×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Жылына 5 мың дана жиһаз шығарады Избранное

Пятница, 13 Январь 2017 08:25 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4343 раз

Шымкентте тағы бір жаңа кәсіпорын іске қосылды. «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «Мега Смарт» ЖШС-і МДФ жылтыр плитасын дайындап, кеңселерге қажетті жиһаз шығарады. Кәсіпорын Оңтүстік Кореяның технологиясымен жабдықталған. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев елдегі үздік жобалардың бірі саналатын кәсіпорынның ашылу салтанатына қатысып, зауыттың жұмыс барысымен танысты.

15965783 1177362212380116 6842358327180322590 n

Өткен жылы «Оңтүстік» индустриалды аймақ дирекциясының бас директоры Мұхтар Тұрабеков көлемі 262 га «Тассай» және «Бадам» аймақтарының құрылысы аяқталуға таяғанын мәлімдеген еді. ОҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Тассай» индустриалды аймағында фармацевтикалық зауыттың құрылысы мен светадиодтты шамдар, ортопедиалық бұйымдар, жиһаз өндірісіне арналған МДФ панельдері зауыттары іске қосылатынынан хабардар еткен.

15941474 1177362359046768 4148059965543324697 n

Міне, жыл басталысымен жаңа кәсіпорын іске қосылып отыр. Бүгінде аумағы 89 га құрайтын «Тассай» индустриалды аймағында 24 инвестициялық жоба қолға алынып жатыр. Соның бірі – 3D форматындағы 72 мың МДФ панелдерін және 5000 дана жиһаз шығаруға қауқарлы «Мега Смарт» жобасы.

15977257 1177362222380115 5858201763006082230 n– Облыста құрылған барлық индустриалды аймақтарда әртараптандыру мен кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан тиісті жағдайлар жасалды. Бүгін ашылып отырған жоба бойынша облысқа 545 млн. теңге инвестиция тартылып, 69 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, – деді Жансейіт Қансейітұлы кәсіпорынның ашылу рәсімінде. 

Мұнда кеңселерге және білім беру мекемелеріне қажетті жиһаздар жасайды. Шикізаттың 94 пайызы жергілікті өнім. Кәсіпорын басшылары келешекте жылтыр тақталарды Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдеріне экспорттауға келісімшарттар жасауда. Қазіргі таңда Алматы, Қызылорда, Қостанай және Павлодар қалаларында кәсіпорынның арнайы өкілдіктері жұмыс істейді. 

Айта кетсек, бүгінде «Тассай» индустриалды аймағында «Шымқай«, «Платан» ЖШС-і де жиһаз дайындау жобасын қолға алмақ.

Последнее изменение Пятница, 13 Январь 2017 10:19