Версия для печати

Қайтарымсыз грант: 700 үміткер жобасын қорғады Избранное

Среда, 21 Сентябрь 2022 04:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 893 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)

Үшінші мегаполисте 12 тамыздан бастап қайтарымсыз грант берудің үшінші легі бойынша комиссиясының отырысы басталған болатын. Осы күнге дейін  кәсіпкерліктің түрлі бағыттары бойынша 700-ден аса үміткер комиссияның алдында жобаларын қорғап шықты. Бұл туралы Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығы мәлімдеді.

207

 

Әзірге комиссия мүшелерінің шешімімен 177 азаматтың жобасы қабылданды. Азаматтардың басым бөлігі ұсынған бизнес жобалар – жартылай дайын тағамдарды сату, кондитерлік өнімдерді даярлау, тігіншілікпен айналысу, қызмет көрсету салалары және мал шаруашылығына қатысты.
Комиссия мүшелері жобаны бағалауда бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігіне, үміткердің кәсіпкерлік дағдыларын меңгеру деңгейіне, бизнес-жобаның қаржылық мүмкіншілігіне, жаңа жұмыс орындарын құру сынды критерийлерге басымдық беруде.
Ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант мөлшері – 400 АЕК. Бұл дегеніміз – 1 225 200 тг. Қайтарымсыз грантқа бөлінген қаржы – шикізат пен материалдарды, техникаларды сатып алуға байланысты шығындарға пайдалынылады. Ал грант иегері атанғандар тиісті қаржы есептерін арнайы business.enbek порталы арқылы тапсырып отырады.
Жалпы үшінше лекке 1062 адам өтінім берген. Санаты бойынша оның - 200-і жастар, ал 862-і осал топ өкілдері.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.