Версия для печати

ОРТАЛЫҚҚА ОН 5G СТАНЦИЯ ОРНАТЫЛАДЫ Избранное

Пятница, 20 Январь 2023 06:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1108 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Бұл туралы Шымкент қалалық цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Туғанбай мәлімдеді. Спикердің мәліметінше, басқарма 2023 жылы бірқатар
маңызды мақсат бойынша жоспарлы жұмыс атқармақ.

758

 

– Ең бастысы, қала аумағын мобильді интернет желісімен және сапалы байланыспен қамту үлесін – 95 пайызға, ал шалғай елді мекендерді сапалы интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында оптикалық желі тартып, қамту үлесін 85 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Оған қоса қаладағы қоғамдық орындарды 100 пайыз wi-fi желісімен қамту, қала тұрғындарының цифрлық сауаттылық деңгейін одан әрі арттыру, бейнебақылау камералардың санын көбейту, IT саласына 1,5 млрд теңге инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар басты мақсат болып отыр, – деді Мақсат Маратұлы.

Жауапты маманның айтуынша, 2022 жылы мобильді операторлармен бірге қаладан шалғай орналасқан 14 шағынауданға антенна-мачталық құрылғы мен базалық станция орнатылып, 71 мыңға жуық қала тұрғыны сапалы интернетпен қамтылған. Олар – Асар, Мартөбе, Бадам, Ақниет, Тұран, Азат, Ынтымақ-2, Игілік, Шапағат, Достық (мамандандырылған ХҚО), Ақжар, Достық, Ақтас және Ақжайық шағынаудандары.
Ал биыл интернет сапасы төмен 29 елді мекенге базалық станция орнату жоспарлануда. Олар – Береке, Забадам, Оңтүстік шағынаудандары, Қарабастау, Сайрам, Таскен, Тассай, Нұртас, Қатпас-1, Тұран, Тұран-2, Шымсити, Бозарық, Абдулабад, Тоғыс, Маятас, Самал-3, Сайрам елді мекендері, Құрсай (агроферма), Асар-2, Достық (саяжай аумағы), Ынтымақ-2, Нұршуақ, Қызылжар, Жаңаталап, Тәуелсіздікке – 20 жыл, Сәуле және Қайнарбұлақ (саяжай және жаңақұрылыс аумағы) тұрғын алаптары. Тиісті жұмыстар жыл соңына дейін атқарылып, 200 000-ға жуық қала тұрғыны жоғарғы жылдамдықты интернет желісіне қосылуға мүмкіндік алады.
Оған қоса қала орталығына 5G технологиясын қамтитын 10 базалық станция орнатылмақ. Қазіргі таңда орындар бекітілуде.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.