ТЫҢДАП ТҰРМЫЗ... Избранное

Среда, 09 Ноябрь 2022 04:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 488 раз

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтың тапсырмасымен денсаулық сақтау саласының ақпарат орталығы (call-center) ашылды.

673

 

Ақпарат орталығының нөмірі – 41-75-03. Қала тұрғындары денсаулық сақтау саласына қатысты
сұрақтары немесе арыз-шағымдары болса, осы нөмір бойынша хабарласып, шағымдана алады. Орталықтағы білікті мамандар тәулік бойы қазақ және орыс тілінде сауалдарға жауап беріп, пациенттер мен
медицина қызметкерлері арасында кері байланысты қамтамасыз етеді.
Орталықты ашудағы мақсат медициналық көмекті ұйымдастыра отырып, сапасын арттыру, денсаулық сақтау саласындағы қызметтер туралы ақпарат берудің толықтығы мен қолжетімділігін арттыру саналады.
Орталыққа түскен шағымдар бойынша тоқсан сайын медициналық ұйымдардың рейтингтері
жасалады. Осыған сәйкес медициналық мекемелер жұмысының сапасын жақсарта отырып, халыққа дер кезінде сапалы медиициналық көмек көрсетуді жақсартуға болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.