«Еңлікгүл» – ерекше орталық Избранное

Понедельник, 27 Март 2017 04:28 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 9676 раз

Шымкентте «Еңлікгүл» орталығы бой көтереді. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен Шымкент қаласының сәулеттік келбеті бойынша өткен мәжілісте айтылды.

design

Басқосуда аймақ басшысы республиканың басқа қалаларында, әсіресе, Астана және Алматы қалаларында іске асырылып жатқан заманауи сәулеттік жобалардың авторларын өңірге шақырып, тәжірибе алмасу жұмыстарын жолға қою қажеттігін ескертті. 

Осы тұрғыда Алматыдан арнайы шақырылған «Эффект» ЖШС-нің директоры Жандос Нұрбековтың 3D форматындағы екі жобасының бейнеролигі таныстырылды. Оларды талқылау барысында «эдельвейс» немесе «еңлікгүл» гүліне ұқсас етіп жасалған ойын-сауық орталығының (аумағы 4-6 га жерді қамтиды) жобасын Шымкент қаласында, атап айтқанда, бүгінгі таңда игеріліп жатқан «Тұран» шағынауданына салу ұсынылды. Ал тарихи-этнографиялық туристік нысан ретінде таза қазақ ауылын елестететуді мақсат тұтып, көрсетілген екінші жобаны Түркістан қаласына салудың мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

Айта кететін жағдай, еңлікгүл үлгісіндегі мұндай нысан ТМД елдерінде жоқ. Ал Түркістанда салынуы тиіс жобаның ерекшелігі – оның бағзы заманның шынайы көрінісін қалыптастыруында. Яғни, болашақта рухани астанада аталған жоба бой көтеруі мүмкін.

ОҚО әкімінің
баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.