ДҮНИЕДЕ БАЛ ТӘТТІ, БАЛДАН БАЛА ТӘТТІ Избранное

Пятница, 20 Январь 2023 06:33 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 382 раз

Шымкенттік дәрігерлер төрт айлық сәбиге күрделі ота жасап, оның көкірегіндегі жарықты (грыжа) алып тастады.  Нәресте қалалық балалар клиникалық ауруханасына жедел жәрдем қызметімен жеткізілген. Аурухананың қабылдау бөліміне түскенде ата-анасы сәбидегі жөтелдің күшейіп, ентігу, жалпы әлсіздік бар екенін айтып, шағымданған.

756

 

Сәбидің кеуде қуысын рентген арқылы тексерген дәрігерлер оның оң жақ көкірегіндегі жарықты анықтаған. Алғашқы қойылған диагноз бойынша сәби анасымен бірге ауруханаға қабылданып, араға екі күн салып, сараптамалары толық дайын болған соң, ашық түрде күрделі операция жасалды.
– Ота барысында өкпе тұсына қарай өткен ішек бөлігі хирургиялық әдіспен іш қуысына түсіріліп, көкірек тұсындағы жарық тігілді. Операция 1,5 сағатқа созылды. Отадан кейін балақай бір күн жансақтау бөлімінде бақылауда болып, келесі күні палатаға ауыстырылды, – дейді дәрігер-хирург Қайрат Ізбасов.
Білікті хирург Қайрат
Ильясұлының айтуынша, сәбидің көкірек тұсындағы жарықтың көлемі 1,5 см болған. Жарық туа біткен және бала анасының құрсағында жатқанда пайда болған деген болжам бар. Яғни, дәрігерлер бұл өздігінен пайда бола бермейтін, сирек құбылыс екенін алға тартып отыр.
Бүгінде кішкентай науқастың жағдайы қалыпты. Анасымен бірге үйіне шығарылды. Дәрігерлер алдағы уақытта қосымша ота жасаудың қажеті жоқ екенін айтып отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.