СПОРТ КЕШЕНІ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Пятница, 02 Июнь 2023 04:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 638 раз

М.Әуезов атындағы ОҚУ «Денсаулық» спорт кешенінің жүзу бассейні күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Жаңа бассейнде суға жүзуден жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды.

214

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов балаларды мерекемен құттықтап, шаһарда бұқаралық спортты дамытуға барлық жағдай жасалатынын айтты.
– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, шаһарда бұқаралық спортқа қолайлы жағдай жасалып келеді. Бүгінде қалада 1000-нан аса спортшы кәсіби түрде жүзу спортымен шұғылданады. Заманауи талапқа сай жабдықталған жүзу бассейні қалада бұқаралық спорттың дамуына ықпал етіп, жастарды осы спортқа ынталандыруға өз септігін тигізбек. Жалпы, спорт инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары одан әрі жалғасын табады, – деді қала әкімі.
2011 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық сайысқа 13 өңірден, жалпы 368 спортшы қатысып жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр
Нарымбетов, М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Дария Қожамжарова жарысты көпшілікпен бірге тамашалады.
1970 жылы салынған «Денсаулық» спорт кешенінің жаңартылған жүзу бассейні 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай тұрғындар игілігіне беріліп отыр. Қала тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына, спортшылардың шеберліктерін шыңдайтын нысан толығымен жаңартудан өтті.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.