МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІКТІҢ ИГІЛІГІ Избранное

Пятница, 26 Май 2023 04:42 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 347 раз

Қаратау ауданында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. 2021 жылы 31 көше жарықтандырылған болатын. Өткен жылы ауданда 27 көшені жарықтандыру жұмыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында атқарылды. Ал биыл ауданда 30 көшені жарықтандыру жоспарда.

101

 

Атап айтқанда, 2023 жылы Мирас, Нұрсат-3 (№14, 7А, 13А көшелері), Нұртас (Атымтаев, Саяхат, Ақсұңқар, Болашақ көшелері), Тұран, Қайтпас (Медеу, Дайрабеков, Ақбаев, Ақберен көшелері), Таскен, Тассай шағынауданы, Сайрам тұрғын алабының көшелері жарықтандырылады.
Ал Әл-Фараби ауданындағы 390 көшенің 110-ы жарықпен қамтылған. Биыл 14 көшені жарықтандыру Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жоспарына енгізілді. Олардың қатарында, Күншығыс шағын ауданының ішкі орамдық көшелері, №25, 28 мектеп аумағы, Абдразақов, Ж.Тыныбаев көшесі, қалалық жүйке аурулар орталығы, Бөгет көшелері бар. Қазіргі таңда, 4 көшені жарықтандыру бойынша жұмыстар басталды.
Абай ауданында 2020 жылға дейін 71 көше жарықтандырылған болатын. Ол аудан көшелерінің тек 6 пайызын құраған. 2021 жылдан бастап мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік маңызы бар көшелер жарықтандырыла бастады. Нәтижесінде 2021 жылы 40 көше, 2022 жылы 28 көшеге жарық шамдар орнатылды. Сонымен қатар, 20 көшеде тұрғындар өз есебін жарық шамдар орнатып, күтіп-ұстау жұмыстарын энергетика және инфрақұрылым дамыту басқармасы теңгеріміне өткізді. Нәтижесінде, бүгінгі таңда, 160 көшеде жарық шамдар орнатылып, қамту көрсеткіші 14 пайызға өсті.
Биыл, 50 көшеде жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін тиісті құжаттар жинақталуда. 2024 жылы құрылыс жұмыстары аяқталған соң, 17 пайыз көшелер жарықтандырылатын болады.

Г.БАЛАБАСОВА

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Нұрбол ОРЫМБАЕВ. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.