ЛИТВАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ Избранное

Среда, 09 Ноябрь 2022 05:22 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 533 раз

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін, білім деңгейін және практикалық дағдыларын арттыру мақсатында шаһарға Литвадан бір топ дәрігер келді. Тәжірибе алмасу барысында медицина мамандары қалалық перинаталдық орталық базасында кәсіби біліктілік шыңдады.

688

 

Шеберлік сабағына қаладағы медицина ұйымдарынан 50-ге жуық маман қатысты. Тренингті өткізу үшін Каунас қаласынан халықаралық деңгейдегі мамандар, профессорлар, магистрден тұратын Литва денсаулық ғылымдары университетінен мамандар бригадасы арнайы шақыртылған. Нақтырақ айтқанда, профессор, акушер-гинеколог
Томас Биржетис, неонатолог, профессор Далья
Стонене, анестезиолог-реаниматолог Сергей
Истигечев, акушер Данголе Качкаускене, неонаталдық медбике, клиникалық күтім магистрі Юлия Старик келді.
Шетелдік білікті мамандар бір аптаға жуық жүкті әйелдер мен сәбилерге медициналық көмек көрсету әдістері бойынша біліктіліктерімен бөлісті.
Шетелдік мамандардың қатысуымен өткен шеберлік сабағында теориялық біліммен қатар симуляциялық манекендерде практикалық дағдылар да пысықталды. Оқыту жұмыстарын ұйымдастырған мамандардың сөзінше, мұндай шеберлік сабағы жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге дер кезінде шұғыл акушерлік, неонаталдық, реанимациялық көмек көрсету сапасын арттырып, ана мен бала өлімін азайтуға зор септігін тигізеді.
Жалпы, жыл басынан бері қалада 10 мыңға жуық медицина маманы кәсіби біліктілігін шыңдады. Мәселен, 800 маман жергілікті бюджет есебінен, қалғандары емдеу және аурухана есебінен оқытылған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.