ПСИХОЛОГТАР КӨМЕК БЕРЕДІ Избранное

Пятница, 18 Ноябрь 2022 04:48 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 783 раз

Шымкентте зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша білім беру мекемелерінде жасөспірімдер мен жастар арасында кездесулер өтіп жатыр. Қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кезекті басқосу Болашақ колледжінде жалғасты. Кездесуге психолог Жанат Атаева, колледж психологы – Қарашаш Абенова, Жастар ресурстық орталығының психологтары – Жібек Сайдахан, Айда Қалдыбай қатысты. Кәсіби психологтар студенттермен ашық форматта әңгіме жүргізді.

800

 

– Жүздесуде студенттерге жауапкершілік және өзін-өзі дамыту жайында да кеңестер берілді. Шымкенттегі білім беру мекемелерінің барлығында психолог мамандар жұмыс істейді. Жасөспірімдер білікті мамандарға жүгінсе болады. Бірлеске іс ғана нәтижесін береді. Осы тұста, тек студенттерге ғана емес, ата-аналар да бала тәрбиесіне қатысты іс-шараларға атсалысса, жұмысымыз өз нәтижесін берер еді, – деді тәжірибелі психолог Жанат Атаева.
Іс-шара барысында студенттерге отбасында зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша кеңес айтылды және олардың арасында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.
Айта кетейік, отбасында зорлық-зомбылық әрекеттері байқалған жағдайда ұлттық сенім желісі 111 немесе 150 нөмері арқылы тегін хабарласуға болады.