Мысырдың айбатты арыстандары – Шымкент циркінде

Четверг, 20 Июль 2017 11:22 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 4471 раз

Шымкент қаласына Мысырдың айбатты арыстандары келді. Мысырлық аң үйретуші Хамада Кута «Оңтүстік Цирк» алаңында алғаш рет өнер көрсетуде. Даусы күннің күркіреуінен кем түспейтін, үлкен-үлкен 7 арыстанды бір мезетте алаңға шығарып, жалғыз өзі жыртқыш аңдарды басшылыққа алған Хамаданың өнері көрермендерді тәнті етті.

mysyr-arystandary-56

Ол арыстанға бұйрық бергенде аң патшасы ақырса, көрермен демін ішіне тартып отырады. Әйткенмен, айбатты арыстандар талантты жаттықтырушының тапсырмасын орындағанда «қайтер екен?» деген қорқыныш бұлты сейілгендей болады.

4553
Көрермендер әсерлі қойылымнан жыртқыш аңдардан бөлек цирк әртістері мен акробаттардың өнерін де тамашалады. Айналдырған бір сағатта бойды қорқыныш, үрей, қуаныш, шаттық сынды түрлі сезім билейді. Әдеттегідей манежде ғана емес, көрермендердің жанына келіп, езуіне күлкі үйіретін сайқымазақ балалардың ең сүйікті кейіпкеріне айналды.

«10 айбарлы арыстан және Египет ханзадасы» Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін «Оңтүстік Циркте» 27 тамызға дейін өнер көрсетеді.

Последнее изменение Четверг, 20 Июль 2017 12:02
Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.