Бастамаларды қолдауға дайынбыз Избранное

Среда, 18 Январь 2023 03:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 761 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданындағы Қарабастау, Жұлдыз, Жалын тұрғын алаптарының халқымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Қала әкімі есепті кездесуге дейін тұрғындардың өзекті мәселелерін жүйелеу, талқылау бойынша жиындар өтетінін мәлімдеді.

703

 

— Шаhарда әрбір елді мекеннің инфрақұрылым мәселелерін шешу үшін жоспар түзіліп, осы бағытта жұмыс жүргізілуде. Сәуір айында басталатын есепті кездесуге дейін шағынаудандарды, тұрғын алаптарды аралап, жағдайды өз көзімізбен көріп шығамыз. Жалпы әрбір елді мекен өзінің маманданған бағыттары бойынша дамуы керек. Қазіргі таңда тұрғындарды жұмыспен қамту – басты назарда. Кәсіп ашуға ниеттенген азаматтарды қолдау жеткілікті. Кез келген бастамаларыңызды қолдауға дайынбыз, - деді қала әкімі.
Аудан әкімі Д.Есілбек аталған аумақтардағы инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстарының барысынан хабардар етті.
Қарабастау тұрғын алабы инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылған. Жұлдыз тұрғын алабына электр қуаты толық, ауыз су және табиғи газ 90,9 пайыз жеткізілді. Жалын елді мекені ауыз су, электр қуатымен толық, табиғи газбен 90 пайыз қамтамасыз етілген.

704


Кездесуде қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Ә.Жанбатыров елді мекендерде кластерлік бағытты дамыту, субсидиялық бағдарламалар, қайта өңдеу саласын дамыту мүмкіндіктерімен таныстырды. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков кәсіпкелерді қолдау шараларының барысын атап өтіп, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба, гранттық жобаларға қатысуға шақырды.
Жиында елді мекен тұрғындары инфрақұрылым, қоғамдық көлік, абаттандыру және әлеуметтік мәселелер бойынша толғандырған сауалдарын қойды. Шаhар басшысы барлық сауалдарға жеке-жеке жауап берді.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.