ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ҚАЛАЙ АЯҚТАЛДЫ?
Пятница, 15 Апрель 2022 03:33Шымкентте биыл жылу беру маусымы 1 сәуірде аяқталды. Жылыту маусымы әдеттегідей оқыс оқиғасыз өткенімен, тосын сыйлар да болмай қалған жоқ. Нақтырақ айтқанда, наурыз айында тарифтердің төмендеуі тұтынушылар үшін күтпеген жағдай болды. Яғни, тұрғындардың айтуынша, соңғы айларда келетін түбіртекте азырақ соманың көрсетілгені байқалған.
ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Пятница, 15 Апрель 2022 03:32Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков №4 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын аралап, ондағы ерекше қызметті қажет ететін жандардың жағдайымен танысты. Аралау барысында қала басшысының орынбасары мүмкіндігі шектеулі азаматтардың оңалту орталығының қызметін одан әрі жетілдіруге қатысты ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Қызылордамен қауышқан театр
Пятница, 15 Апрель 2022 03:30«Алма – алманы көріп рең алады» демекші, театрдың шығармашылығына пәрмен беру үшін басқа аймақтарға гастрольдік сапарларға шығып, өзге театр сахнасында ойнағанның берері мол болмақ. Театр – күтімі бапталғанын қалайтын гүл іспеттес. Көрер көзге сұлулығын аямай сыйлауы үшін гүлдің бағбаны мықты болсын деп тілеңіз. «Еккенің тікен болса – орарың балауса болмас» демекші, кез келген істе бап керек.
Өнерлі елдің – оты сөнбес
Пятница, 15 Апрель 2022 03:29Ақмола облыстық орыс драма театры Шымкентке гастрольдік сапармен келді. Сан түрлі қойылымдармен қуантып, бүлдіршіндердің жүрегіне жол тапқан жарты ғасырлық тарихы бар театр Шымқала көрермендеріне 3 қойылымын ұсынады.
№1 ЖАНКҮЙЕР
Пятница, 15 Апрель 2022 03:26Аңызға айналған Рио де Жанейро олимпиадасы. Бокс. Шаршы алаңда Левит пен Тищенко. Біздің шойын жұдырық боксшымыз Ресейдің үкілеп әкелген үмітін қауырсындай қалтыратып бұрыштан бұрышқа қуып ұрып жүр. Путиннің оққағары соңғы раундта аяғына жем түскен аттай әбден болдырды. Енді екі-үш соққы дәл тисе қылжиып барып құлағысы бар. Реферий шыр-пыр. Тищенконы көлегейлей береді. Қабағы жарылып еді, дәрігер шақырып ұзақ қаратты. Негізі соңғы раундтың соңғы минутында жарысты тоқтатуға өкілеттігі жоқ еді. Түсініп тұрмыз. Данияр Елеусінов – Олимпиада ойындарының жеңімпазы болған. Спорттың падишахы аталған әлемдік додаға 200-ден астам мемлекет қатысып жатыр. Бокстың айналдырған он алтынының екеуін Қазақстанға қию былай айтсақ әділетсіздік. Нокаутқа жықса амал жоқ. Әйтпесе, бермейді.
ХІХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 58 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ
Пятница, 15 Апрель 2022 03:24Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев осылай деп мәлімдеді.
ҮКІМЕТТІҢ АЛДЫНДАҒЫ КҮРДЕЛІ МІНДЕТТІҢ БІРІ – ИНФЛЯЦИЯНЫ ҰСТАП ТҰРУ
Среда, 13 Апрель 2022 04:07Бұл туралы кезекті Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты.
МЕКТЕПТЕРГЕ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Среда, 13 Апрель 2022 04:05Шымкент қаласындағы бірқатар мектептерге Тәуке ханның, Абай Құнанбайұлының, Фариза Оңғарсынованың, Ақселеу Сейдімбектің және Әшімжан Ахметовтің есімдері беріледі. Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он бесінші сессиясында депутаттар корпусы осындай ұсынысты ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның қарауына енгізу туралы шешім қабылдады.