ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ Избранное

Пятница, 03 Март 2023 04:22 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 724 раз

Әл-Фараби аудандық №2 халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа көшті. Қала тұрғындары енді мемлекеттік қызмет түрлерін Қаратау ауданындағы Кеңжарық көшесі, 7/7 үйдегі мекенжайдан алады.

86

 

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Балмейір Сансызбайұлының айтуынша, ХҚО-ға келетін азаматтар жүктемесінің көбеюіне байланысты жаңа ғимаратқа көшу қажеттілігі туындаған.
–Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша талдау жасап, азаматтардың ыңғайлылығы үшін ХҚО аумағын кеңейту қажет деген қорытындыға келдік. Бұл мемлекеттік қызметтерді барынша жедел көрсетуге және олардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Жаңа ХҚО-да 26 инспектор жұмыс істейді, ал дайын құжаттарды қабылдау және беру үшін 18 орын бар. Ғимаратта 50 көлікке арналған автотұрақ қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус және шақыру батырмасы жұмыс істейді,- деді Б.Сансызбайұлы.
Шымкентте барлығы 10 Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Жыл басынан бері №2 ХҚО-да 12 мыңнан астам мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.