Версия для печати

«Шымкент-Дордой» базары ашылды Избранное

Пятница, 23 Июнь 2017 05:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 6935 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласындағы ірі сауда орталығының бірі – «Бекжан» базары енді «Шымкент-Дордой» атауын иеленбек.

 

Бішкектегі әлемнің ең ірі базарларының бірінен аталатын «Дордой» сауда орталығының басшылығы «Бекжан» базарын 10 жылға жалға алып отыр. Ол үшін қырғыз-қазақ бірлескен серіктестігі 3 миллион АҚШ доллар көлемінде инвестиция құймақ.

– Келісім-шарт аясында аталмыш базар ғимараты әзірге серіктестікке 10 жылға жалға берілуде, – дейді қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Әсет Әбдіраханов. – Тиісті уақыт өткеннен кейін базар аталмыш серіктестіктің толыққанды иелігінде қалатын болады.

Айта кетейік, «Бекжан» базары қаладағы соңғы үлгіде жабдықталған жабық 2 кешеннің бірі болатын. Алдағы уақытта сауда ғимаратында атракциондар, ойын-сауық кешендері пайдалануға берілмек. Базардың жаңа иелері жергілікті кәсіпкерлер үшін тиімді шарт та ұсынуда. Яғни, базар дүңгіршектерін жалға алушылар үшін алдағы бір жыл бойы салық салынбайды және дүңгіршектерді жалға алу құны да біршама төмендетілмек.