Версия для печати

БАЛАЛАРДЫ БЕЙІНДІ ДӘРІГЕРЛЕР ҚАБЫЛДАДЫ Избранное

Среда, 23 Ноябрь 2022 04:17 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 862 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Анасының денсаулығы мен түрлі сыртқы факторлардың салдарынан мерзімінен бұрын дүние есігін ашып, Шалабай атанып жүрген сәбилер жетерлік.

827

 

Әлемдік статистикаға сүйенсек, жылына 15 миллионға жуық бала шала туады екен. Шымкент қалалық №2 емханада 17 қараша – Халықаралық шала туған балалар күніне орай «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Жөргекте жетілуі тиіс сәбидің бабын табу үлкен еңбекті талап етеді. Мамандар шала туған сәбиді қолға алған сәттен-ақ арнайы, заманауи құрылғыларға орналастырып, аса ұқыптылықпен күтім жасайды. Осылайша айы-күні жетіп туған балаларға қарағанда дәрігерлік бақылауда ұзақ болады. Ал қазақ халқы ежелде мұндай балаларды тымаққа салып өсіріп, мәселені ешбір технология дамымаған заманда-ақ шешіп тастаған.
Айтулы күн қарсаңында ұйымдастырылған акция Балалар жылы аясында жүзеге асырылды. Емханаға тіркелген кішкентай бүлдіршіндер мен ата-аналары бейінді дәрігерлерге қаралды. Дәрігерлік бақылау, әсіресе, маусымаралық кезде қозатын түрлі жұқпалы аурулардың алдын алуға да сеп болды. Ал аниматорлар түрлі мультфильм кейіпкерінің кейпінде кезектегі балалардың көңілін аулап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.