АРХИВ ҚҰНДЫ ҚҰЖАТПЕН ТОЛЫҚТЫ Избранное

Пятница, 23 Сентябрь 2022 04:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 941 раз

Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында арнайы «Ашық есік» күні өтті. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі архив
істері және құжаттаманы басқару комитетінің бастамасымен қолға алынған арнайы іс-шара еліміздің барлық өңірінде бір мезетте ұйымдастырылды.

242

 

Іс-шара архив саласының имиджін көтеру, архивтің қоғамдағы рөлі, оның атқаратын қызметін жастарға кеңінен насихаттауды мақсат еткен.
«Ашық есік» күнінде «Архив – 2025» кешенді жоспарына сәйкес Шымкент қаласының тарихына қатысты Ресей, Өзбекстаннан әкелінген құнды құжаттар таныстырылды. М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың доценті Гүлнар Жанысбекова Мәскеу қаласының 4 архив мекемесінде болып, қаламыздың тарихына қатысты құжаттарды зерттеп қайтқан-тын. Тарих ғылымдарының кандидаты қалалық №4 колледждің шәкірттеріне Шымкенттің XIX ғасырдың екінші жартысындағы тарихы туралы әңгімелеп берді.
Шымкент қаласының мемлекеттік архивінің құрылғанына биыл 30 жыл толды. Қазіргі таңда мекемеде 50-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Қалалық мемлекеттік архивтің басшысы Айпар Амангелдиеваның айтуынша, 30 жылдық мерейтойды атап өтуде іс-шаралар жоспары әзірленген.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.