май 2022 04:09Шымкент қаласының 5 нүктесінде орналасқан ауызсу бұрқағы қайта іске қосылды. Мұндай су бұрқақтары өткен жылы Әл-Фараби ауданында демеушілер тарапынан адам көп шоғырланатын орындарға орнатылған болатын.
ӘЙЕЛДЕР КӨШБАСШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Пятница, 20 Май 2022 04:05Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қазақстан Іскер Әйелдер қауымдастығының төрайымы Раушан Сәрсембаевамен кездесіп, шаһардағы әйелдердің көшбасшылығын дамыту мәселесін талқылады.
Спортшылар жеңіспен оралды
Пятница, 20 Май 2022 04:04Еркін күрестен Бразилияда өткен Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері Рсалы Сабыржан мен байрақты бәсекеде өз шеберлігін көрсеткен Пернеш Шадиярды жерлестері әуежайдан күтіп алды.
ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ – ЗОР МҮМКІНДІК
Пятница, 20 Май 2022 04:02Шымкентте түлектерге арналған «Жас маман-2022» бос орындар жәрмеңкесі өтті. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бітіруші түлектерді жұмыспен қамтуға арналған дәстүрлі «Жас маман» жәрмеңкесінің ашылуында М.Әуезов атындағы ОҚУ басқарма төрағасы-ректор Дария Қожамжарова сөз сөйледі.
ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕ АШЫҚ ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ
Пятница, 20 Май 2022 03:59Мемлекеттік модельді кешенді түрде өзгертуге мүмкіндік беретін Конституциялық референдум – Әділетті Қазақстан ұстанымының бастамасы деуге негіз бар. Себебі ол биліктің өкілді тармағын айтарлықтай күшейтеді.