×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 26

Қысқа дайындық жұмыстары пысықталуда Избранное

Среда, 26 Июль 2017 04:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3898 раз

Шымкент қаласындағы 1811 көпқабатты тұрғын үйдің 1052-сі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Алдағы жылу маусымында аталмыш үйлерге 13 сервистік мекеме қызмет көрсетпек. Бұл ретте, қаланың қысқы жылу маусымына дайындығы жуырда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен мәжіліс жиынында күн тәртібінде қаралған болатын.

DSC 7200

Айта кетейік, жеке автономды қазандығы бар пәтерлерді орталықтандырылған жүйеге қосу, сығымдау жұмыстарын жүйелі әрі дер мерзімінде аяқтау қала әкімінің ұдайы назарында тұрған мәселе. Қазіргі таңда, 759 тұрғын үйде қысқы дайындық жұмыстары пәтер иелерінің өз күштерімен жүргізілуде.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсыновтың айтуынша, биыл қаланың бюджеттік нысандары қыркүйек айында толығымен жылу қабылдауға әзір болмақ. Қала аумағында бүгінде 352 бюджеттік нысан, оның ішінде, 223 білім, 78 денсаулық сақтау, 6 спорт, 42 мәдениет және 3 әлеуметтік нысан бар. Қазір ондағы ғимараттардың 33 пайызында сығымдау жұмыстары толығымен аяқталды. Жылуды автономды қазандықтар арқылы алатын 172 бюджеттік мекеме үшін 5058 тонна көмір, 353 мың литр сұйық отынның қажеттігі анықталған. Қазіргі таңда бұл қажеттіліктің 53 пайызы тиісті орындарға жеткізілген.

DSC 7221

– Айта кету керек, бекітілген жұмыстар арнайы кесте аясында жүргізілуде, – дейді Нұрлан Қарабалаұлы. – Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Байтұрсынов көшесі бойындағы 5,2 шақырымдық магистралдық жылу құбыры ауыстырылуда. Сондай-ақ, «3-Энергоорталық» АҚ-ның балансындағы қаланың солтүстік бөлігіндегі жылу құбырлары коммуналдық меншікке қабылданды. Ондағы жүйелердің 80 пайызында тозығы жеткені ескеріліп, бірқатар қайта құру жұмыстары қолға алынды. Яғни, биыл жалпы ұзындығы 40 шақырымдық ішкі орамдық жылу жүйелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму Тұжырымдамасында» көрсетілгендей, қала халқы бұл бағыттағы ауқымды жұмыстардың игілігін енді бірер жылда толығымен сезінуі тиіс. Қазіргі таңда, жылу жүйелерін қайта құру бойынша нақты іс-шаралар жоспары түзілген. Сондай-ақ, мамандар бүгінде табиғи газбен қамтылған қала халқының үлесі 92 пайызға ұлғайғанын айтады. Биыл «Бозарық-1, 2, 3», «Ынтымақ-2», «Жаңа Тұрлан» және «Тұран» шағынаудандарындағы 4194 тұрғын үйге табиғи газ жүйесі жеткізілмек.