Қызғалдақ көктем Избранное

Среда, 29 Март 2023 04:46 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1202 раз

Шымқаланың символына айналған қызғалдақтар қауызын ашып, қаланың көркін айшықтай түсті. Биыл шаһардағы айналма жолдар мен орталық көшелерге, саябақтар мен гүлзарларға сары, қызыл, көк, күлгін түсті қызғалдақтардың 1 миллион данасы отырғызылды.

918

 

Әр ауданда орташа есеппен голланд қызғалдақтарының 200 мың данасы отырғызылып, қалаға ерекше сән беріп тұр. Қызғалдақтар бір айға жуық уақыт бойы гүлдеп тұрады. Содан кейін жазға қарай олардың орнына басқа да жаздық гүлдер егіледі.

919


Жауапты мамандардың айтуынша, күзгі маусымда қала аумағына отырғызылатын гүлдердің санын 2 млн данаға жеткізу жоспарланған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.