Зообақта Африка аймағы ашылмақ Избранное

Среда, 21 Июнь 2017 08:45 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3116 раз

Жақында шаһар басшысы Ғ. Әбдірахымов зообақтағы қайта құру жұмыстарымен танысып қайтты.

Қала әкімі зообақ жетекшісі Нұрғазы Бұхарбаевқа хайуанаттар бағын жаңа аңдармен толықтыру туралы ұсынысын айтты. Сондай-ақ, арыстан мен жолбарыстарға қажетті жағдайды жасау жобасына қолдау білдіретінін жеткізді.

– Сусиырды біз кәріз жүйесі қосылған соң ғана вольерге жібереміз. Шаһар басшысы сол кезде ірі жыртқыштарға бөлек жай дайындау керегін де айтқан болатын. Қазір біз зообақты жаңа аңдармен толықтыру жұмыстарымен айналысып жатырмыз – дейді зообақ басшысы.

Шымкент зообағында таяу күндері Африка аймағы толық ашылады деп күтілуде. Енді мұндағы ірі жыртқыш аңдар жаңа әрі қолайлы жайларға жайғасады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.