2021 жылдың 14 желтоқсан күні сағат 11.00-де өтетін Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он екінші сессиясы 2021 жылдың 13 желтоқсан күні сағат 17.00-ге ауысқандығын назарларыңызға жеткіземіз.  

Өз құқықтарын қорғауды үйренуде

Пятница, 10 Декабрь 2021 06:35

oz-kukygyn

«Заң талабы» құқықтық қорғау орталығы Түркістан облысындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларының алдын алуда кешенді тәсіл әзірлеуде. Орталық мамандары отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шегетін барлық санаттағы адамдарға: әйелдерге, жасөспірім қыздарға және кәмелетке толмағандарға психологиялық және заңгерлік көмек көрсетеді. Сонымен қатар, ер агрессорлармен түзету жаттығулары өткізіледі. «Түркістан облысының аудандарында әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық - зомбылықты жою» жобасы Орталық Азияның Еуразия қорының «Шеврон» компаниясымен әріптестікте әзірлеген «Qolda 3.0» жедел көмек бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Түркістан облысы отбасындағы зорлық-зомбылық, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері және жұбайының немесе туыстарының ұрып-соғуы салдарынан зорлықпен өлтіру жағдайларының саны бойынша көшбасшы болып табылады. Орталық сарапшыларының пікірінше, бұл аудан тұрғындары отбасындағы қарым-қатынас мәселелеріне консервативті көзқараспен сипатталатын облыстардың ішінде ең көп қоныстанғаны. Қазіргі уақытта отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының сот төрелігіне қол жеткізу проблемасы әлі де бар. Зорлық-зомбылықты жоюға арналған бұл жоба өмірлік қиын жағдайға тап болған ауыл әйелдерін өз құқықтарын қорғауға үйретеді.

Ұйымға 2021 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 115 әйел көмекке жүгінді. Олардың 67-і психологиялық, 48-і заңгерлік көмек алды. Тегін заңгерлік көмектің арқасында әйелдер некені бұзу, алимент өндіріп алу, мүлікті бөлу және отбасылық жанжалқойларды жауапкершілікке тарту мәселелері бойынша сотқа талап арыздарын берді.

«Әйел құқығы – бұл адам құқығы» құқықтық мектебі аясында 200 ауыл әйелі мен жасөспірім қыздар білім алды. Түркістан облысының 8 ауданында, атап айтқанда Арыс және Сарыағаш қалаларында, сондай-ақ Мақтаарал, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы, Сайрам және Келес аудандарында барлығы 9 тренинг өткізілді.

Қатысушылармен жасалған кері байланыс көрсеткендей, оқудан кейін әйелдер өз бетінше құқық қорғау және сот органдарына жүгіне алатын болды. Құқықтық сауаттылық бойынша тренингтердің әрбір екінші қатысушысы психологиялық немесе заңгерлік көмек алу үшін ұйымға жүгінді.

Келесі бір маңызды аспект – бұл кәмелетке толмағандармен жұмыс. Өйткені, психологпен ұзақ уақыт жұмыс істегеннен кейін ғана балалар физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық фактілері туралы айта бастайды. Жоба барысында 18 кәмелетке толмаған бала психологтан кеңес алды.

Жоба аясында 30 агрессор ер адам зорлық-зомбылық мінез-құлқын түзету бойынша оқытудан өтті. Тренинг барысында олар агрессиямен күресуге және жолдастарымен ыңғайлы қарым-қатынас жасауға үйренді.

Агрессорлармен жұмыс істеу бойынша алынған нәтижелер агрессор ерлерге арналған түзету бағдарламасын жасау үшін негіз болып табылады. Сондай-ақ, команда бағдарламаны және ерлі-зайыптылар арасындағы зорлық-зомбылықты түзету бойынша зерттеу нәтижелерін уәкілетті органдарға таныстыруды жоспарлап отыр.

– Шымкентте алғаш рет отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендермен ғана емес, агрессор ер адамдармен де жұмыс жүргіздік. Біз адамның зорлық-зомбылыққа деген көзқарасын өзгертудің, шиеленіс пен агрессияны жеңілдетудің балама жолдарын табудың маңызды екенін түсіндік. Біздің міндетіміз – алынған тәжірибе мен білімді бүкіл Қазақстан бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайын өзгерту үшін пайдалану. Бірінші қадам ретінде зорлық-зомбылықтан зардап шеккендермен жұмыс істеу тәсілін отбасылық агрессорлармен жұмыс істеудің түзету бағдарламаларын енгізу арқылы өзгерту қажет» - дейді жоба координаторы Юлия Улеева.

