Ескі құбырлар жаңартылуда Избранное

Среда, 21 Июнь 2017 09:10 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2777 раз

Қазіргі таңда қаладағы оңтүстік аймақта 22 шақырым, ал солтүстік аймақта 42 шақырым магистарльды құбыр жөнделуде. Байтұрсынов көшесіндегі магистральды құбырдан бөлек, Рысқұлов көшесінің бойында ұзындығы 5,2 шақырым құбыр жаңартылуда.

qubyr-48

Бұл учаскедегі ескірген, диаметрі үлкен құбырлар дәл сондай, бірақ, тот баспайтындай етіп қапталған құбырларға алмастырылуда. Сапалы құбырлар су кеткен немесе тесілген жағдайда хабар беретін құрылғылармен жабдықталған.

Тұрғын үйлер бойынша қазіргі таңда қалада халыққа қысқы жылу маусымына дайындық бойынша қызмет көрсететін 13 сервистік компания құрылған. Бүгінге дейін бұл компаниялармен 909 үй немесе барлық үйдің 50%-на жуығы келісім-шарт жасап үлгерді. Қазірдің өзінде облыс орталығындағы көпқабатты 24 үй жылу қабылдауға дайын.

Айта кету керек, келісім-шарт жасамаған үйлердің тұрғындарына үйлерін қысқы жылыту маусымына өздері дайындауы немесе баспаналарын сеніп тапсыратын компанияны таңдауы тиіс. Ол үшін аудан әкімдігіне бару жеткілікті. Ондағы мамандар барлық компаниялар туралы толық түсіндіріп береді. Ал тұрғындар солардың бірін таңдаса болғаны. Бұл тұста компания қызметінің ақысын үйлерін қысқа өздері дайындаған кездегідей бірден емес, түбіртек бойынша төлейді.

Жалпы Шымкентте бюджеттік 352 нысан бар. Соның ішінде білім беру саласында – 223, денсаулық сақтау саласында – 78, мәдениет саласында – 42 нысан, сондай-ақ 6 спорт нысаны бар. Бұл мекемелерді де қысқы маусымға дайындау ісі қолға алынған. Әзірге 31 нысан дайын. 

Шымкентті жылыту маусымына дайындау 1 қазанға қарай аяқталмақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.