Версия для печати

«Кәрі құданың» әлегі

Четверг, 08 Декабрь 2022 03:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1064 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте демалыс күндері басталған жауын-шашын қарға ұласып, қыс қаһарына мінді. Шаһардағы коммуналды қызметтер арнайы техникалардың көмегімен көше бойы мен жаяу жүргіншілер жолдарын қардан тазалауға кірісіп кетті. Қазіргі таңда қаладағы жолдарды тазалауға әр аудан әкімдігі жауапты. Мамандардың айтуынша, тиісті жұмыстар тұрақты атқарылуда.

65

 

Мегаполистің орталығы саналатын Әл-Фараби ауданы аумағында қар тазалау жұмыстарына «Build Stroi» ЖШС жауапты. Қар күреу жұмыстары 5 бағыт бойынша атқарылып, орталық көшелер, аяқ жолдар және аялдамалардағы қарды тазартуға 35 техника және 185 адам жұмылдырылған.
– Көшелерге бүгінгі таңда 375 текше метр құм-тұз себілген. Негізгі жолдармен қоса үйлердің аулалары мен кіреберістері де қардан тазартылуда. Бұл жұмысты «Жасыл ел» ЖШС атқарады. Жауапты мекеменің 13 техникасы мен 110 жұмысшысы жұмылдырылған, – дейді Әл Фараби ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Мұхтар Тілеуіш. Тиісті жұмыстар Қаратау ауданында да атқарылуда. Аудан аумағындағы орталық көшелерде қар тазалау жұмыстарымен «Жаңа Арна 2002» ЖШС айналысады. Қар жауа бастағаннан аяқ жолдар мен аулаларды тазалауға 160 адам, жалпы 41 техника жұмылдырылған. Орталық көшелерде қар тазалау жұмыстары 10 бағыт бойынша атқарылуда. Техникалық ерекшеліктерге сәйкес, орталық 95 көше және әлеуметтік нысандар орналасқан 73 көше тазартылған.
Ал Еңбекші ауданы аумағында орталық көшелердегі қарды тазалауға «Жасыл-Жер» ЖШС жауапты. Жұмыстар 3 бағыт бойынша атқарылып, қар тазалауға 30 техника мен 220 адам жұмылдырылған. Қар жауғаннан бастап жолдарға инертті заттар 3 рет себілген.

66


– Аудандағы инертті материалдардың қоры жеткілікті. Күзгі мезгілде қоймаға 5 004 текше метр құм, 386 тонна тұз жинақталған. Бұған қоса аудандағы 330 аялдамаға инертті материал себіліп,
оларда да тазалық жұмыстары жүргізілді. Жалпы, барлық жұмыс аудан әкімдерінің бақылауына алынған, – дейді Еңбекші ауданы әкімдігінің бас маманы Лес Еркебұлан.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.