«Наурыз» мерекесіне арналған іс-шаралар тізімі Избранное

Пятница, 03 Март 2023 04:41 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2098 раз

Әз-Наурыз мерекесі Шымкенттен бастау алады. Биыл наурызнама дәстүрі заманауи үлгіде жаңартылып, он күн түрлі атаумен мерекеленеді. Әр күн өзіндік сипаты, өзіндік ерекшеліктермен ұйымдастырылмақ. Ақ кимешек киетін 500 ана хоры орындап, түрлі жәрмеңкелер, қыз ұзату көші дәстүрімізді жаңғыртып, келушілердің көңілінен шығары хақ.

96

 

13 наурыз – «Қошқар ата сейілі» мерекелік іс-шара. Жаңа музыкалық Open Air қойылымы және 500 ақ кимешек киген аналар хоры. Өтетін орын: Қошқар ата өзенінің бастауында.

14 наурыз – «Көрісу күні». Этнофольклорлық концерт, ТІК-ТОК көрісу жастар челленджі. Өтетін орын: Этноауыл, Астана алаңы, Арбат, Кең баба саябағы, Ордабасы алаңы, Абай саябағы, Шәмші аллеясы, мәдениет білім қызметкерлерінің көрісуі.

15 наурыз – «Жайлау күні». Интерактивті іс-шаралар (гүлдер жәрмеңкесі, «Мерейлі отбасы» конкурсы) Өтетін орын: Арбат демалыс аймағы, этноауыл.

16 наурыз – «Шежіре күні». Театрландырылған шеру: қыз ұзату көші, шығыс ғұламалары, Домалақ ана, Абылайхан т.б.

17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні». Open Air Cinema тарихи фильмдер мен мультфильмдер көрсетіледі. Өтетін орын: Абай паркі, Мұз сарайы, Арбат, «Шымқала» кешені.

18 наурыз – «Игі істер күні» жалпы қалалық сенбілік.

19 наурыз – «Зияткерлік күні» интерактивті іс-шаралар (BOOKCROSSING кітаптар жәрмеңкесі мен көрмесі, қуыршақтар шеруі Өтетін орны: Пушкин атындағы кітапхана сквері, Абай паркі.

20 наурыз – «Шымырлық пен шеберлік күні» Шымкент қаласының 5 аудан аумағында Made in Shymkent азық-түлік жәрмеңкеcі, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтеді. Өтетін орын: 5 аудан аумағы, Арбат демалыс аймағында.

21-22 наурыз – ДӘМДӘС TOUR II фестивалі. Өтетін орын: Әл-Фараби алаңы.

22 наурыз – «Ұлыстың ұлы күні» BIG QAZAQ GAMES (ұлттық өнер, ұлттық киім, ұлттық тағам, ұлттық ойындар фестивалі) Өтетін орын: ипподром.

23 наурыз – «Жоралғы күні» (Әдет-ғұрып салт-дәстүр орталығының театрландырылған қойылымы). Өтетін орын: Этноауыл.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.