ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕ «КҮМІС» ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ Избранное

Среда, 07 Декабрь 2022 05:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 922 раз

Шымкент қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесі Qazaqstan Project Management Awards -2022 конкурсының «Күміс жүлдесін» иеленді.

61

 

Qazaqstan Project Management Awards – жыл сайын өткізілетін менеджмент саласындағы Ұлттық конкурс. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар, шағын және орта бизнестік, сондай-ақ, ЖОО-ның үздік жобалары мен жобалық кеңселерінің кәсіби жарыс алаңы.
Шымкент қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесі – қаланың даму бағдарламасын тиімді іске асыруды және іске асырылып жатқан жобалар мен көрсеткіштерге мониторинг жүргізеді. Ай сайын қала әкімінің төрағалығымен өтетін есептік кезеңдерінде ауытқулар бойынша баяндама жасайды. Бұл, өз кезегінде жоспарланған көрсеткіштер мен даму жоспарларын бақылауға септігін тигізеді. Сонымен қатар мекемелердің жобалық қызметін қалыптастырып, мемлекеттік қызметкерлердің қағазбастылықтан арылуына жағдай жасайды.
Шымкент қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесі аталған конкурс бойынша үшінші жыл жүлделі орындарға ие болып отыр:
1. 2020 жылы «Жылдың үздік жобасы» номинациясы бойынша «Алтын жүлде», «Жылдың үздік жобалық офисі» номинациясы бойынша «Алтын жүлде» және «Персоналды басқарудың үздік жүйесі»;
2. 2021 жылы «Жылдың үздік жобасы» номинациясы бойынша «Қола жүлде», «Жылдың үздік жобалық офисі» номинациясы бойынша «Қола жүлде» және «Жылдың үздік жобалық менеджері» номинациясы бойынша «Күміс жүлде»;
3. 2022 жылы «Жылдың үздік жобасы» номинациясы бойынша «Қола жүлде», квазимемлекеттік сектор категориясы бойынша «Жылдың үздік жобасы» номинациясы бойынша «Күміс жүлде», «Жылдың үздік жобалық офисі» номинациясы бойынша «Күміс жүлде» номинациясы.
Марапаттау сертификаттарын ҚР Ұлттық экономика министрі
Ә.Қуантыров табыс етті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.