Фронт-офис – қызмет көрсетудің жаңа түрі Избранное

Пятница, 21 Октябрь 2016 06:10 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 6012 раз

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Тұңғыш рет Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан жаңа мемлекеттік қызмет көрсету орталығы – «Фронт-офис» ашылды.

Қаладағы Т.Рысқұлов көшесі №8А мекен-жайында орналасқан бұл офис бүгінде ТМД-дағы теңдесі жоқ жоба болып отыр. Мұнда қалалық әкімдік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрін бір жерден «Бір терезе» жүйесі арқылы ұсынады. 

Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен бірегей «Фронт-офис» жобасының лентасы қиылды. 

Сала жауаптыларының айтуынша мемлекеттік қызмет көрсетудің бұл түрі бизнес жүйесінің өкілдеріне сенім береді дейді. 

«Фронт-офис» жүйесі өтініш иесінің құжаттарын қабылдау кезінде арнайы бақылау коды арқылы беріліп, тіркеуге алынған құжат штрих код арқылы әкімдіктің тиісті бөліміне жөнелтіледі. Өтініш қысқа мерзімде қаралған соң, жауабы «Фронт-офиске» бағытталып, тұрғындарға беріледі немесе өтініш иесінің электронды мекен-жайына жіберіледі. Сондай-ақ өтініш иелері бақылау коды арқылы өтініштің қаралу барысы жөнінде мәлімет алуға мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар қала тұрғындары бұл жобаға shymkent.gov.kz/frontoffice сайты арқылы кіруге немесе байланыс орталығының 545-545 телефонына қоңырау шалу арқылы ақпарат алуға болады. Бұл – ыңғайлы, жылдам әрі заман талабына сай қызмет түрі болып саналады.

Айта кетерлігі, бұл кеңседе 25-26 маман еңбек етіп, 100-ге жуық мемлекеттік қызмет түрін көрсететін болады деп жоспарланып отыр. Барлық өтініш, сұрақтарға ҚР Заңнамасында белгіленген мерзімде жауап берілетін болады.

Последнее изменение Пятница, 21 Октябрь 2016 06:17
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.