Кез-келген ауруды ерте кезеңде анықтау оның дамуына жол бермейді. Соның ішінде онкологиялық ісіктерді ерте анықтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға да болады. Скринингтік зерттеулер скрининг түріне байланысты ТМККК және МӘМС бойынша жүргізіледі.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында Шымкентте «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру: қоғаммен байланыс» атты форум өтті.
Іс-шара Antikor ortalyǵy алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментімен ұйымдастырылды.

714

«Шымкент–Цирк» ұжымының қос қуанышы қатар келді. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен мекеменің 10 жылдық мерейтойына орай көрермендерін «Jas цирк» жаңа бағдарламасымен қуантып отыр.

701

6506 әскери бөлімінде 2020 жылдың желтоқсан айында шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер запасқа шығарылуына байланысты құрметтеу іс-шарасы өткізілді.

707

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бастамасымен құрылған «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубы биыл 18 жылдығын атап өтті.

2003 жылы Шымкент қаласына қарасты 6506 әскери бөлімінің командирі, полковник Жақсылықов Руслан Фатихұлының (қазіргі таңда генерал-лейтенант, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы) бастамасымен бөлімнің әскери-патриоттық клубы құрылды. Содан бері жыл сайын 6 желтоқсанда «Жас бүркіт» клубының туған күні аталып өтеді.

6672

Жүргізуші куәлігін рәсімдеу – еліміздің мамандандырылған ХҚО-ларында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі. Көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алғаш рәсімдеушілерден бірнеше құжат қана талап етіледі. Осыған қарамастан, азаматтардың көпшілігінде құжаттарды жинау және емтихан тапсыру туралы сұрақтары туындайды. Барлығын қалай дұрыс рәсімдеу қажеттігі туралы редакциямызға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері айтып берді.

Жүргізуші куәлігін рәсімдеу үшін тек 5 қарапайым қадам қажет:

1-қадам: Көлік жүргізушісі курстарын үйрететін мектепті тауып, нұсқаушымен бірге көлік жүргізіп машықтаныңыз. В категориясына жол ережесін өз бетіңізше де үйрене аласыз.

2-қадам: Құжаттар жинау.
Қажетті құжаттар:
жеке куәлік,
073 үлгісіндегі медициналық анықтама,
автокурсты бітіргені туралы куәлік (болған жағдайда)
мемлекеттік баж салығын төлегеніңіз туралы түбіртек – баж мөлшері 1,25 АЕК.

3-қадам: Теориялық емтихан. 40 минут ішінде 40 сұрақтың 32-сіне дұрыс жауап берсеңіз, емтиханнан сәтті өткеніңіз.

4-қадам: Автодромдағы практикалық емтихан. Егер теория сәтті тапсырылса, сізді практикалық емтихан жібереді. 20 минут ішінде 12 жаттығу ережелерін дұрыс өту керек.

5-қадам: Дайын құжатты алу. Екі емтиханды да сәтті тапсырсаңыз, сізге жүргізуші куәлігі беріледі.

Бұл ретте eGov.kz порталында жүргізуші куәлігін ауыстыруға, автокөлікті қайта рәсімдеуге, мемлекеттік нөмірді таңдауға, тіркеуге, көлік нөмірін үйге жеткізу қызметі қолжетімді екенін ескертеміз.

2021 жылдың 11 айында Шымкент қаласындағы мамандандырылған ХҚО арқылы 76 мыңнан астам жүргізуші куәліктері берілді.

Мамандандырылған ХҚО мекенжайлары:
№1 мамандандырылған ХҚО: Достық ш.ауд.;
№2 арнайы ХҚО: 119 квартал, 381/1, Ташкент айналма жолы.
№3 арнайы ХҚО: Қызылжар ш.ауд., Жиделібайсын көшесі 92. «Бекжан-комфорт»
Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ, 09:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз.

Страница 8 из 514