Сұлулық пен ізгілік мерекесі Избранное

Четверг, 09 Март 2023 04:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 915 раз

Қымбатты ханымдар!

Қадірлі ақ жаулықты әжелер, әпке-қарындастар және нәзікжанды арулар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Көктемнің шуақты күндері аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан басталады. Сұлулыққа, сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді. Ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін аяулы жандар қандай құрметке болсын лайық.

319

 

Шымкент қаласында саяси-қоғамдық өмірге белсене атсалысып жүрген әйелдер аз емес. Бүгінде қалада 25 мыңнан астам көп балалы ана бар. Оның ішінде 2 500-ге жуық ана «Алтын алқа» иегері атанса, 7 500-ден астам ана «Күміс алқа» белгісімен марапатталған. Демек, Сіздер өз сенімдеріңізбен, үміттеріңізбен және махаббаттарыңызбен еліміздің жарқын болашағының берік негізін қалап келесіздер. Қаламыздың демографиялық өсімін де жоғары деңгейге көтеріп, ел болашағы – жас ұрпаққа тәлімді тәрбие беріп отырсыздар. Осылайша Сіздер арқылы әрбір шаңырақ таусылмас шаттықтың мекеніне айналды.
Ұлттық тәлім-тәрбиені ілгерілету, ел бірлігін арттыру, қайырымды жандар шоғырын қалыптастыру, талапты жастарға қамқор болу сынды батыл бастамаларды іске асыруға қосып отырған өлшеусіз үлестеріңізге шынайы ризашылығымызды білдіремін.
Сіздер ұйытқы болған баянды бастамалар ұлт тағдырымен үндесіп, еліміздің жарқын болашағының іргесін бекемдеуге қызмет етеді деп анық айта аламыз. Ел тағдырына алаңдаушылық білдірген ақыл-парасаттарыңыз, ерік-жігерлеріңіз бен жасампаз істеріңіз барлық қиындықтарды еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізеді деген сенімдемін.

Қадірлі ханымдар!
Мерекеде Сіздерге деген шексіз құрметімді жеткізе отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Мұрат ӘЙТЕНОВ,
Шымкент қаласының әкімі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.