«Kitapclub»-қа 2 жыл Избранное

Пятница, 10 Февраль 2023 04:08 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 559 раз

Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында шымкенттік кітапқұмар жастардың басын қосып, тұлғалық кемелденуіне басты себепкер болып жүрген «Kitapclub» оқырмандар клубы жұмыс істейді. Биыл оқырман клубына екі жыл толып, салтанатты түрде аталып өтті.

1000

 

Кеш барысында клуб жетекшілері «Kitapclub»-тың құрылған сәтінен бүгінге дейінгі өткен жолымен таныстырып, қызықтарымен бөлісті. Кітап оқумен ғана шектелмей тұлғалық дамудың сан түрлі жолдарын тынбай іздеу нәтижесінде ұйымдастырылған «Таңғы челлендж», «Кітап челендж», «Book&Travel» сынды жобалар да кеш қонақтарына таныстырылып, өткен жылдың нәтижесі мен жетістігі сарапталды.
Кітап оқу арқылы оқырман санасына сәуле жүгіртуді мақсат еткен «Kitapclub»-тың туған күн кешінде ең қадірменді қонақтар ретінде клуб мүшелерінің ата-аналары шақыртылды. Қала жастарын рухани кемелдендіру жолында перзенттерінің атқарып жатқан игілікті істеріне ерекше қуанған ата-аналар кеш барысында жүрек жарды лебіздерін білдіре отырып, үлкендерге арналған «Kitapclub»-тың құрылуын асыға күтетіндерін жеткізді. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «ALQA» әдеби бірлестігінің мүшелері де туған күн кешіне арнайы келіп, тұлғалық даму жолындағы достарына өз құттықтауларын білдірді. Өткен жылдың жетістіктерімен бірге алдағы жылдың жоспары қатар ұсынылған кеш барысында клуб мүшелерінің ата-аналарына гүл шоқтарын табыс етті.
Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде кітапқа құмар жастардың басын қосқан оқырман клубтары мен әдеби бірлестіктер көптеп ұйымдастырылуда. Қазірдің өзінде Шымкент қаласында «Kitapclub», «ALQA», «Aiqup», «Qadam» сынды оқырман клубтары тұрақты түрде жұмыс істеп келеді.

Тұрсынбай ЕШІМОВ,
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми- әмбебап кітапханасының қызметкері

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.