Версия для печати

ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ – БАҚЫЛАУДА Избранное

Среда, 07 Декабрь 2022 05:36 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 922 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкенттегі «Тұран» шағынауданында бой көтерген 41 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы шаһар басшысы М.Әйтеновтің тікелей бақылауында. Ол бұған дейін мерзімінен кешіктірген компания өкілдеріне айыппұл салынып, қадағалау күшейтілетінін айтқан. Бірқатар ескертпелер берілген болатын.

60

 

Осыған орай, қала әкімі аталған шағынаудандағы көпқабатты үйлердің құрылыс басына арнайы барып, әрбірін жіті тексерді. Сондай-ақ 25, 26, 29 орамдарда жүргізіліп жатқан инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс қарқынын тексерді.
Нысанда қала әкімі тарапынан айтылған кемшіліктер жойылып, бірқатар түзетулер жасалған. Жоспарға сәйкес, құрылыс 2 кезеңмен жүргізілуде.
Шаһар басшысы құрылысы жүргізіліп жатқан тұрғын үйлердің мердігер мекемелеріне құрылыс сапасын қатаң бақылауды және бекітілген өндірістік кестеден ауытқымауды тапсырды.
Бұған қоса аталған аумақтағы тұрғын үйлерді жылу жүйесімен қамтамасыз етіп отқан жылу қазандығының жұмыс барысын қадағалады. Сонымен қатар жауын шашын салдарынан тұрғын үйлердің шатырынан, тұрғын үй жертөлесіне су жиналу және терезе айналасынан су өтіп зақымданған пәтерлерді де аралап шықты.
Айта кетейік, биыл Шымкентте «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 239,2 мың шаршы метрді құрайтын 2972 пәтерлі 51 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде арендалық - 1320 пәтерді құрайтын 20 үй, кредиттік - 1652 пәтерлі 31 үй.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.