Басты назар – сапада Избранное

Пятница, 16 Сентябрь 2022 06:01 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 422 раз

«Шымкент Сити» аймағында құрылысы жүріп жатқан халықаралық стандартқа сай Шымкент конгресс-хол келесі жылы аяқталады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыстың барысын пысықтап қайтты.

161

 

Былтыр қазығы қағылған ғимарат құрылысы заман талабына сай жүргізілуде. Жер көлемі 5,240 га, құрылыс ауданы – 16 166,65 шаршы метр. Қала әкімі М.Әйтенов құрылыс басқармасы мен жауапты мердігер мекеме өкілдеріне басты назарды сапаға беру керектігін ескертті.
Конгресс-холл болашақта жергілікті және республикалық маңызы бар қоғамдық іс- шараларды, конференцияларды, фестивальдерді, концерттік қойылымдарды өткізуге арналған көпфункционалды орталық болмақ.
Ғимарат 3 қабаттан, 5 блоктан тұрады. 2066 орынға лайықталған көрермен залы, 190 орындық конференц залы, 80 орындық салтанат залы, 40 орындық пресс кабинет, асхана және көліктерге жер асты тұрағы қарастылырған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.