Үйірмеге баратын бала саны көбейді Избранное

Среда, 07 Декабрь 2022 05:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 488 раз

Шымкентте бұқаралық спорт қарқынмен дамып келеді. Биыл ұйымдастырылған «Шымкент жастар лигасына» 6 мыңға жуық оқушы қатысты. Қазіргі уақытта лиганың ІІІ маусымы басталып, іріктеу кезеңі өтуде.

50

 

Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Металлург» стадионын реконструкциялау, №12 спорт мектебі ғимаратына қосымша құрылыс және Бозарық шағынаудананда ауыр атлетика спорт кешені, «Медициналық колледжі» спорт залының құрылысы жүргізілуде.
Тағы бір айта кетерлігі, биылдың өзінде спорттық үйірмелерге жан басына шаққанда қаржыландыру арқылы 16 мыңнан астам бала қамтылды.
Жоғары спорттық жетістіктер бойынша қала спортшылары Қазақстан Республикасының, Азия, Әлем чемпионаттарында 688 алтын, 605 күміс және 641 қола медальдеріне ие болды. Ал футболдан әйелдер клубының «Шымкент – БИІК» командасы осы жылы да 11-ші рет ҚР чемпионы атанды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.