Версия для печати

«ҚОСҮЙЕҢКІНІҢ ҚЫРАН МІНЕЗ ЕРТАЙЫ» Избранное

Пятница, 17 Февраль 2023 04:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1131 раз
Оцените материал
(0 голосов)

ҚР «Ақпарат саласының үздігі», «Мәдениет қайраткері» төсбелгілерінің иегері, қазақ журналистикасында алар орны ерек журналист Ертай Бекқұловты қаламгер замандастары еске алды. Басқосу Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің Абай кітапханасында өтті.

18

 

Жиынға қаламгердің достары мен көзкөрген замандастары С.Нұрмағанбетов, С.Оразалыұлы, П.Есенбеков, Ш.Орынбай, А.Майлыбаева, И.Омар, Ә.Ағыбай, С.Жексенбаев, жары А.Смағұлова мен туыстары қатысып, журналистің қаламымен қалдырған ізіне зер салып, естеліктерімен бөлісті.
Е.Бекқұлов еңбек жолын Қостанайдағы «Коммунизм таңы» облыстық газетінен бастап, 1982-1990 жылдар аралығында «Лениншіл жас» газетінің солтүстік және оңтүстік облыстардағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. «Алматы ақшамы», «Халық кеңесі», «Ана тілі», «Үкімет жаршысы» газеттерінде және зейнет жасына дейін «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газеті редакторының бірінші орынбасары болып еңбек етті. Қаламын қару етіп, бұқараның жанайқайын, шындығын жеткізген журналистің есімі қалың оқырманға белгілі. Мамандығына адал кәсіби қаламгер Ертай Бижігітұлының ізбасар-шәкірттері бүгінде Оңтүстік өңірдегі түрлі басылымдарда еңбек етіп жүр. Кездесу барысында замандастары Е.Бекқұлұлының елде елеусіз қалған Қазыбек бидің шапанын республикалық басылымдарға жазып жүріп, мемлекеттік музейге тапсыруға атсалысқанын, өңірдегі түйткілді мәселелерді ашық, әрі сауатты жеткізу арқылы шешімін табуға септігін тигізгенін тілге тиек етті.
Кеш соңында жары Алма Смағұлованың жинақтауымен басылған «Қосүйеңкінің қыран мінез Ертайы...» кітабының тұсаукесері өтті. Еңбекте қаламгердің сұхбаттары, мақалалары мен замандастарының естеліктері енген.