Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар Избранное

Среда, 21 Декабрь 2022 05:10 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1145 раз

Тәуелсіздік күніне орай Шымкентте «Үздік жастар – 2022» премиясының иегерлері марапатталды. Бұл сыйлық Шымкент қаласының дамуына үлес қосып жүрген түрлі саладағы жас мамандарды ынталандырып, олардың жеткен жетістіктерін замандастарына үлгі ету мақсатында беріліп, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

110

 

— Тәуелсіздік – еліміздің басты құндылығы. Бұл айтулы күн еліміздің тәуелсіздігін жақындатқан батырларымыздың рухына тағзым ететін күн. Баға жетпес байлығымызды қорғап, оның өркендеуіне үлесімізді қосып, аянбай еңбек ету – баршамыздың азаматтық борышымыз. Бүгінде әділ, ашық қоғам қалыптастырып, Жаңа Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасалып жатыр. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағы, сіздердің, ел жастарының қолында. Ел Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай биыл түрлі саладағы ең мықты, әрі өз ісінің маманы атанған 31 үздік анықталды. Замандастарының арасынан оза шығып, үздік атанған жастарды жеңісімен құттықтаймын, - деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.
Биыл байқауға 14-29 жас аралығындағы 176 үміткер құжат тапсырған. Үздік жас мұғалім, ғалым, дәрігер, ақын, хореограф, спортшы, суретші, журналист, редактор, құқық қорғаушы, кәсіпкер, волонтер сынды 31 аталым бойынша байқау комиссиясының іріктеуінен өткен үздіктерді Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов марапаттап, бағалы сыйлық табыс етті.
«Үздік жастар бағдарламасы» номинациясы бойынша «Отырар» телеарнасының «Жас толқын» бағдарламасы үздік деп танылып, бағдарлама жжүргізушісі 15 жасар Перизат Ермек марапатталды.
— Ең алғаш 7 жасымда «Отырар» телеарнасындағы «Ата-анасыз бір сағат» бағдарламасын жүргізіп бастадым. Өзіме журналистика саласы қатты ұнайды. Алғашқыда бағдарламаны жүргізіп қана қойсам, 2 жылдан бері жасыма байланысты «Жас толқын» бағдарламасына ауыстырды. Бүгінде бағдарламаның жоспарын құрып, мәтінін дайындап, арнайы сюжеттер түсіруге атсалып келемін. 15 жасымда осында белестерден көрінуіме себепші болған ата-анама және телекөрермендеріме алғысым шексіз, - дейді Перизат Мейіржанқызы.
Айта кетейік, салтанатты жиын Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті.