Субұрқақтар іске қосылады

Пятница, 28 Апрель 2017 12:55 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 7845 раз

Жаз жақындаған сайын қала тұрғындары субұрқақтардың іске қосылуын асыға күтеді. Биыл субұрқақтар маусымының ашылуы 1 мамыр мерекесіне орай жоспарлануда.

Мамыражай мамыр айы келісімен Шымқала су бұрқақтармен әрленеді. Қалаға көрік, адамдарға эстетикалық көңіл күй сыйлайды. Алдағы уақытта фонтандарды тамашалаушы қала тұрғындарының саны артпақ. Қаладағы субұрқақтар таңертең сағат 8 -ден қосылып, кешкі 10.30-да тоқтайды.

Бүгінде Шымқалада 21 фонтан болса, оның үшеуі әуенді. Атап айтқанда, «Тәуелсіздік» саябағында, Әл-Фараби алаңы мен әкімшілік-іскерлік орталығындағы гүлзарда орналасқан. Олар түрлі түске боялып, әуенге елітіп билейді.

 

Құттыбике  НҰРҒАБЫЛ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Бұған дейін республикалық «Керемет» журналының  тілшісі болып еңбек еткен. 2014 жылдан бастап қалалық «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі.