Биыл «Shymkent BUS» компаниясы 100 жаңа автобуспен толығады деп жоспарлануда. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қала тұрғындары үшін маршруттар қолайлы болу үшін бірқатар шараларды атқаруда.
Миллионға таяу халқы бар Шымкентте көліктер қатары артқан сайын, жол тақырыбы өзекті мәселенің бірі. Бөлім басшысының орынбасары Жарқын Байдуллаевтың айтуынша, автобус тапшылығын болдырмау үшін жаңа автобустар қоғамдық көліктер қатарына қосылады. Яғни 10 әлеуметтік маңызы бар маршруттар енгізіліп, бекітілді. Жаңа қоғамдық көліктер бағыты қала іші мен шалғай шағынаудандарды қамтиды.