Версия для печати

БҰЛ САЙЛАУ ӨТКЕН САЙЛАУЛАРДАН ӨЗГЕШЕ Избранное

Пятница, 17 Март 2023 05:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 925 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Бұл сайлау – өткен сайлаулардан өзгеше.
19 наурызда өтетін саяси додада Мәжіліс пен мәслихаттар аралас жүйемен жасақталып, 69 депутат партиялық тізім бойынша, 29 депутат бірмандаттық сайлау округы бойынша сайланады. Сондай-ақ, мәслихат депутаттары облыс, ел астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларда жартылай партиялық, жартылай можаритарлық жүйе бойынша сайланады. Ал, аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді.

513

 

Демократиялық жүйенің көрсеткіші ретінде:
- сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген бағанның енгізілуі,
- саяси партияларды тіркеу рәсімінің жеңілдетіліп, партия мүшелерінің санына қатысты талап төрт есеге төмендеп, 20 мыңнан 5 мыңға дейін азаюы,
- депутаттық мандаттың 30 пайызын әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға бөлуі саяси бәсекені арттыра отырып, саяси құндылықтарымызды арттыра түседі.
Ерекше тоқталып кететін жайт, бұл сайлау науқанын ұйымдастыру және оны өткізу ісінде аумақтық сайлау комиссиялары маңызды рөл атқарады.
ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихатттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі аумақтық, округтік, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында 13-15 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлаудың ерекшеліктері: теория мен тәжірибе» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары А.Мамытбеков, Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі О.Сагумбекова, Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Адилбаев және кәсіби медиатор Г.Б.Қожахметова жүргізді. Басқосуда спикерлер алдағы кезектен тыс сайлауды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктеріне, сайлау құқығы, даму үрдістері мен перспективаларына тоқталды.
Сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды сайлауды байқау үшін аккредиттеу, сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша аумақтық сайлау комиссияларының жұмысының алгоритмі талқыланды. Тренерлер сайлау процесіне қатысушылармен тиімді байланыс орнатудың тәсілдеріне, сайлаушылармен жұмыс жасаудағы тиімді коммуникацияларға кеңінен тоқталып, көпшілік алдында сөз сөйлеу бойынша практикалық кейстер орындады.
200-ге жуық адам қатысқан семинар барысында сайлау рәсімдерін ұйымдастыру кезінде қазақстандық сайлау заңнамасының қағидаттары мен нормаларын қолдануға, сайлау процесін және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыруда практикалық дағдыларды меңгеруге, сайлауды әзiрлеуге және өткiзуге байланысты құжаттардың құрамы мен мақсатын түсiнуге басымдық берілді.
Өздеріңізге мәлім, бұл сайлауға 41 мемлекеттен халықаралық бақылаушы қатысады. Оларға сайлауға дайындық және оны өткізу барысын толыққанды бақылау үшін барлық жағдай жасалған. Аталған семинарға Грузия және Германия мемлекеттерінен келген бақылаушылар да қатысты.

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент каласы бойынша филиалы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.